Главная страница

V Н_с_а 30 билет. -н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын


Скачать 0.63 Mb.
Название-н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын
Дата13.05.2019
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаV Н_с_а 30 билет.doc
ТипДокументы
#62958
страница1 из 8
Каталог
  1   2   3   4   5   6   7   8

Ү-нұсқа

1 билет

1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.

2)ХІҮ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

Жауабы:

1)Ж. Баласағұни-ғұлама ақын.

1) Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы, ақын Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Ол өзінің атақты «Құт негізі-білік» атты еңбегімен белгілі. Бұл алғаш рет түрік тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұнидің бұл еңбегінде ғылымның философия, астрономия, алгебра, тағы басқа салаларға тоқталуы оның жан-жақты білікті адам болғандығын көрсетеді. «Құтадғу білік» -ХІ ғасырдаға дейінгі түрік тілді халықтардың ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Бұл еңбекті Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның бұл сыйлығы үшін оған Ұлы хас-хажип деген лауазым берген. Бұл еңбегі бүгінгі таңда да түркі тілдес халықтарға ортақ. Олар өздерінің тілін, әдебиетін, тарихын, тағы басқа ғылым салаларын зерттеуде осы еңбекке жүгінеді.

2)ХІҮ ғасырдағы Қазақстанның экономикалық жағдайы. Қазақстанның кең байтақ жерінде шаруашылықтың үш түрі болды. Оңтүстік Қазақстанда тырықшы жер шаруашылығы, ал Оңтүстік шығыста жартылай отырықшы мал шаруашылығы, ал Батыс және Солтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Мал өсірудің үшінші түрі көшпелі мал шаруашылығы. Бұл Шығыс дешті қыпшақтың және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп қону бағытына байланысты болды. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік –шығыс өңірінде ежелгі сақ, үйсін тайпаларының кезінен бері қарай белгілі. Моңғо шапқыншылығы кезінде бұзылған шаруашылық ХІІІ ғасырдың ІІ жартысында жандана бастаған. Жазба деректерге қарағанда, Сығанақ қаласының төңірегінде Төменарық, Бозғыларық деген каналдардың болғандығы қаланың аймағында суармалы егін шаруашылығының дамығандығының дәлелі. Йасы маңында бидай, арпа, бау-бақша өсірілгендігі айтылған. Егін шаруашылығы Жетісу аймағында да дамыған. Әсіресе Тараз маңында қалалық өмір сақталып., суармалы егін орталығы болған. Талхир қаласындағы егіншілік орталығы да Талғар өзенінің суымен суарылған. Археологиялық зерттеу жұмыстары кезінде Отырар, Түркістан, Қаратаудың солтүстігінде –Күлтөбе, Раң қалаларында қыш ыдыс жасайтын шеберханалар аршылған. ХІІІ ғас. ІІ жартысынан бастап Сырдария бойындағы қалаларда кірпіш күйдіру кәсібі өркендей бастаған. Отырар қаласының оңтүстік-батыс жағынан екі жерден кірпіш күйдіретін шеберхананың орны табылған.

3)Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ кеңес әдебиеті мен өнерінің дамуына үлес қосқан тұлғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

1 Ж. Жабаев, Ә.Тәжібаев, Қ. Аманжолов, Ж. Молдағалиев.

2.М. Төлебаев, А. Жұбанов, Х. Хамидади, Е. Брусиловский.

3. Ш. Айманов, С. Қожамқұлов, Е.Өмірзақов, К. Қармысов.
2 билет

1)ХҮ ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы

2)Нұралы мен Абылай хандардың ел басқару саясатын салыстыр.

3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.

Жауаптары:

ХҮ ғасырдығы Қазақстан экономикасының жағдайы.Қазақстанның кең байтақ жерінде шаруашылықтың үш түрі болды. Оңтүстік Қазақстанда тырықшы жер шаруашылығы, ал Оңтүстік шығыста жартылай отырықшы мал шаруашылығы, ал Батыс және Солтүстік Қазақстан аймағында жартылай көшпелі мал шаруашылығы дамыды. Мал өсірудің үшінші түрі көшпелі мал шаруашылығы. Бұл Шығыс дешті қыпшақтың және Батыс Қазақстан тұрғындарының көшіп қону бағытына байланысты болды. ХҮ ғасырда Оңтүстік Қазақстандағы орта ғасырлық қалалар қазақ хандығының қол астына қарай бастады. Сығаганақ қаласы ХҮ ғасырда қазақ хандығының астанас болған. Қала қазақтар үшін сауда орталығы болумен қатар, оның аймағында отырықшылықпен егін егумен айналысқан жер болды. Жазба деректерде «қаланың базарына күніне түйе әкелініп , кешке дейін бір түйе қалмай сатылып кетеді» деуі осыған дәлел. Отырар қаласының аймағындағы Арыс өзенінен тартылған Саңғыларық, Сырдариядан Төменарық, Шу өзенінен Қалмақарық сияқты көптеген арық тоғандардың іздері халқымыздың егін шаруашылығымен айналысқанын көрсетеді. Қазақ халқында үй ішілік, ұсталық, зергерлік, өрімшілік, тері илеу, тігіншілік, етікшілік т.б. қолөнер кәсіптері дамығын.

Нұралы мен Абылай хандардың ел басқару саясатын салыстыр.



Абылай ханның басты мақсаттарынң бірі жоңғар шапқыншылығы кезінде уақытша басып алған жерлерді қайтару болды. 1753 жылы ірі қолды бастап Жоңғарияға шабуыл жасап талқандады. 1757-1760 жылдары Абылай қытай билігін мойындады, ондағы мақсаты қазақ мемлекеттігінң дербестігін сақтау. Өйткені зеңбіректермен қаруланған Маньчур-Цинь күшіне қарсы тұру қиындығын білген ол дипломатиялық жолмен шешу қажеттігін түсінді. Абылай хан Ресеймен де қарым-қатынаста бейбіт жағдайда болу қажеттігін ескеріп, 1740 жылы ресми түрде бодандықты мойындаған, ал іс жүзінде тәуелсіздікті сақтаған. 1755,01765 жылдары Қырғыз ұлыстарына қарсы жорықтар жасап Іленің сол жағын, Шу бойын тазартты. Абылай хан хан билігін шектеусіз етіп, билер қызметіне шек қойған.

3)Оғыздардың саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.

1) Оғыздар Еуразияның саяси және әскери тарихында маңызды рөл атқарды. Олар Қарлұқ, Қимақ тайпаларымен бірлесе отырып, Еділ мен Жайық өзендерінің аралығындағы печенегтерді жеңіп, өздеріне қаратады. Еділ бойындағы бойындағы печенегтермен болған соғыс туралы «Оғызнамада»: «Итиль өзені деген бір өзен бар еді. ...Итиль өзенінің суы қып-қызыл болды» деген жолдар кіргізеді. Бұл хабар печенегтердің ойсырай жеңілгендерін көрсетеді.

2) 965 жылы оғыз жабғуы Киев кінәзі Святославпен Хазарларға қарсы әскери одақ құрады. Нәтижесінде Хазар қағанаты талқандалды. Бұл туралы «Оғызнамада» біршама суреттеме берілген.

3) Орыс жылнамаларында 985 жылы кінәз Владимирдің торктармен одақтаса отырып, бұлғарға жорық жасағаны туралы айтылды.

4)Оғыз билеушілерінің сыртқы саясатында алдарына қойған басты екі мақсат байқалады. Біріншіден, Қара теңіз, Дон өзенінің бойындағы жақсы жайылымды қолға қарату. Ал оған Хазар қағанаты бөгет жасады. Екіншіден, оғыздарды Маңғыстау мен Үстірт, еділ бойынан өтіп, Еуропаны Азиямен байланыстыратын аса маңызды сауда жолдары қызықтырды. Орыс қалаларымен сауда жасауды да ойластырды. Хазарияның талқандалуы орыс көпестерінің Шығыс елдеріне шығуына жол ашты.

ІІІ билет

1)Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері.



3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.

Жауаптары:

1) Көшпелілердің «аң стиліндегі» өнері. Сақтар мен сарматтардың өнерінде «аң стилі» деген өзіндік бейнелеу өнерінің түрі болған. Бұл стиль б.з.б. ҮІІ ҮІ ғасырда шыққан. «аң стилінде» жасалған бұйымдар Орта Азия, Қазақстан, Сібір, Оңтүстік Шығыс Еуропа аумағында табылған. «аң стилі» екі жағдаймен сипатталады:1 )аңдар мен жануарлар, 2) аңдардың қимыл қозғалыста бейнеленуі. «Аң стилі» бірте бірте дәстүрге айналды. «Аң стилі» бейнелерімен құрал- жабдық, қару- жарақтар, киім мен ат әбзелдері әшекейленді.

3)Қимақтардың саяси жағдайы туралы кесені толтырыңыз.

1) Қимақтар ІХ ғасырда «тоғыз ғұздар» жерінің бір бөлігін қаратқаны туралы айтылады, ал Х ғасыр басында тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы- Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алғаны айтылады.

2) Қимақтар Енисей бойындағы қырғыздарға шабуыл жасап тұрған

3) Сыр бойындағы оғыздармен , тату тұрса, енді бірде олардың жеріне басып кіріп, соғыс жағдайында болған.

4) Х ғасырда Қимақ жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасап, Ертіс өзеніне дейін жеткен. ХІ ғасырда жиілей түсіп мемлекет әлсіреген.
ІҮ билет

1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі

2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта

3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз
Жауаптары:

1)Өтеміс қажының «Шыңғыснама» еңбегі. ХҮІ ғасырдың орта шенінде жазылған шығарма. Бұл еңбекте Қыпшақ даласын билеген Жош хан әулиетінің тарихы баяндалады. Алғашқы тараулары ел аузынан таралған аңыз әңгімелерден құралған. Сонымен қатар бұл шығармада көптеген тарихи мәліметтер нақтылы деректер бойынша жазылған. Еңбекте кездесетін аса құнды хабар осы уақытқа дейін өлімі аңыз болып келген Жошы хан туралы дерек. Онда Жошы әкесі шыңғыстың босқа қырғын жасап отырғанына қарсы болған. Өзіне қыпшақ жерінің ұнағандығын, әкесін бір аңға шыққанда өлтіріп, жаулаушылықты тоқтату туралы ойын айтады. Жошы ханның бұл сөзін Шағатай әкесіне жеткізеді. Қаһарына мінген Шыңғысхан Шағатай мен Үгедейді Жошыны жазалауға аттандырған. Алайда олар Жошыға жетпей, оның қаза болғандығы туралы хабарды естиді. Шамасы, әкесі алдын ала Жошыны жазалайтынын өзінің сенімді адамдарын жіберген тәрізді.

«Шыңғыснамада» Дешті қыпшақ халқының мал өсіруге байланысты мерзімді көшіқон мәселесіне ерекше назар аударылған. Онда қыстау, жайлауға көшу,малдың басын көбейтуге, қоңын көтеруге пайдалы екенін жазған.

2)Алтын Орданың мемлекеттік құрылымы ерекшеліктерін сипатта. Шыңғысхан ұрпақтары ұлыстарының басқару жүйесі бір біріне ұқсас. Хандық үкімет хан ұрпақтарының иелігі болып табылады. Егер хан өлсе, не інісі, не ханның баласы хан орыны таққа отыратын. Мемлекет басшысы Ұлы хан. Ұлыстың аумақтық бөліктерін билеушілер әмірлерге, мыңдықтар нояндарға, нояндар беклербекке бағынған. Шыңғысханның «Ұлы Жасақ» заңы негізінде әскери істі беклербегі, азаматтық істі уәзірлер, салық жинауды даруғалар атқарады. Азаматтық басұару билігі түрік әулетінен шыққан «мәлік» деп аталатын жергілікті әкімдер арқылы жүзеге асқан. Алтын Орда мемлекетінің басқару жүйесінде басқақтар маңызды рын алды. Олар басқару қызметімен қатар, жергілікті халыққа әскери бақылау жүргізеді, кейбір жерлерде салық жинаумен де айналысады.

3)Қимақ мемлекетінің құрылуының себептерін анықтап, кестені толтырыңыз

1) Х ғасырдың екінші жартысында қимақтардың жеріне Қарахан мемлекеті шабуыл жасац бастады. Мұндай жорықтар ХІ ғасырда жиілей түскен. Осы жорықтардың әсерінен Қимақ қағанаты әлсіреп, ыдырай бастаған. Ішкі қайшылық атақты қыпшақ тайпасы көсемдерінің билік үшін таласуы

2)Сыртқы қайшылық шығыстан батысқа қарай қоныс аудара бастаған түркі тілдес тайпалардың әсерінен еді. Жер үшін болған соғыстарда өзінен күші басым тайпалар үстемдік құрған еді.

Ү билет

1) Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі

2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз

3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
Қағандар
жүргізгенсаясаты
Сатұқ Боғрахан


Мұсахан


Ибрахим ибн Насыр


Жауаптары:

1)Әл Фарабидің білім салаларын дамытуға қосқан үлесі. Әл Фараби ғылымды өз бетімен зерттеп, үлкен табыстарға жеткен ұлы тұлға. Ол философия , әлемтану, математика , физика, астрономия, ботаника, музыка т.б. ғылымдар саласынан 160 қа жуық трактаттар жазып, өшпес ғылыми мұра қалдырған. Арестотельдің еңбектерінзерделей отырып, «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары», «Кемеңгерлік меруеті», «Бақытқа жету», «Ақындықтың мәні туралы» т.б. философиялық туындылар жазған. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» еңбегінде қағамдағы озбырлықтар мен қаталдықтар адамгершілік ережелерінің өрескел бұрмалауынан деп түсіндіріп, қоғамды дұрыс басқарудың шарттарын ұсынады. Халықты білімге шағырады. Музыка саласында «Музыканың ұлы кітабы», «Музыка ғылымы туралы пікірлер» т.б. іргелі еңбектер жазған. Бірқатар музыкалық аспаптарды жетілдірген. «Шұбар айғыр» күйін шығарған. Әл Фарабидің логика мен медицина, ғарышнама мен анатомия, заң ғылымы сияқты ғылым салаларына қосқан жаңалықтары әлемге әйгілі. Ибн Хаукаль өз еңбектерінде әл Фараби жайлы: « Ол аса ірі мұсылман философтарының бірі. Олардың ешқайсысы да оның деңгейіне жерткен жоқ. Әбу әли ибн Сина да өзінің шығармаларын жазу үстінде оның еңбектерін пайдаланға» деген.

2)«Отарлау» ұғымына Қазақстанды Ресейлік отарлаудың ерекшеліктері қандай болғандыына талдау жасаңыз

Ресей үкіметінің ХҮІІІ ХХ ғасырдағы Қазақстанды отарлау саясатының ерекшеліктері Ресейдің Шығысқа, Орталық Азияға жылжуына түрткі болған оның өнеркәсіптің дамуы, соған байланысты өнім өткізетін нарыққа , шикізат көзіне т.б. мұқтаждығы еді. Сондықтанда Ресей үшін Қазақстан сияқты елдерді отарлау оның континенттік аумағын одан әрі кеңейтуімен бірдей еді. Қазақстан жері империяның құрамына енуі мен метрополияның әкімшілік басқару жүйесі де таралды. Арнайы даярланған заңдар бойынша (1968-1968, 1886,1891) қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт дәстүріне көшуге мәжбүрледі.

1891 жылы 25 наурызда қабылданған ережеде «көшпелілер иемденген жерлер, олардың бар байлығы, оның ішінде орманы, мемлекеттің меншігі болып саналады» деп көрсетілді. Аталған бапқа «көшпелілер үшін артық болуы мүмкін жерлер Мемлекеттік мүлік министрлігінің қарауына өтеді» деген қосымша енгізілді. Бұл құжаттар ең құнарлы қазақ жерін артық деп жариялап, ол жерлерге Ресейдің ішкі губернияларынан орыс және басқа славян қоныс аударушыларын орналастырды. Патшалық биліктің Қазақстанда жүргізген реформалары қазақ қоғамының сұранысына сай келген емес керісінші Ресей мүддесіне мазмұнда болды.

Ресей үкіметі қазақ халқына түрлі кемсітулерге жол берді мыс, қазақтардың орыстармен тең әскери білім алу, әскери қызметке шағырылу құқығы болған жоқ.

3)Қарахан мемлекеті қағандарының жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз

Сатұқ Боғрахан (915-955жж.) Қарахан мемлекетінің негізін қалаушы. Ол Ислам дінін қабылдап саманилерден қолдау тауып өзінің туысы Оғылшақты жеңіп шығады. Ол билеп отырған Тараз, Қашғар қалаларын өзіне бағындырған. Сөйтіп бірыңғай бір орталыққа бағынған Қарахан мемлеетін құрды.

Мұса хан әкесі Сатұқ боғрахан 955 қайтыс болған соң билікті қолына алды. Ол өз ықпалын күшейту үшін 960 жылы Ислам дінін мемлекеттік дін ретінде жариялады. Мемлекет орталығы Қашғар қаласы болды.

Ибрахим ибн Насыр ХІ ғасырдың 40 жылдарында Әли тегіннің балаларына қарсы күресте жеңіп шығады. Ол 1040 тамғаш Бурахан атағын қабылдап, Мауараннахрға өз билігін орнатады. Осы кезден Қарахан мемлекеті дербес екі иелікке бөлініп тынады.
6 билет

1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопедист, ғалым

2)1960-1980 жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы.

3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз
Билеушілер
Жүргізген саясаты
Наркеш Дайын


Инанч білге


Бұйрық



Жауаптары:

1)Әбу Райхан әл Бируни энциклопидист, ғалым

Тарих , математика, география, астрономия, медицина т.б. ғылым салаларынан 150-ден астам еңбектер жазып қалдырған. Ғұламаның атақты «Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші», «Асыл тастар» еңбектері бүгінгі күні дейін өзінің құндылығын жоймаған. Ол алғаш рет жердің күнді айналатындығын болжап, аспан денелерінің қозғалу заңдылықтарын ашқан. Бируни дүниенің геоцентрлік жүйесін Коперниктен 500 жыл бұрын және денелердің жерге тартылысын Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын айтып кеткен.
Негізгі еңбектері 2)1960-1980 жылдарындағы Қазақстанның экономикалық жағдайы. КСРО министрлер кеңесінің төрағасы А.Н. Косыгин бастаған реформашыл күш экономиканы басқарудағы әкімшіл жүйені сынға алып , өнеркәсіптерді басқаруда өнеркәсіп салалары бойнша одақтық республикалық министрліктер құруды ұсынды. 1965 жылы өнеркәсіпті басқару жүйесіне өзгерістер енгізу және бірқатар мемлекеттік жоспарлау органдарын қайта құру жөнінде заң қабылданды. Кәсіпорындарға дербестік беріліп, оларға шаруашылық есеп әдісі кеңінен енгізілді. 1965 жылғы шаруашылық реформалар кәсіпорын қызметін шамадан тыс бақылау жойылып , шаруашылық дербестігі ұлғая түсті. 1970 жылға қарай кәсіпорындардың 80% нан астамы жоспарлаудың жаңа жүйесі бойынша жұмыс істеді.1965 жылға қарай елімізде 19 көмір шығаратын өндірістік қуат, 1965 жылы Екібастұзда 14,3 млн тонна көмір шығарылды. Жаңа өнеркәсіп аудандарының қалыптасу мен дамуы, жаңа кен орындарын игеру жүзеге асты. Каспи теңізі жағасында Шевченко қаласының жанында дүние жүзінде тұңғыш рет су тұшытатын атомдық қондырғы орнатылды. Қазақстан Кеңес Одағы құрамында Ресей мен Украинадан кейінгі үшінші орынға көтерілді. Одақтық аумақта өндірілетін мыстың үштен бірін , мырыштың 44%, қорғасынның 75% Қазақстан берді. 1970-1980 жылдары өнеркәсіппен ауыл шаруашылығында өсу қарқынының баяулауы байқалды. Партия органдарының экономикағы араласуы индустрияландыру, ауыл шаруашылығы саларын дамытуға кері әсер етті. 1971 жылдан 1985 жылға дейін ҚазКСР одақтық қорға І кг 2 сомнан аспайтын 300 мың тонна ет өткізіп отырды. Кіріс көлемі 9 млрд сом болса, өндіріске кеткен шығын 18-27 млрд сомға жетті.
  1   2   3   4   5   6   7   8

перейти в каталог файлов
связь с админом