Главная страница
qrcode

V Н_с_а 30 билет. -н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын


Название-н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын
Дата13.05.2019
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаV Н_с_а 30 билет.doc
ТипДокументы
#62958
страница5 из 8
Каталог
1   2   3   4   5   6   7   8

2.Е.Бекмахановтың тарих ғылымын дамытудағы үлесіне баға беріңіз.



Е.Бекмахановтың ғылыми мұрасы оның тақырыптарының алуан түрлі болуымен, тарихи мәселелерді кең қамтуымен және оларды байыпты шешуімен ерекшеленді. Оның еңбегінің бастысы 
Асыра сілтеу, бурмалау жөне күдікшілдік бел алған осы тұста бұл еңбекке пікір айтушылардың кейбіреулері оны 

Жоғарыдағы айыптау негізінде 1952 жылы 2 желтоқсан күні Қазақ КСР Жоғарғы Сотының Қылмысты істер жөніндегі коллегиясының үкімімен Е. Бекмаханов 25 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылып, 
Ол кісінің лагерьден тиісті органдарға жазған көптеген арыздарының нәтижесінде, академик, қоғам қайраткері Анна Михайловна Панкратова сияқты қайырымды адамдардың көмегінің арқасында Берия атылғаннан кейін Е. Бекмахановтың ісі қайта қаралып, 1954 жылы 16 ақпанда оның ісі жабылып, өзі ақталып шықты.

ГУЛАГ-тың лагеріндегі адам төзгісіз азапты күндерді басынан кешкеніне қарамастан, қайсар ғалым, артына халықтың игілігіне айналған мол ғылыми мұраларын қалдырды. Өзі ұсталып кеткенге дейін бастап қойған "Қазақстанның Ресейге қосылуы" атты еңбегін аяқтау ісімен айналысты. Бұл еңбегі А.М.Панкратованың бага жетпес көмегінің арқасында Мәскеудегі "Наука" баспасынан 30 баспа табақ көлемінде 1957 жылы жарық көрді.

Е.Бекмаханов өзінің жемісті еңбегіне сай ғылым мен қоғамдағы орнын қайтадан алды. Оған университеттегі өзі ұйымдастырған кафедрасы қайтарылып берілді. 1964 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясының мүше-корреспонденті болып сайланды. Өмірінің соңғы он жылында өнімді еңбек етіп, терең мазмұнды ғылыми шығармалар жазды, орта мектептер үшін Қазақ КСР тарихының оқулығын жазды. Бірнеше жас ғалымдарды даярлауда ат салысты. Шәкірттері бүгінде Республика Ғылым академиясының мүшесі, ғылым докторы, профессор дәрежелеріне жетіп, ұстаздарының ғылыми өмірін жалғастыруда.

Қазақстан төуелсіздік алғаннан кейін Е. Бекмахановтың басты еңбегі — "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" ақталып, орыс жөне қазақ тілдеріндегі нұсқалары "Қазақ университеті" (қазіргі "Санат") баспасынан жарық көрді.

Ермахан Бекмаханов жөнінде Халық қаһарманы, академик 
3.Терминдердің мағынасын кесте бойынша толтырыңыз

Археология — тарих ғылымының ежелгі дәуір мен орта ғасырдағы адамзат қоғамы дамуының заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін зерттейтін саласы.
Этнография, этнология (etnos
 – тайпа, grapho
 – жазу) – 
Топонимика — 
Антропология — адамның шығу тегін, дамуын, дене құрылысын, нәсілдік ерекшеліктерін зерттейтін жалпы 
24-билет
Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.
Андроновтықтардың шаруашылығы бойынша кестені толтырыңыз.


Есім ханның Қазақ хандығын нығайтудағы қызметі
Туған ағасы Тәуекел қайтыс бол­ған соң Қазақ мемлекетінің билігін тарихта «Еңсегей бойлы ер Есім» деген атпен әйгілі болған Есім хан (1598-1628) қолына алды. Дарынды әскербасы ғана емес, білікті саясатшы, парасатты мемлекет қайраткері ретінде Есім хан Қазақ хандығының сыртқы шекарасын нығайтумен қатар, елдің ішкі жағдайын да жақсартты. Есім ханның кезінде ел мамыражай әрі сенімді тіршілік кешті. «Есім хан­ның ескі жолы» атты атақты заң же­лісі мемлекеттің тұғырлы әрі берік ішкі және сыртқы саясатын қалып­тастырды. Жұмыр жер бақталастық пен тақ таласының алаңына айналып, әрбір билеуші өз үстемдігін жүргізуге ұм­тыл­ған жаугершілік заманда Еуразия­ның кіндігіндегі алып далада Қазақ хандығы сияқты іргелі мемлекет қалып­тасып, оның қанатын кең жая бастағаны бүйірлеріне шаншудай қадалып, көз алартушылар көбейе түсті. Әсіресе, көшпенділерден көп запа шеккен Ресей мен Қытай ірге­лерінде Қазақ хандығы сияқ­ты ірі де іргелі мемлекеттің күшей­ге­нін қаламады. Қайткенде де бұл мемлекеттің іргесін сөгуді ойлады. «Іздегенге сұраған» дегендей бұл кезде, XVI-XVII ғасырлар тоғы­сы­н­да Моңғолияның батыс аймағын­да Жоңғар хандығының іргесі қалан­ды. Ғасырлар бойы тау суындай тас­қындап, Шығыста Қытайды, батыста Ресейді және бүкіл Еуропаны ық­тырып келген көшпелілер мекенін­де пайда болған Қазақ хандығы мен Жоңғар хандығы көршілерін бей­та­рап қалдырмады. Олар осынау екі мемлекетті бір-біріне айдап салып, ғасырлар бойы бүйірлеріне қадалған «шаншудан» құтылуды ойластырды. Осы орайда, әсіресе, Ресей белсен­ді­лік танытып, жоңғарлармен шұғыл ел­шілік байланыс орнатып, олар­ды астыртын отты қарулармен жа­сақ­тап, Қазақ хандығына қарсы арандату шараларын жасады. Ресей патшалығының Жоңғар елінің Торғауыт, Дүрбіт, Қошауыт сияқты үлкен тайпаларына Еділ бойынан қоныс бөлуі қазақ пен қалмақ ара­сын­дағы жүз жылдық соғыстың тұтануы­на себеп болды. Осынау жүз жыл­дық соғыс салдарынан салт атты көш­пелілердің үш мың жылдық өрке­ниеті толық күйреп, қазақтардың Ресей патшалығына бодан болғаны,  ал жоңғарлардың ата жұртынан мүлде жойылып кеткені тарихтан аян. Міне, осы қатерлі қасіреттің алғашқы дауылымен Есім хан беттесті.

  1620 жылы жоңғар қонтайшысы Қара Құла Қазақ хандығының иелі­гіне тұтқиылдан шабуыл бастады. Бейбіт елді қатты қырғынға ұшы­ра­тып, асқан қатыгездік танытты. Еліне жау тигенін естіп, Есім хан шұ­ғыл жорыққа аттанады. Қазақ әс­кері жоңғарларды тас-талқан етіп, Сібір­дегі орыс қалаларының іргесіне де­йін айдап салды. Сол замандағы орыс жазба деректерінде: «Қазақ Ор­дасының Есім ханы қалмақтарды қат­ты қырғынға ұшыратты. Қалмақ тай­шылары өте қиын халге түсті», деп атап көрсетілген. 1627 жылғы ұлы жорықта Есім хан жоңғарларға тағы ойсырата соққы беріп, алғашқы Ой­рат одағын ыдыратып жіберді. Еңсегей бойлы ер Есім ханның бұл ұлы жеңістері Қазақ хандығына енді ешкімнің тісі батпайтындай сыртқы жағдайды қалыптастырып еді. Өкінішке орай, дәл осы кезеңде өзін хан деп жариялаған Тұрсын сұл­­танның дербес саясатының сал­дары­нан Қазақ хандығында үлкен күйзеліске ұрындырған азамат соғы­сы басталды. Ташкент қаласы қазақ­тарға қараған соң, көп ұзамай оны Жәні­бек ханның немересі Жалым сұл­тан ұлы Тұрсын сұлтан билеген еді. Бертін келе ол тәуелсіз хан болуды көксейді.

 Сол заманның тарихшысы Мах­мұд бен Уәлидің жазуынша, Есім хан 1627 жылы жоңғарларға қарсы жорыққа аттанғанда, Тұрсын сұлтан бар әскерімен Түркістан қаласын шабады. Бейбіт жұртты қырып-жойып, ат тұяғы жеткен жердің бәрін ойрандайды. Есім ханның әйелдері мен бала-шағасын тұтқындайды. Енді Есім ханның өзін құртпақ болып, ауыр соғыстан оралып келе жатқан қазақ әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасайды. Бірақ Есім ханға хабар бұ­рын жетеді. Екі әскер Сайрам қа­ма­лының түбінде беттеседі. Есім хан ант бұзған Тұрсын сұлтанның жақ­тас­тарын қирата жеңіп, Ташкент бекі­нісіне дейін тықсырады. Бар әс­керінен айырылған Тұрсын сұл­танды нөкерлері тұтқындап, жауының қолы­на тапсырады. Есім хан опасыз Тұр­сынның басын алып, оның қолты­ғына су бүркіп, қандастарына қарсы со­ғысқа айдап салған Бұхар ханы Имам­құлға сәлемдемеге жібереді. 

2.Невада–Семей антиядролық, экологиялық қозғалысы «5-5» формуласы.

1989 жылдың ақпанында Семейдегі сынақ полигонын жабу үшін басталған ұлы күрестің алғашқы қадамы жасалды. Белгілі ақын, мемлекет және қоғам қайраткері, КСРО Жоғары Кеңесінің депутаттығына кандидат Олжас Сүлейменовтың жетекшілігімен «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы құрылды. 1989 жылдың 25 ақпанында, сағат 17-ден 45 минут өткенде Қазақстан орталық телевизиясы арқылы Семей ядролық сынақ полигонында ядролық қаруларды сынауды дереу тоқтатуды талап еткен және жұртшылықты «Невада» антиядролық қозғалысын құруға шақырған ашық мәлімдемесінен басталды. Дәл сол күні Алматыдағы көп адам жиналған митингте ақын, қоғам қайраткері Олжас Сүлейменов еліміздің барлық қоғамдық, шығармашылық, діни ұйымдарына, советтік бейбітшілік қорғау Комитетіне, халықаралық «Жасыл әлем» ұйымына, «Адамзатты аман алып қалу» халықаралық қорының Комитетіне, Невада штатында (АҚШ) сынақтарға тыйым салу қозғалысын жақтаушыларға Үндеуін оқып, Қазақстанда ядролық сынақтарды тоқтатуды талап етті.

Тек наурыз айында ғана үндеуге қозғалысты қолдаған миллионнан астам қол қойды, ал қозғалыс қорына көптеген қайырымдылық қаржысы келіп түсті. Ал, 11 наурызда қозғалыстың құрылғандығы туралы шетел ақпарат агенттіктері хабар берді, онда планетамыздың бейбітшілік сүйгіш халықтары өздерінің ынтымақтастықтарын білдіре отырып, қозғалыстың мақсаты мен міндетін мақұлдады. Сөйтіп, қозғалыс халықаралық мойындауға ие болды.

Полигонның 40 жылдық тарихында 459 жарылыс жасалды. 1949-1962 жылдары ашық ауада 88 сынақ, жер қойнауында 3 рет бомба жарылды. 1953 жылдың 12 тамызында әлем тарихында алғаш рет термоядролық құрылғы ашық аспан астында сынақтан өтсе, 1955 жылдын 22 қарашасында жер үстінде жарылған сутегі бомбасы жанталаса қаруланған дүниежүзінің державаларын Кеңес Одағының алдында тізе бүгуге мәжбүр етті. Өйткені, бұл сынақ адамзат тарихында бұрын сонды болмаған еді. Сондай-ақ, Кеңес елі осы уақыт аралығында ядролық заряды бар 6 құрылғыны жеті қат көкке жуық жоғары биіктікте сынақтан өткізіп үлгерді. Ал, жер қабатындағы тік ұнғымалар мен көлбеу туннельдерде 340-тан астам сынақ жүзеге асырылды. Одан 1.5 миллион адам зардап шекті.

1991 жылдың 29 тамызында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 40 жыл ажал отын шашқан полигонның жабылуы, әрісі Қазақстан халқы үшін, берісі Ертістің Семей өңірінің тұрғындары үшін тендесі жоқ қуаныш, үлкен бақыт әкелді. Осы 1991 жылдын шілде айында Қарауылда өткен «Невада – Семей» қозғалысына Франция, АҚШ, Италия, Жапон елдерінің делегаттары қатысып, атом сынағын тоқтатуға өз ұсыныстарын білдірді.

ҚР Президенті Н.Назарбаевтың 1992 жылғы 15 мамырдағы № 779 Жарлығымен бұрынғы Семей полигонының әскери-өнеркәсіп кешенінің, сондай-ақ республика аумағында орналасқан тиісті ғылыми ұйымдар мен объектілердің негізінде Қазақстан Республикасының Ұлттық ядролық орталығы құрылды.

Невада-Семей қозғалысының "5-5" формуласы әлемдегі аса ірі полигондарды жабуды білдіреді 3.Андроновтықтардың шаруашылығы бойынша кестені толтырыңыз.

Мал шаруашылығы

Олардың негізгі малы — қой, сиыр, жылқы болды. Андронов тайпалары тұңғыш рет қысты күні малды қолда ұстау дəстүрін енгізді. Тұрғын үйлерге жалғастырыла мал қоралары салынған. Олар қос өркешті-бактриан түйелерін өсірген. Түйе бейнелері жартастарға салынған.. Сондықтан мал ұстаудың жаңа түрлері мен тəсілдері қажет болды. Кейіннен мал өсірудің жайлаулық тəсілі, яғни жартылай көшпелі мал шаруашылығы өмірге келді. Сөйтіп, үй іргесіндегіден — жайлауға көшу, отарлы, яғни жартылай көшпелі, сосын көшпелі мал шаруашылығы туады. Бұл дала мен шөл жайылымдарын тиімді пайдалануға жəрдемін тигізді. Көшпелі жəне жартылай көшпелі мал шаруашылығына өтуге байланысты бірте-бірте мал құрамы да өзгере түседі: ірі қараның саны кеміп, қой мен жылқы саны көбейе түседі

Жер өңдеу

Ерте жəне орта қола кезеңдерінде, яғни б.з. дейінгі І мыңжылдықтың басында андроновшылар отырықшы болған. Олар аралас шаруашылықпен шұғылданып, егін егіп, мал өсірген. Соңғысы үй іргесінің шаруасы саналған. Мал өсірудің мұндай түрінен жайылым тез тозған.

Андронов тайпаларының тіршілігінде теселі егіншілік болған. Олар негізінен бидай, қарабидай жəне тары өсірді.

Кен өндіру

Қола дəуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты, тығыз кенді отпен уату арқылы жəне сонымен қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тəсілі бойынша — кен өзегінің үстіне от жағылып, əбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға бөлген. Уақталған руданы қонысқа əкеліп, арнаулы пештерге салып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мəлім болды. Метал балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу жəне қыспалау əдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған.

25-билет

Қазақ халқының ХVІ – ХVІІ ғғ. шаруашылығы.
Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.
3. Ежелгі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.

Тұрақтар

Орналасқан жері
Ерекшеліктері
Шақпақ ата

Маңғыстауда

Табылған құралдар Шығыс Африкадағы Олдувай сайынан табылған ең көне құралдармен замандас, табылған құралдар жарғыш сынатас,бифас,пышақ, қырғыштар, әр түрлі үшкір тастар
Арыстанды

Қаратауда


Шабақты

Бөріқазған

Жамбылда



Қазақ халқының ХVІ – ХVІІ ғғ. шаруашылығы.
Қысқы көш немесе қыстауға көшу;
Көктемгі көш;
Жазғы көш;
Күзгі көш;
Қазақ халқының егін шаруашылығы

Археологиялық зерттеулерден қазақтардың қыстауларының жанында егін шаруашылығымен айналысқан арық-тоғандарының іздері табылған. Жетісу аймағы мен Оңтүстік Қазақстанда ертеден-ақ егіншілік кәсібі дамыды. Әсіресе Сырдария, Шу, Арыс, Талас, Іле өзендерінің алқабында суармалы егін шаруашылығы гүлденді.

Қазақтарда егін шарушылығы болғандығын жер суғаратын атпа, шығыр сияқты тағы да басқа құралдардан шығыр,жер жыртатын соқа, жер тырмалайтын тырма, айыр, бидай суаратын ағаш күрек сияқты тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласының аймағындағы Арыс тағы да басқа құралдардан анық байқауға болады. Отырар қаласыңың аймағындағы Арыс өзенінен тартылған Саңғыларық, Сырдариядан Төменарык, Шу өзенінен Қалмаарық сияқты т.б көптеген арық-тоғандардың іздері халқымыздың егін шаруашылығымен айналысқанын көрсетеді. Қаратау, Ұлытау етегінде, Ертіс өзені бойында, Зайсан көлінің айналасында да егіншілік айтарлықтай дамыды. Қазақ егіншілері бидай,арпа,тары,сұлы екті. Оңтүстік жақтағылар күріш пен жүгері де өсірді. Жер жырту саймандары тесе,кетпен,ағаш соқа,тіс ағаш,тырна,қол орақ,күрек болады. Дәнді тұю, ұн тарту үшін ағаш келіні,қол диірменді пайдаланды. Егін егетін жерді атпен, өгізбен, түйемен жыртты. Астықты сақтау үшін жерден ұра қазып, ішінде ылғал болмауы үшін, отпен күйдіретін. Тары көшпелі халықтың қысы-жазы жейтін, ұзақ сақтауға шыдайтын бағалы тағамы болды. Қазақтар дәнді қолмен септі. Піскен астықты қол орақпен орды. Қырманды атпен,өгізбен бастырды. Бұл қазақтар тек көшпелі мал шаруашылығымен айналысқан деген пікірдің дұрыс еместігін айғақтайды.

2.Алаш қозғалысы қайраткерлерінің ресми ақталуы және оның тарихи маңызы.

1   2   3   4   5   6   7   8

перейти в каталог файлов


связь с админом