Главная страница
qrcode

V Н_с_а 30 билет. -н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын


Название-н с а 1 билет 1 Ж. Баласа ни- лама а ын
Дата13.05.2019
Размер0.63 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаV Н_с_а 30 билет.doc
ТипДокументы
#62958
страница7 из 8
Каталог
1   2   3   4   5   6   7   8

2. Қазақстанда 1920- 1940жж. жоғарғы оқу орындарының ашылуы мен білім беру жүйесінің қалыптасуы және дамуы.

Қазакстанда болып жатқан жағдайлар мынадай міндеттердің жуық арада шешілуін қажет етті. Ол еңбекшілердің сауатсыздығын жою еді. Осы мақсатга 1924 жыддың кекегіңде "Республикада сауатсыздықты жою" қоғамы құрылды. Осы қоғамның күшімен 1927 жылы Қазақстанда 200 мыңдай адам оқытыла бастады. 1940 жылы Қазақстанда 44 мыңнан астам оқушылар бодды. Соғыстың алдында 20 жоғарғы оқу орны, 118 арнаулы орта білім беретін орын жұмыс істеді. Оларда 40 мың адам оқыды. Одан басқа 1940 жылы еліміздің әр түрлі аудандарында 20 мыңнан астам қазақстандықтар оқып, білім алды. Мәдени курылысты жузеге асыруда коптегн кедергілер кездесті: Ұлт зиялылардың аздығы, ұлы державалық шовинизм, материалдық технткалық базаның болмауы.. 1921—27 ж екі жүз мың адам оқып, сауатын ашты. 28ж аяғында сауатты адамдар 25%, қазақтар 10%. 1926 КАКСРДЕ Бірыңғай еңбек мектептерінің жарғысы қабылданды. 1924-1925ж РКФСРде аагртуга 30 тиын, КАКСРде 68,9 тиын. Мәдени құрылысын жеделдетуге ұлттық зиялылар ықпалы ерекше болды. А Байтұрсынов Суретті әліппені, Ж аймауытов Қос тілдік және ана тілінде оқыту әдісемесін, Бокейханов географиялық оқулығын, Сатбаев алгебра окулығын құрастырды. 1928ж араб әрпі мен латын әрпі мен 40ж кириллицамен ауыстырылды. 1931 Ж 15-50 ЖАС аралығындағы сауатсыхз халыққа жалпыға бірддей міндетті білім беру енгізілді. 1930-31 оқу жылдарында отырықшы аудандарда, кошпели аудандарда жалпыға бірдей оку енгізілді. Сонымен сауатсыздықты жою жалпы білім беретін мектептерді көбейту жөнінде елеулі табыстарға қол жетті: жаңа советтік интеллигенцияны қалыптастыру процесі жүргізідці. Советгік Қазақстанның ғылымы өркендеді, әдебиет пен өнер дамыды.1930 жылы жалпыға бірдей міндетті бастауыш білім беру тәртібі енгізідді. 1932 жыддың аяғында Қазақстан тұрқындарының 42%-і сауаттанды. Бастауыш мектепте оқитындар саны 1928 жылғы 305 мыңнан 540 мыңға дейін орта мектепте оқитындар — 23 мыңнан 65 мыңға дейін көбейді. Жұмысшылар мен шаруалар қатарынан қазақ совет интеллигенциясын даярлау кең көлемде жүргі-зідді. Абай атындағы қазақтың педагогикалық институты, С.М.Киров атындағы қазақтың мемлекеттік университеті, кен-металлургия, медицина, зоотехникалық- мал дөрігерлік, а.ш. т.б. институттары, ондаған арнаулы орта білім беретін оқу орывдары ашылды. Мыңдаған қазақ жігітгері мен қыздары РСФСР, Украина, Белоруссия, Өзбекстан т.б. туысқан республикалардың жоғары оқу орындарында білім алды. Қазақ КСРның енбек сіңірген мұғалім атағын алғаш алган ұстаздар: С. Кобеев, С. Ақышев. А Ақатов, Ш сарыбаев, Л Добранская, Н Волков. 1939ж жалпы халықтың сауаттылығы 65% , қазақтар арасында 40%. 1928 ж тұнгыш пед институт, 1929ж алматы зоотехникалық малдәрігерлік инмһституты, 1930ж қазақтын ауылшаруашылық институы, 1931ж алмаыт мединституты, 1934ж Киров атындағы казақ мемлекеттік университеті ашылды.20-30ж ғылымның қалыптасқан кезеңі. 1926ж Массон Әулиеатада казба жұмыстарын жүргізід, 1932 ж КСРО Ғылым академиясының Қазақстандағы базасы құрылды. Екі секторы: Зоология және ботаника, Алматыдағы ботаника бағы.

30-билет

1. ХІV – ХV ғғ. Қазақстандағы мал шаруашылығы мен егіншілік.

2.Тәуелсіз Қазақстан республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар.

3. Неолит дәуіріндегі адамдардың тұрақтары бойынша кестені толтырыңыз.

Тұрақтар

Орналасқан жері
Ерекшеліктері
Уст-Нарым
Шығыс Қазақстан

Ұзақ уақыт тұрақты өмір сүрген қоныстары, бұлар Сарыарқаның солтүстігінде, Ертістен Есілге дейінгі аралықта орналасқан, құрал-саймандарға өте бай, құрамалы құралдар табылды
Пеньки
Солтүстік Қазақстанда
Тас шапқылар, жалпақ пышақтар, қырғыштар кездеседі ондағы адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден құс, балық аулау, терімшілік болған.
Сексеуіл
Қызылорда облысында

Оның маңында су қоймасы болған және онда көп мал қалдықтары табылған. Демек Сексеуіл тұрағының тұрғындары мал өсірумен және аңшылықпен шұғылданған.


1.ХІV – ХV ғғ. Қазақстандағы мал шаруашылығы мен егіншілік.

2.Тәуелсіз Қазақстан республикасының білім беру жүйесіндегі реформалар.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздіктің 20 жылында еліміздің экономикалық және әлеумет­тік дамуымен қатар білім беру жүйесін жаңғыр­ту мақсатында кезең-кезеңімен реформалар жүргізіп келеді. Сол білім беру жү­йе­­сіндегі реформаларды жүргізу Егемен Қазақ­стан­ның алғашқы құқықтық құжаттарының бірі – Тә­уелсіздік Декларациясында бекітілген болатын. Тәуелсіздік алған 20 жыл ішінде қазақстанның білім беру жүйесінің негізін қалаған екі іргелі стратегия қабылданды. Олар: 2000 жылғы «Білім беру» бағдарламасы және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы еді.Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың биылғы «Әлеуметтік- экономикалық жаңғырту-Қазақстан дамуының басым бағыты» атты халққа арнаған кезекті Жолдауында мемлекетіміздің барлық салаларына қатысты мәселелер жан-жақты қамтылып, жүзеге асырылуға тиісті он нақты міндеттерді айқындап берді.Осы жолдаудағы маңызды мәселелердің бірі жетінші бөлімдегі білім беру мен денсаулық сақтау саласы. Дәл қазіргі жаһандану заманында білім беру жүйесін одан әрі дамытуға қатысты мәселелерді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев осы жолдауда айқындап берді. Атап айтар болсақ, бұл жолдауда Президенті Н.Ә.Назарбаев былдай деген болатын:«Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор.Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Бүгінде халықаралық стандарттар негізінде Назарбаев университеті мен Зияткерлік мектептер табысты жұмыс істеуде. Кәсіптік-техникалық білім берудің озық мекемелерінің желісі дамып келеді. Олардың тәжірибесін бүкіл қазақстандық білім беру жүйесіне таратып, барлық білім беру мекемелерін солардың деңгейіне тарту қажет.Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Арқаулық педогогтык білім берудің үлгі-қалыптарын, мектептер мен жобалар оқытушыларының біліктілігін арттыруға талаптарды күшейту қажет. Әр өңірде педогогтардың біліктілігін арттыратын интеграцияланған орталықтар жұмыс істеуі тиіс.Үшіншіден, біліктіліуті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет. Мемлекет бір мезгілде білім беру қызметтерін көрсетуге әрі олардың сапасына баға беруге тиіс емес.Үкіметке үстіміздегі жылы қанатқақты режімде салалық ассоциациялар арқауында1-2 салаларда тәуелсіз Біліктілікті бектіу орталықтарын құруды тапсырамын», -деді Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев [1, 1].Еліміз дамуының жаңа кезеңі барлық сала­лардың инновациялық-индустриялық дамуына көшуді қарастыратын жаңа міндеттерді алға қойды. Бұл жаңа талаптарға сәйкес білім беру жүйесінің барабар өзгерістерін талап етті. Осы мақсаттарды іске асыру үшін 2011 жы­лы Мемлекет басшысы Білім беруді дамытудың жаңа мемлекеттік бағдарламасын бекітті. Бұл стратегиялық құжатта Қазақстан Рес­пуб­ликасы мемлекеттік саясатының 2011-2020 жылдарға арналған білім беру саласының ұйымдастыру негізі қаланды. Сонымен бірге тиімді адами капиталды құ­ру, инновациялық жобаларды іске асыру үшін жо­ға­ры білікті кадрларды тәрбиелеу және жаңа тех­нологияларды құруға ерекше назар ауда­рылды.Қазақстан Тәуелсіздігінің мерейтой жылы бі­лім беруді дамытуды іске асырудың алғашқы жылымен тұспа-тұс келуі жай емес. Бұл жыл білім және ғылым жүйесіне терең және ма­ңыз­ды өзгертулер әкелді деп айтуға болады. Биылғы жылдың басты жетістіктерінің бірі – одан арғы жұмыстың құқықтық негізін қа­ла­ған «Білім туралы» және «Ғылым туралы» екі Заңның бекітілуі болып табылады. Оларды іске асыру үшін 2011 жылғы бірінші жартыжылдықта 83-тен астам нормативтік құ­қықтық актілер бекітілді, 48 акт әзірлену үстінде [2, 1].Білім беру үдерісіне оқытудың заманауи әдістемелері мен технологияларын ұдайы енгізіп отыру аталған саланы жаһанданудағы ең басты міндеттердің бірі ретінде алға тартты. Сонымен қатар, педогогикалық құрамның сапа-деңгейін арттыру мәселесі де маңызды шаралар қатарынан орын алды. Биылғы жылдан бастап базалық педогогикалық білім стандарттары мен біліктілікті арттыруға қойылатын талаптарды күшейту бойынша көптеген ұйымдастыру шаралары қолға алынғалы отыр. Сондай-ақ педогогтардың біліктілігін растайтын тәуелсіз мекемелер қызметіне жүгінетін боламыз. Қысқаша айтқанда, кадр сапасын сараптау міндетін сол кадрды даярлаған ЖОО-дан өзге бейтарап мекеме атқарғаны өте дұрыс деп ойлаймын.Елбасы Н.Назарбаев белгілеген Қазақстанның даму стратегиясы еліміздің әлемдік қауымдастықтағы бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған. Жалпы алғанда, ұлттық білім беру жүйесінің, оның ішінде жоғары мектептің ілгері дамуы Президент қойған міндеттердің табысты түрде жүзеге асырылып жатқандығының дәлелі болып табылады. 2010 жылы Қазақстанның Болонья декларациясына қосылуы еліміздің тарихындағы маңызды оқиға болып, отандық жоғары оқу орындарын еуропалық білім беру кеңістігінің толық құқылы серіктесі етті. Мұндай серіктестік белгіленген өлшемдерді ұстануға міндеттейді. Аккредиттеу арқылы білім беру қызметінің сапасын қам­та­масыз ету осылардың ішін­де­гі басым бағыт болып табылады. Бүгінгі таңда әлемдік тәжі­рибе көрсетіп отырғандай, жо­ға­ры оқу орны үшін аккредиттеуден өту, оқу орнының жұ­мыс жасауы мен заңды түрде қызмет етуінің міндетті шарт­тарының бірі болып отыр. Еу­ро­палық академиялық қауым­дас­тық аккредиттеуді ұйымдас­ты­ру мен өткізу мәселесіне өте мұқият қарайды. Себебі, аккредиттеуден өту арқылы жоғары оқу орны өзі тәріздес оқу орындары арасында беделінің жоға­ры екендігін дәлелдейді және бұл оның «сапа белгісі» болып табылады. Жетекші еуропалық елдердің аккредиттеу агент­тік­тері (олардың ішінде EQAR, ENQA) жүйелерінің салыстырмалы стандарттары білім беру бағдарламаларының жоғары сапасына кепілдік және жоғары оқу орнына жұмыс берушілер мен білім беру қауымдастығы ортасында танылуына мүмкін­дік береді. Еуропалық жоғары оқу орындарында ұлттық және халықаралық аккредиттеуді өт­кізу тек сапа кепілдігі ұйым­дары­ның еуропалық тізіміндегі арнайы агенттіктерге ғана се­ніп тапсырылады. Отандық жо­ғары мектеп осыған ұқсас жолмен келе жатыр: Қазақстан Рес­публикасы Білім және ғылым министрлігі отандық жоғары оқу орындарына өз қызметін тәуелсіз бағалауды жүзеге асы­руға мүмкіндік беретін аккредиттеу мен саралаудың ұлттық үлгісін құрды. Бүгінгі таңда жиырмадан астам отандық жо­ға­ры оқу орны ұлттық инсти­ту­цио­налдық аккредиттеуге ие болды. Ал, бұл халықаралық аккредиттеуден өтудің міндетті шарт­та­рының бірі болып табылады. Қазақстандық жоғары оқу орын­дарының халықаралық тұр­ғыда танылуға деген ұмтылысы қазіргі кезде қоғамдық-кәсіби аккредиттеуді дамытуға байланысты болуда. Қазақстан Рес­публикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдар­ға арналған Мемлекеттік бағ­дарламасы елімізде тәуелсіз аккредиттеу құрылымын дамыту бойынша шарттарды құруды қарастырады [3, 3].Президент білім беру жүйесін жаңғырту ба­ғытында алдымызға ұлан-ғайыр міндеттер қойды. Оқыту үдерісіне қазіргі заман­ғы әдістемелер мен технологияларды енгізу уақыт талабы екенін ұғынатын мезгіл жетті. Сонда ғана қазақстандық білім беру жүйесі одан әрі өркендеп, халық­аралық стандарттарға теңесетін болады. Елбасы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында оқу үдерісіне осы заманғы әдістеме мен ақпаратты технологияны енгізу қажеттігін атап көрсетті. Бүгінде оқу-әдістемелік базаны кредиттік технологиясыз көзге елестетудің өзі қиын. Оқу үрдісіне оқытудың ин­терактивті технологиясын енгізу, оның ішінде, бейнеконтентпен қашықтықтан оқыту технологиясын қолдану, инже­нер­лік-техникалық мамандықтар бойынша материалдық-техникалық базаны нығай­ту, электронды оқу залдарының санын кө­бейту, ғылыми-зерттеулерді ұйым­дастыру кеңінен жалғасып келеді.Қазақстандықтарды жұмыспен қамту деңгейін жоғарылату жоғары білім беру жүйесіндегі жаңашылдықсыз іске аспай­ты­нын қазір екінің бірі түсінеді. Ака­де­миялық ұтқырлық орталығы осы мақ­сат­пен құрылған. Ол, екінші жағынан, ака­демиялық ұтқырлық дамуының орта­лық­тандырылған жобасын жүзеге асыру қажеттілігінен туындаған болатын. Қа­зақ­стан Республикасының білім беру ісін дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес Болон декларациясының бір қағидаты осылайша жүзеге асып отыр [4, 2].Қазіргі таңдағы адамзаттың тіршілігінің негізгі тұғырнамасы – білім болып табылады. Тәуелсіздік ал­ғалы бері жыл сайын жүргізіліп, білім жүйесіне енгізіліп отырған реформалар біз­дің болашағымызға салынып жатқан даңғыл жол деп айтуымызға болады. Себебі, қай мемлекеттің болсын даму жолы, яғ­ни экономикалық-әлеуметтік жағ­дайына тікелей апарар жол – сол ел­дің білімінің дамуы болып та­былады. Яғни, болашақта бә­се­кеге қабілетті мемлекеттер қатарына ену мін­деті бәсекеге қабілетті жас маман мойнына жүктелетін абыройлы да, жауапты міндет болып отыр. Бүгінгі жас ұрпақ – ертең­гі мемлекет тұтқасын ұс­тау­шы білікті маман, ел тағ­дырын шешуші азамат. Олай болса еліміздің болашағы болып табылатын жас мамандарға білім беретін ЖОО-дың білім жүйесін дамыту заман талабы, - деп айтуымызға болады.


1   2   3   4   5   6   7   8

перейти в каталог файлов


связь с админом