Главная страница
qrcode

V Н_с_а 30 билет. -н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын


Название-н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын
Дата13.05.2019
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаV Н_с_а 30 билет.doc
ТипДокументы
#62958
страница2 из 8
Каталог
1   2   3   4   5   6   7   8

3)Найман мемлекеті билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз

Наркеш Дайын кезінде найман мемлекеті қалыптасып, дами бастады. Егін шаруашылығы дамып, отырықшы қалалық өмір салты орын алады.

Инанч білге халықты өз төңірегіне топтастыра білген ол елді өнерге, күнкөріс-тіршілікке баулып, бейбіт өмір салтына тартады. Сондықтан халық оған Білге хан деген атақ береді. Осы ханның білімділігінің арқасында наймандар қарақытайлардың үстемдігінен құтылған. Хан наймандар одағының басын қосып, Найман мемлкетін күшейтті. Ол басқа елдермен сауда қатынасын дамытуға көңіл бөлді.

Бұйрық Білге ханнан кейін оның балалары Бұйрық пен Даян хандар арасында билік үшін талас басталады. Хандық екіге бөлініп Бұйрық хан Алтайдың қара ертісіндегі Орүнгу маңын мекендеген. Бұйрық хан 1201 жылы қырғыз, меркіт, найман т.б. тайпалар шыңғысханға қарсы құрылтай ұйымдастырады. Соғат суаты деген жерде осы тайпалар Шыңғысхан мен Ван хан әскерлерімен шайқаста жеңіліске ұшырайды. Алтайдың оңтүстігіне қарай қашқан Бұйрық ханды Шыңғысхан әскерлері қолға түсіріп жазалайды.

ҮІІ билет

1)Сақтардың мәдениеті.

2)2050 Қазақстан стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттап беріңіз.

3)Қола дәуірі кезіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгіле.

Жауаптары:

1) Сақтардан көптеген ескерткіштер қалды.Олар Сырдария, Таласм, Шу, Іле өзендерінің бойында, Алатау бөктерінде,Қырғызстан жерінде кездеседі.Сақ обаларынан табылған бұйымдар ежелгі грек ғалымдары айтқан мағлұматтарды дәлелдейді.Археологтар Қызылордадан 300 шақырым жерде Шірік-Рабат қаласына қазба жұмыстарын жүргізді. Қаланың орталығында күзет мұнаралары бар қамал (цитадел) салынған. Қала қамалдары қалың қабырғалармен қоршалған. Археологтар цитадел орталығынан жебенің қола ұштарын, алтын қапсырмалар, саздан жасалған бұйымдар тапты. Бұл табылған заттар б.з.б. 4-2 ғасырларға жатады. Археологтар қазба жүргізген тағы бір қала Бәбіш-Молда. Бұл қаланың да қамал қабырғалары және айналдыра қазған орлары болған. Қала тұрғындары егіншілікпен айналысқан. Қыш күйдіретін пеш, қол диірмен тастары, тары қалдықтары оған дәлел. Сақтарда қолөнер ісі өте жақсы дамыған. Қолөнер шеберлері қауым мүшелеріне қажетті бұйымдарды жасады. Зергерлер алтын, күмісті балқыты , қалыпқа түсірумен айналысты. Олар аттың ер тұманы, тұрмыстық мүліктерді әшекейлеп, асыл тастардан көз салынған алқа, сақина-сырғалар, әсем белдіктер жасаған

2) 2050 Қазақстан стратегиясының басым бағыттарын анықтап, сипаттап беріңіз.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2012 жылы 14 желтоқсанда « Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» деп аталады. Мемлекет басшысы бұл бағдарламада Қазақстанды 2050 жылы дамыған 30 елдің қатарына жеткізу міндетін қойды. Жолдауда осыған жету жолында іске асырылуы тиіс жеті саяси бағытты айқындап берді:

Пайда алу, инвестициялар мен бәсекеге қабілеттіліктен қайтарым алу принципіне, экономикалық прагматизмге негізделген экономикалық саясат жүргізу.

Ұлттық экономиканың жетекші күші болатын кәсіпкерлікті жан жақты қолдау.

Әлеуметтік кепілдіктермен және жеке жауапкершілік сияқты жаңа қағидаттарға негізделген әлеуметтік саясат

Заманауи білім беру жүйесін, кадр даярлау мен қайта даярлаудың негізгі бағыттарын түзу

Мемлекетті одан әрі нығайту және қазақстандық демографияны дамыту

Ұлттық мүдделерді ілгерілету мен аймақтқ және жаһандық қауіпсіздікті нығайтуға мүмкіндік беретін болжамды сыртқы саясат жүргізу

Жаңа қазақстандық патриотизм

Елбасы жолдауда 2050 жылға қарай мықты мемлекеттің, дамыған экономиканың және жалпыға ортақ ортақ еңбектің негізінде берекелі қоғам құруды, қасиетті Отанымызды «Мәңгілік ел» етуді мақсат етіп қойды.

3)Қола дәуірі кезіндегі жартастардағы суреттер табылған аумақтарды карта бойынша белгіле.

Орталық Қазақстанда Жасыбай, Хантау, Таңбалы . Жетісудағы Тамғалы .Оларда жабайы бұқа, билеген адамдар, қос өркешті түйелер бейнеленген.

ҮІІІ билет

1)Ж. Баласағұни ғұлама ақын

2)Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы Батыс елдерімен қарым қатынасына талдау жасаңыз

3)Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.

Жауаптары:

1)Ж. Баласағұни ғұлама ақын.

1) Қарахан мемлекетінің әйгілі ғұламасы, ақын Шу өзені бойындағы Баласағұн қаласында туған. Ол өзінің атақты «Құтнегізі-білік» атты еңбегімен белгілі. Бұл алғаш рет түрік тілінде жазылған. Жүсіп Баласағұнидің бұл еңбегінде ғылымның философия, астрономия, алгебра, тағы басқа салаларға тоқталуы оның жан-жақты білікті адам болғандығын көрсетеді. «Құтадғу білік» -ХІ ғасырдаға дейінгі түрік тілді халықтардың ой-санасында орын алған, терең мазмұнды ғылыми еңбек. Бұл еңбекті Баласағұнда бастап, Қашғарда аяқтап, Сүлеймен Арслан ханға сыйға тартқан. Хан ғұламаның бұл сыйлығы үшін оған Ұлы хас-хажип деген лауазым берген. Бұл еңбегі бүгінгі таңда да түркі тілдес халықтарға ортақ. Олар өздерінің тілін, әдебиетін, тарихын, тағы басқа ғылым салаларын зерттеуде осы еңбекке жүгінеді.

2)Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы Батыс елдерімен қарым қатынасына талдау жасаңыз. Қазақстан Республикасының сыртқы саясатында Еуропалық Одақтың алатын орны ерекше. 1993 жыдың 2 ақпанында Қазақстан Республикасы мен Еуропалық Одақ арасында дипломатиялық қатынас орнатылды. ҚР Президенті мен Германия және Франция басшылары арасындағы келіссөздер Қазақстанның сыртқы саясатында еуропалық бағытты жандандырды. Мысалы, Герхард Шредер Астанаға келген сапарында : «Қазақстан Орта Азиядағы маңызды ел және Германияның басты экономикалық әріптесі» деп атап көрсетті. Танымал неміс компаниясы «Сименс» пен «Қазақтелеком» арасында байланыс және халықаралық тасымалдаушы «Қазақстан темір жолымен» құрал жабдық тасымалдау, Қазақстан Республикасы мен ГФР ның бірнеше министрліктері арасында қазақстандық менеджерлердің біліктілігін көтеру және негізгі экономикалық ынтымақтастық туралы шартқа қол қойылды. Қазақстан Республикасы Президентінің Венгрияға сапары барысында екі ел арасындағы саяси және экономикалық тығыз ынтымақтастыққа негізделген келісімдерге қол қойылды. Қазақстан Болгария, Чехия Румыния екіжақты тиімді қарым қатынастар орнатты.

3)Қарақытай мемлекетінің саяси жағдайы туралы кестені толтырыңыз.

1.Жетісу аумағында құрылған Қарақытай мемлекеті Қарахан мемлекетінің Орта Азиядағы иелігін жаулап алу үшін 1137 жылы Ходжент жанында Қарахан әскеріне соққы береді. Қарахандар салжұқтармен бірігіп қарақытайларға қарсы 1141 жылы Самарқан қаласына жақын Қатуан даласында болған шайқаста Қарақытайлар тағы жеңіске жетіп, Бұхара қаласына басып кіреді.

2.Қарақытайлар Хорезмге жорық жасап, оны жаулап алады. Хорезмшах жылына 3000 алтын динар төлеп тұрды.

3. Қарақытайлар батысында Амударияның төменгі ағысын толық бағындырса, шығысында Гансу жеріндегі ұйғырларды тәуелді етті. Оңтүстікте Балх пен Хатон жерлері де қарақытайларға тәуелді болған.

4. 1198-1204 жылдары Қарақытайлар Хорезм шахымен келісім жасап Ауғанстан жеріндегі гуруд тайпаларымен соғысады. Бірақ Хорезм шахы Мұхаммед Самарқан сұлтанымен жақындасып, Қарақытайларға қарсы шығуы, Қарақытайлардың гуруд тайпасынан жеңілісіне алып келді.

ІХ билет

1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы.

2)1990 жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары

3)Х- ХІІ ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз

Жауаптары:

1)Оңтүстік Қазақстан Ұлы Жібек жолының Батысқа шығатын басты қақпасы. Жібек жолы Жетісу арқылы шығыстан тартылған бағыттармен Таразда түйісіп, Оңтүстік Қазақстанда Испиджаб қаласына жеткен. Отырардан шыққан бір жол Шауғарға, екіншісі Сырдария арқылы өтіп, Васидж қаласына барған. Васидждан шыққан Сыр бойымен жоғары өрлеп, Сүткент қаласы арқылы Шашқа, төмен қарай жент қаласына жеткен. Жолдың бір тармағы Қызылқұм арқылы Хорезм мен Үргенішті, одан әрі Еділ бойы Кавказды байланыстырған.

Жетісудағы Тараз қаласы арқылы жол Испиджабқа келгеннен кейін басты екі тармаққа бөлінеді. Бірінші оңтүстік батыс бағыт, ол Испиджабтан Шаш қаласына келіп, Орта Азиядағы Самарқан, Бұқара қалалары арқылы Батысқа қарай шығады. Ал екінші бағыт Испиджабтан шығып, Шымкент, Отырар, Түркістан, Сауран, Сығанақ қалаларын басып өтіп, Баршынкент қаласында екіге бөлінеді. Біріншісі оңтүстік батысқа Хорезмне қарай бағытталса, екіншісі Жанкент қаласынан өтіп, Арал теңізінің солтүстік жағын жағалай жүріп, Каспии теңізінің солтүстік шығысынан батысқа қарай бет алады. Ал сығанақ қаласынан Ақсүмбе қаласы арқылы Орталық Қазақстанға қарай және бір тармақ шығады. Бұл жаққа сауран қаласынан шыққан екінші бір бағыт Қарақорым арқылы басталады.

2)1990 жылдары Қазақстандағы жекешелендіру үрдісі және оның әлеуметтік салдары. Қазақстандағы жекешелендіру төрт кезеңде өтті. Бірінші кезеңде жекешелендіру мемлекеттік органдар белгілі бір кәсіпорынды жекешелендіру мәселесін кәсіпорын ұжымынан өтініш түскеннен кейін ғана шешті. Онан соң аукцион, конкурс өткізу арқылы сатылды немесе өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылым еңбек ұжымына ақысыз берілді.

Жекешелендірудің екінші кезеңі (1993-1995) «ҚР 1993-1995 жылдары мемлекет иелігінен алу мен жекешелендірудің ұлттық бағдарламасын» бекітуден бастау алады. Бұл бағдарлама бәсекеге қабілетті тұтынушы нарығын құру, кәсіпкерлікті дамыту, өндіріс тиімділігін арттыруды мақмат етіп қойды. Банк ісі, өнеркәсіп, ауылшаруашылығы, ірі және орта мемлекеттік кәсіпорындарды кең көлемде жекешелендіруді қарастырды. Екінші кезеңнің өзіндік ерекшелігі мемлекет иелігінен алу, монополияға қарсы шаралар қолдану принципінде еді.

1995 жылы «Жезқазғантүстіметалл» комбинаты банкротқа ұшыраудың алдында тұрды. Кәсіпорынның 170 миллион доллар қарызы болды, оның 10 миллионы еңбекақы үшін қарыз еді. 1996 тжылы тендерде «Самсунг» компаниясы жеңіске жетті, комбинатқа жүздеген миллион доллар инвестиция салды.

Жекешелендірудің үшінші (1996-1998жж) кезеңі электр қуаты мен мұнай газ саласын жекешелендірудің басталуы, секторлық бағдарламаларға өту кезеңі.

1999 жылдан басталып, бүгінгі күнге дейін жалғасып отырған төртінші кезең мемлекеттік меншікті реттеу мен жүйелеуге қатысты мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттілікті бөлудің жаңа әдісімен сипатталады.

3)Х ХІІ ғасырлардағы архитектуралық құрылыс жүйелерін кесте бойынша толтырыңыз.

Мешіт. Боран мұнарасы Х ғасырдың аяғында немесе ХІ ғасырдың басында Жетісу халқы жаппай мұсылмандыққа көше бастағанда салынған. Мұнара жанында күмбезделіп жабылған кесенелер болған. Оның ішкі жағы қызғылт күрең түске боялған оюлы ғаныш сылақпен безендірілген. Құйрықтөбе қаласын қазған кезде ең ертедегі мешіт орны табылған күйдірілген шикі кірпіштен тұрғызылған. Мұндай мешіт Тараз қаласының маңындағы Өрнек қаласынан да табылған.

Кесене. Жамбыл қаласының батыс жағында 18 км жерде орналасқан Бабаджа қатын кесенесі күйдірілген кірпіштен шаршылап салынған порталдары бар, әсем күмбезді ғимарат. Төрт жағында қабырғалардың ішкі және сыртқы беттерінде сүйірлеу аркалы қуыстары бар. , Айша бибі кесенесінің қабырғаларының бұрыштары төрт ширектік бағандармен безендірілген. Кесененің сыртқы қабырғалары түгелдей оюлы терракот кірпішпен безендірілген. Кесене ішінде Күйдірілген кірпіштен сатылап қаланған шағын құлыптас сақталған.

Монша. Отырар қаласынан екі шығыс моншасы аршылып зерттелген. Сыртқы қабырғалары сақталмағанымен ішкі құрылысы жақсы сақталған. Мұнда құдық суы пайдаланылған. Тараз қаласында да екі шығыс монша аршылған. Бірінші монша ыстық өткізетін каналдар жүйесімен жылытылған. Ондағы аолихромдық әшекейлер, науалар, су құятын астаулар, сәкілер іші бай безендірілгенін дәлелдейді. Екінші монша ыстық өткізетін құбырмен қыздырылған. Екі моншада таудан келетін су қазандыққа қыш құбыр арқылы жеткізілген.

10-билет

1)Х-ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстанның ортағасырлық қалалары (Отырар,Тараз,Түркістан,Сайрам,Сығанақ)

2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(БҰҰ, Әлемдік Банк,ХВФ, ЮНЕСКО)

3)Монғол империясының қоғамдық құрылыс жүйесін кесте бойынша толтырыңыз және оның маңызын түсіндіріңіз.
Жауаптары:

1)Х-ХІІІ ғасырлардың басындағы Қазақстанның ортағасырлық қалалары (Отырар,Тараз,Түркістан,Сайрам,Сығанақ)

2)Қазақстанның әлемдік бірлестіктеріне кіру мақсаты және оның маңызына сипаттама жасаңыз.(БҰҰ, Әлемдік Банк,ХВФ)

Әлемдік бірлестікке кіру мақсаты Біріншіден, басқа елдермен, оның ішінде бұрынғы Одаққа кірген республикалармен, Азия, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы, Еуропа елдері және АҚШ-пен халықаралық байланысты өркендету.

Екіншіден, шет елдермен тек дипломатиялық байланыс қана орнатып қоймай, сонымен қатар, олармен мәдени-экономикалық байланысты күшейту, сол арқылы алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу.

Үшіншіден, Қазақстанның қауіпсіздігін сақтау, дүниежүзілік соғысты, ядролық қаруды қолдануды болдырмау. Міне, осы бағытта 1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды. Қазақстан өзінің барлық көршілерімен, негізгі әріптес мемлекеттерімен байыпты және болжауға болатындай байсалды қарым-қатынастар орнатты. Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.  1992 ж. наурызда Қазақстанның Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болып қабылдануы республика үшін орасан зор маңызы бар оқиға болды. Осыдан кейін елімізге басқа да халықаралық ұйымдарға мүше болып кіруге жол ашылды. Атап айтқанда, Қазақстан негізгі валюта-қаржы ұйымдарына – Халықаралық Валюта қорына, Дүниежүзілік қайта құру және даму банкіне, Еуропа және Азия даму банкіне мүше болып енді. 1997 ж. басында Қазақстан 60-тан астам халықаралық ұйымдарға мүше болып қабылданды. Нәтижесінде Қазақстанның шет елдермен экономикалық байланыстары арта түсті, оған берілетін инвестициялық қаржылардың көлемі артты. Мысалы, 1992-1995 жж. халықаралық қаржы институтының Қазақстанға бөлген қаржысының мөлшері 2 млрд. АҚШ долларынан асып түсті. Тәуелсіздік алғалы бері 800-ге жуық мемлекетаралық және үкіметаралық келісім-шарттарға қол қойылды.
1   2   3   4   5   6   7   8

перейти в каталог файлов


связь с админом