Главная страница
qrcode

V Н_с_а 30 билет. -н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын


Название-н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын
Дата13.05.2019
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаV Н_с_а 30 билет.doc
ТипДокументы
#62958
страница3 из 8
Каталог
1   2   3   4   5   6   7   8

3. Моңғол империясының қоғамдық құрылысы.

1.Моңғол мемлекетін Шыңғысхан жеке басқарды. Жанында жаза білетін және басқа елдердің тілін түсінетін уәзірлері болған.

2. Әскери басқару жағынан Моңғолия аумағы мен халқы бөлінді.: 3 қанатқа 1) Оң қанат-Барунгар 2)Орталық қанат- Кул 3) Сол қанат –Жоңғар

3.Шыңғыс хан елді басқару үшін елді 95 түменге бөлді. Түмендер аймаққа бөлінді. 1 түменде 10 мың адам болды.

4. Шыңғысханның жеке басын қорғайтын жасауыл «Кешіктен» деп аталды.

5. Моңғол мемлекетінің басты заңы: «Жасақ» (Яса) Яссаның 1 бөлімінде: Шыңғыс ханның нақыл сөздері ІІ.Бөлімінде : Әскери, азаматтық істердегі орындауадғы жалпы заңдар және жазалау ережелері туралы айтылғын. «Жасақ» бойынша өкімет билігінің жоғарғы органы- Құрылтай болды. Құрылтай жылына бір рет, жаз айында шақырылды. Құрылтайдағы басты мәселе алдағы болатын соғыс туралы айтылды.

11-билет

1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.

2)Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесінде қалалар санының өсу себептеріне талдау жасап, түсінік беріңіздер.

3)Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.

Жауаптары:

1)Қыпшақтардың этникалық құрамына түсінік беріңіз.

Алтайдан Еділге дейінгі аралық «Қыпшақ даласы»(Дешті қыыпшық) деп аталады.

Қыпшақтарды этникалық құрамы VII-VII ғ қалыптаса бастады. Қыпшақтардың этникалық құрамы 2 бөліктен тұрды.

1 –ші батыс бірлестік – 11 тайпа (елбөрілер, тоқсоба, йетиба, дурут т.б)

2- ші шығс бірлестік – 16 тайпа(8 ірі , 8 ұсақ тайпалар)

Тайпалардың ішіндегі ең беделдісі – бөрілер болған. Қыпшықтардыы хандар осы елбөрілі тайпасынан сайланған.Тайпаның бөрілер атануы қасқырға табынатындығын көрсетеді.Тарихшы Жүзжани елбөрілерді хандар әулетінің тайпасы деп атады.

Тоқсоба- 9 тайпалы , йетиба-7 тайпа, дурут -4 тайпалы екендігін білдіреді.

Жалпы қыпшақ бірлестігіне түркі тілдес қимақ, оғыз, ежелгі башқұрт тайпалары да енген. XII ғ. Қыпшақтар Арал маңына билік жүргізген кезде олрадың құрамында қаңлылар, қарлұқтар, жікілдер болды.

Бұл тайпалардың тілі , діні, нанымм-сенімі, шаруашылықтар бір-біріне ұқсас болды.

Плаано Карпини «Қаңлылар қапшақша сөйлейді» деп жазды. Моңғол шапқыншылығының кесірінен қазақстанда біріыңғай халық болып қалыптасу құбылысы XV ғ дейін кешеуілдеді.

2)Х-ХІІ ғасырларда Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу өлкесінде қалалар санының өсу себептеріне талдау жасап, түсінік беріңіздер. Қалалардың дамуы мәселесін қарастыруды дамыған орта ғасырларда отырықшы мәдениеттің дамып, қалалар санының көбейгеніне және оның себептеріне тоқталудан бастаймыз. Оңтүстік Қазақстан мен Жетісу аймағындағы қалалар туралы таратып айта келіп, олардың саны жағынан ғана емес, көлемі мен экономикалық маңызы жағынан да өсіп отырғанына назар аударған жөн.
Монғол шапқыншылығына қатысты оқиғаларды кесте бойынша толтырыңыз.
Жылдар

Болған оқиғалар
1207-1208 жж.


Шыңғысханның үлкен ұлы Жошы Енисей қырғыздарын және Сібір халықтарын бағындырды.
1207-1209 жж.


Шыңғысхан таңғұттардың мемлекетін, одан кейін Тұрфан кінәздігін жаулап, ұйғырларды бағындырды.
1218 ж.


Шыңғысхан жіберген 450 адамы бар, 500 түйеге артқан сауда керуені Отырарға келді. «Отырар апаты» оқиғасы болады.
1219-1220 жж.


Моңғолдар Сыр бойындағы қалаларды бағындырды.

12-билет

1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері.

2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз.

3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

1)Ботай мәдениеті және Беғазы-Дәндібай мәдениетінің ерекшеліктері. 2)Шанхай ынтымақтастық ұйымына Қазақстанның кіруінің тарихи маңызына талдау жасаңыз. ШЫҰ – қызметі басқа мемлекеттерге немесе халықаралық ұйымдарға қарсы бағытталған әскери блок болып табылмайды. Сонымен қатар, ШЫҰ өз мүшелерінің арасында әртүрлі салаларда кең ынтымақтастықтың дамуын қарастырады. Қазақстанның ШЫҰ бойынша әріптес елдермен тең дәрежедегі диалогқа сындарлы және мақсатты қатысуы Қазақстанның өңірдегі ұстанымын күшейтеді, Ұйымның қағидаттарына толық сәйкес келетін мемлекеттер арасында өзара сенім мен түсіністіктің арта түсуіне көмектеседі. ШЫҰ-ның 2 жетекші ойыншысы – Ресей мен Қытайдың арасында орналасқан Қазақстан өңірлік ынтымақтастықтың жасампаз бастамалары мен жобаларын белсенді қолдайтын Ұйымның маңызды буыны болып табылады.

1996 жылы Шанхай үдерісі басталғалы бері Қазақстан – ШЫҰ аясында жан-жақты өзара іс-қимылдың белсенді қатысушысы болып табылады. Қазақстан Ұйымның аясында өтетін лаңкестікке қарсы әскери жаттығуларға, ғылыми конференциялар мен форумдарға тұрақты қатысып отырады, ШЫҰ құқықтық базасының нығаюына үлкен үлес қосып келеді.

2007 жылдан бастап 2009 жылдың соңына дейін ШЫҰ бас хатшысы болып Болат Нұрғалиев (Қазақстанның өкілі) ШЫҰ-ның әрбір жұмыс органында Қазақстанның атынан 6 адам қызмет атқаруда. 2006 жылғы маусымның 15-інде Шанхайда өткен саммитте Қазақстан ШЫҰ Азия энергетикалық стратегиясын жасауға бастама көтерді. Бұл ШЫҰ-да сауда-экономикалық салада тәжірибелік ынтымақтастықтың басталуына түрткі болды. Сондай-ақ ҚР Президенті ШЫҰ аясында заңсыз көші-қонмен күрес жөнінде келісім жасасуды ұсынды.

Бүгінде ШЫҰ Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың барынша табысты модельдерінің бірі болып табылады. ҚР Президенті Н.Назарбаевтың айтуынша, « Қазақстанның ұсынысымен жүзеге асырылған Еуразия идеясының 3 киті – ЕурАзЭҚ, АӨІСШК және ШЫҰ». Ұйымға мүше мемлекеттердің арасында қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету саласында өзара іс-қимылдың зор оң тәжірибесі жиналған, мүше мемлекеттердің арнайы қызметтері мен құқықтық органдары лаңкестік және экстремистік күштермен күресу үшін тиімді байланыстар орнатты.

Сыртқы экономикалық және сыртқы сауда қызметіне, көлік пен мәдениетке жауап беретін бас прокурорлардың, министрлердің кездесулері тұрақты ұйымдастырылып отырады. Отын-энергетика кешені саласында өзара іс-қимыл нығаюда. 2007 жылы энергетика министрлерінің алғашқы кездесуі өтті. Жоғарыда аталған барлық фактілер Шанхай ынтымақтастық ұйымы көп жақты өңірлік құрылымға бірте-бірте ауысып келе жатқандығын айғақтайды.

Жалпы алып қарағанда, ШЫҰ-ның ұйтқысы экономикалық ынтымақтастық болып отырғанын айқын аңғарамыз. Сондай-ақ Орталық Азияда экономикалық ынтымақтастықтың дәнекері болып тұрған, көшбасы болып тұрған Қазақстан екендігін де жүзеге асырылып жатқан жоспар-лардан айқын көруге болады. Сондай-ақ ШЫҰ аясындағы жұмыстардың дамуы барысындағы Қазақстан Респубикасының халықаралық беделінің өскендігін де атап айтуға тиіспіз.

Билеушілер
Басқарған жылдары
Жүргізген саясаты
Бату


1227-1255
1) Алтын Орданың негізін қалады.

2)1235 жылы бүкілмоңғолдық құрылтайда Батысқа жорық жасау туралы шешім қабылдап, Батый басқолбасшы болады.

Батысқа жорық 7 жылға (1236-1242) созылды. Бату Еділден Дунайға дейінгі жерлерді жаулап алды.

Батый ханның негізгі әскерін қыпшақтар құрады.

3) Шығыс Еуропа, Кавказ, Орыс кінәздіктері моңғолдарға тәуелділіктерін мойындап, Алтын Ордаға салық төлеп тұрады.
Берке


1257-1266
1)Берке хан бүкіл моңғолдық құрылтайға қатысудан бас тартып, Алтын Орда дербес тәуелсіз мемлекетке айналды.

2)Беркенің кезінде қазақ даласынан Египет еліне құлдыққа сатылып барып, Мәмлүк елінің 4 сұлтаны болған Бейбарыс сұлтанмен байланысы күшейеді.1262 жылы Мәмлүк сұлтаны Бейбарыс Берке ханға өз елшілігін жібереді.

3)Берке хан Алтын Орданы одан әрі күшейту үшін мұсылман дінін қабылдайды.Әзірбайжан жеріне мешіт салдырады.Ол исламды мұсылман елдерімен қарым-қатынасты күшейту үшін қолданады.

4) Берке хан Кавказ жеріндегі жорықта қаза тапты.
Меңгу Темір


1266-1280
1)Берке ханнан кейін Меңгу Темір Египетпен байланысына кедергі жасаған Авизантияға қарсы 1271 жылы жорық жасады.

2)Византия соғыстан бас тартып, Алтын Ордамен келісімге келеді.Бұл келісім бойынша Алтын Орданың Жерорта теңізіндегі қалалармен сауда байланысыкүшейеді.
3)Алтын Орда билеушілерінің жүргізген саясатын кесте бойынша толтырыңыз.

13-билет

1)«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері.

2)Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз.

3)

Жауаптары:

1.«Түгіскен» кесенесі(ескерткіші) мен «Беғазы-Дәндібай» ескерткіштері



Беғазы-дәндібай ескерткіштері құрылымының күрделігімен, көрнектілігімен, сәулет құрылыстарын салудың жоғары техникасымен көзге түседі. Кең тараған аса ірі, ғажайып бейіт құрылыстары – оба, кесенелер бұл кезең қола дәуірінің ең жетілген, жоғары дамыған кезеңі екенін көрсетеді.

Көне құрылысшылар кесенелерді қақпақ тастармен салуда аса үлкен жетістіктерге жеткен. Беғазы құрылыстары сыртын қақпақ тастармен қаптаған қабырлғаларын қалауда, олардың іргесін мықтап бекітіп, арасын ұсақ тастармен толтыруда, контрфорстар қоюда, тік ұстындар тұрғызу мен шатыр төбесін жабуда қалыптасқан құрылыс тәсілін еркін меңгерген. Сырдария бойындағы балшықтан салынған Түгіскен кесенелердінің құрылысы, Беғазы тас кесенелерімен қатты ұқсас. Бұл жағдай малшы тайпалардың Сарыарқа мен көне Яксарт аралығында осы кезден бастап көшіп-қонып жүргенін көрсетеді. Осының нәтижесінде бір типтес кесенелер тұрғызу қалыптасқан. Кейін сақтар, ғұндар, үйсіндер, қаңлылар және кейінгі көшпелілер кезінде осылай көшіп-қону кең дамыған.


2)Қазақ КСР-ның мемлекеттік егемендігі жөніндегі декларация мазмұнын және маңызын ашып көрсетіңіз. 1990 жылдары Қазақстанда күн өткен сайын мемлекеттік егемендікті жариялауды талап етушілер күшейе бастады. Қоғамдық қозғалыстар 1990 жылғы қазан айында айрықша белсенділік көрсетті. Күн сайын Жоғарғы Кеңес үйінің алдында таңертеңнен кешке дейін саяси митингілер өтіп жатты. Ал Алматы қалалық партия комитеті үйінің алдында жастар пикет ұйымдастырып, аштық жариялады.Олар Қазақстанның тәуелсіз ел болуын, жастарға қатысты әлеуметтік мәселелердің дереу шешілуін, Кеңес Армиясын тез арада реформалауды талап етті. Республикадағы саяси жағдайдың шиеленісуіне Қазақстанның әр түрлі аудандарында құрыла бастаған казачество ұйымдарының қазақ халқының намысын қорлайтын әрекет ретінде бағаланып, оған қоғамдық қозғалыстардың бірлесе соққы беруі үлкен түрткі болды. Осындай жағдайда Жоғарғы Кеңестің сессиясындағы бірқатар айтыс-тартыстардан кейін, бұрынғы кеңестік республикалардың соңғыларының бірі болып «егемендік шеруіне» Қазақстан да қосылды. 1990 жылғы 25 қазанда Жоғарғы Кеңес «Қазақ Кеңес Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі туралы Декларация» қабылады. Мемлекетте егемендіктің жариялануы- республика өміріндегі аса маңызды саяси оқиға болды.

Егемендік туралы құжатта Қазақстанның алдағы уақытта ұстанатын бағыттары белгіленді. Орналасқан аумағына, қойнауына, суына, басқа да табиғи ресурстарына республика ерекше меншік құқығын жариялады. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері көрсетілді. Халықаралық қатынастардағы мәселелерді шешуді республиканың дербестік танытатыны айқындалды. Сонымен қоса,бұл құжаттың шын мәніндегі мемлекеттік егемендікке толық жауап бере алмайтын жақтары да болды. Олар ең алдымен декларациядағы “одақты сақтауға ” қатысты баптардан көрініс тапты. Ол кезде қалыптасқан саяси жағдайында Орталық билік органдарының өкілдері бұрынғы одақтас республикалардың егемендік шеруіне салқын, қарады. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылдануының тарихи маңызы зор болды. Бұл республиканы толық тәуелсіздікке бастап апаратын шынайы қадам еді. Бұл кезде республиканың өз ішінде мемлекеттік билік органдарының құрылымдарында өзгерістер болды. Жоғарғы Кеңес жергілікті өзін-өзі басқару туралы, заң қабылдады.Республиканың қаржыландыру, материалдық-техникалық және сыртқы экономикалық қызмет саласындағы әрекет мүмкіндіктері молайды. Одақтас республикалармен тікелей байланыстар жүзеге асырыла бастады. Тұтас парламенттік аппарат құрылды.

Егемендік Қазақстан Президентіне еркін қимылдауға жол ашты. Экономика саласында орталықтың рұқсатынсыз шетелдермен тікелей байланыс жасала бастады. Халықаралық қатынаста Семей атом полигоны жабылуының маңызы зор болды.

Қазақстан Президенті Қазақ КСР-нің Қауіпсіздік кеңесін құру жөнінде, Одақтық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындар мен ұйымдарды Қазақстан үкіметінің құзырына беру туралы, Қазақ КСР-нің алтын және алмас қорын құру жөнінде, Казақ КСР-нің сыртқы экономикалық қызметінің тәуелсіздігін қамтамасыз ету жөнінде жарлықтар шығарды. Бұл әрекеттер, жалпы алғанда, одақтық министрліктердің үстемдігін жойып, республиканың шын мәніндегі тәуелсіздігіне жол ашты. Егемендік жариялаған бұрынғы одақтас республикалар енді өзара тікелей байланыстарға шыға бастады. Қазақстан 1990-1991 жылдар ішінде Беларуспен, Әзірбайжанмен, Қырғызстанмен, Өзбекстанмен, Ресеймен, Украина елдерімен экономикалық шарттар жасасып, өзара достық және ынтымақтастық туралы келісімдерге қол қойды
1   2   3   4   5   6   7   8

перейти в каталог файлов


связь с админом