Главная страница
qrcode

8 сынып тест. 8-сынып 2014 жыл аза стан тарихы (Х ііі . 1914 ж.)


Скачать 119.63 Kb.
Название8-сынып 2014 жыл аза стан тарихы (Х ііі . 1914 ж.)
Анкор8 сынып тест.docx
Дата18.10.2017
Размер119.63 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8 сынып тест.docx
ТипДокументы
#28079
страница1 из 5
Каталог
  1   2   3   4   5

Абылаева А.


8-сынып 2014 жыл

Қазақстан тарихы (ХҮІІІ ғ.-1914 ж.)
ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ хандығының ішкі және сыртқы жағдайы.


  • Көшім хандығының ыдырауы және орыс елінің кең-байтақ Сібір жерін, Қазан (1552ж.), Астрахань (1556ж.) хандықтарын жаулап алуы,Кама сауда жолының құрылуына әкелді.

  • Жоғарғы Ертіс бойына салынған бірқатар әскери бекіністер Ресей әскерінің ішкерілеп енуін жеңілдетті:Жәміш (1716 ж.), Омбы (1716 ж.), Железинск (1717 ж.), Семейпалатинск (1718 ж.), Павлодар, Өскемен (1720ж.)

  • 1714-1720ж. патша үкіметінің Ертіс бойына әскери бекіністер салудағы басты мақсаты Қазақ өлкесін біртіндеп басып алу

  • Қазақ-жоңғар қарама-қайшылықтарының шиеленісуі салдарынан қазақ өлкесіне кімдердің әскери жорықтары Ресейдің бұл аймақтағы ықпалын күшейте түсті И.Д.Бухгольц, В.Чередов, П.Ступин, И.Н.Лихарев

  • Қазақ жерін біріктіруші Тәуке хан

  • Тәуке хан қайтыс болғаннан кейін хандық билікті әлсіретіп алды Қайып сұлтан


§ 1-2.Қазақ халқының жоңғар шапқыншылығына қарсы күресі


  • ХҮІІ ғасырдың 40 жылдарынан бастап Қазақ хандығына қауіп төндірген мемлекет Жоңғария

  • Қазақстанға жойқын жорықтар ұйымдастырған Жоңғарияның мақсаты Қазақ елінің тәуелсіздігін жойып, ұлан-байтақ жерді өзіне қарату

  • Жоңғар қонтайшысы Себан-Рабданның қазақ жеріне жорығы сәтсіз аяқталды 1713 ж.

  • Жоңғария барлық күш-қуатын қазақ еліне қарсы жұмсауға мүмкіндік алды Цинь императоры Канси өлгеннен кейін

  • Қазақ халқының қасіреті болған «Ақтабан шұбырынды» қай жылы болды. ХVІІІғ. 20 жылдары (1723-1725ж)

  • Ұлы жүз рулары Шыршық өзенінің Сырдарияға құяр сағасынан өтіп, Ходжентке қарай ойысты

  • Жоңғар шапқыншылығы салдарынан Орта жүздің рулары Самарқанға ойысты

  • Кіші жүз рулары Ырғыз, Торғай, Жайық, Ор өзендеріне қарай ығысты

  • Жоңғар шапқыншылығынан қатты ойрандалған Жетісу өңірі

  • 1710жылы қазақ жерінің Қарақұм маңындағы бас қосу себебі. Жоңғарларға қарсы соққы беру

  • 1710 жылы қазақ жүздерінің белгілі өкілдері бас қосып жоңғарларға соққы беру мәселесін талқылаған жер Қарақұм маңы

  • ХҮІІ ғасырдың ортасында жоңғар мемлекетінің күш- қуатын біршама арттырған қонтайщы Батыр

  • Аягөз маңындағы қазақ жасақтарының жоңғарлардан жеңіліске ұшыраған жылы 1718 ж.

  • 1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғар әскерлеріне күйрете соққы беруі Бұланты өзені жағасы, «Қара сиыр» деген жерде

  • 1726 жылы болған «Қалмақ қырылған» шайқасының маңызы Қазақстанның солтүстік-батысы азат етілді

  • 1726 жылы қазақ жасақтарының жоңғарларды талқандауының басы болған оқиға «Қалмақ қырылған» шайқасы

  • «Қара сиыр» деген жерде болған қанды шайқас қазақ-қырғыз және басқа халықтардың 60 мыңдық қолының толық жеңісімен аяқталды

  • Ордабасы тауына жиналған қазақ жүздерінің шешімі бойынша жоңғарларға қарсы күресте қазақ жасақтарының бас қолбасшысы болып сайланған хан Әбілқайыр

  • Балқаш көлінің маңында Аңырақай жерінде жоңғарларға күйрете соққы берген жыл 1730 ж.

  • Жоңғар шапқыншылығы кезінде дүниеге келген ән «Елім-ай»

  • «Елім-ай» әнінің авторы Қожаберген жырау

  • Жоңғарлар Түркістан мен Ташкентті басып алды 1725ж.

  • Жоңғар қолының Қазақстанға тұтқиылдан басып кіруі 1723жылы

  • Аңырақай шайқасында барлық жасаққа қолбасшылық жасаған Әбілқайыр

  • Аңырақай шайқасы болды 1730 жылдары

  • Жоңғарларға қарсы күресте қол бастап ерекше көзге түсіп есімдері аңызға айналған қазақ батырлары Қабанбай, Бөгенбай, Саурық, Малайсары, Наурызбай, Баян, Жауғашар, Жәнібек, Райымбек

  • Болат хан өлгеннен кейін аға хандыққа таласқан қазақ хандары Сәмеке мен Әбілқайыр

  • Қазақстанның оңтүстігіндегі Ордабасы тауының маңына қазақ жасақтарының жиналуының себебі Бұл жер Жетісуды азат ету үшін жақын болды

  • Топононимикалық мәліметтер бойынша қазақ жасақтары Ордабасы тауында қалай орналасты Жүздік негізде


§ 3.Кіші жүздің Ресей империясы құрамына кіруі


  • Қазақстанның Ресейге қосылуының басталған кезеңі 1731ж

  • Кіші жүзді Ресейдің қол астына қосу ұсынысын қабылдаған патша Анна Иоанновна

  • ХҮІІІ ғ. І-ші жартысында қазақтардың Ресейге қосылуын ұйымдастырушы Әбілқайыр хан

  • Кіші жүздің ханы Әбілқайырдың жұмсауымен қазақтардың Ресейге қосылуы туралы келісім жүргізген елшілер Сейітқұл Қойдағұлұлы мен Құтлымбет Қоштайұлы (1731 ж. ақпанның 19-ы)

  • 1731ж Әбілқайырды қолдап Ресейдің қол астына кіруге ант берген Кіші жүз старшындарының саны 29 старшын

  • Қазақтардан ант алуға Ресейдің орыс елшілігін басқарып келген елші А.Тевкелев

  • Кіші жүздің дербестігін сақтап қалуға тырысқан Бөкенбай батыр (табын руының батыры)

  • Кіші жүздің Хиуа хандығымен , қарақалпақтармен шектесіп жатқан аймақтары Ресей империясына қосылмады ХІХ ғ. ортасына дейін

  • 1734 жылы Сенаттың бас хатшысы И.К.Кириллов басқарған экспедицияның басты мақсаты Ор өзені бойында бекініс тұрғызу

  • 1734 жылы Қазақ жерінде ұйымдастырылған экспедиция «Қырғыз-қайсақ»

  • 1734 ж.ұйымдастырылған «Қырғыз-қайсақ» экспедициясының мақсаты 1) Кіші жүз жеріндегі табиғи ресурстарды зерттеу, 2)Орта Азия хандықтарымен керуен саудасын кеңейту,

  • 3) Сырдария бойында қала тұрғызып, өзен флотилиясын ұйымдастыру.

  • 1735ж Қазақстанның солтүстігінде өзен бойына салынған бекініс Ор

  • 1738ж Орынборда қазақ сұлтандарының съезін шақырған, Орынбор комиссиясының бас-

  • шысы В.Татишев (Әбілқайырмен қатар оның ұлдары Ералы, Нұралы бар, 60-қа жуық Кіші және Орта жүз старшындары Ресейге ант берді)

  • Башқұрттардың көтерілісін басуға патша үкіметі Кіші жүз жасақтарын жұмсады 1735-1737ж.

  • 1740ж. Кіші жүздің шекарасына қауіп төндірген мемлекет Иран (Нәдір шахтың Хиуаны талқандап ,Сырдарияға жақындауы)

  • Орынбор шекаралық комиссиясының төрағасы И.И.Неплюев 1735 жылы негізі қаланған Орск қалашығын 1743 жылы жаңа жерге көшірді. Бұл қоныс Орынбор деп аталды

  • Өзінің зардабы жағынан жоңғарлардың «Ақтабан шұбырындыдан» кем түспейтін шабуылдары қай жылдары болды 1741-1742ж.

  • Ресей Сенаты қазақтарды және шекаралық өңірдегі бекіністерді қорғау жөнінде арнайы жарлық шығарды 1942 жылғы мамыр айының 20 күні

  • Патша үкіметі қазақтарға Жайықтың бойына көшіп-қонуға тиым салды: 1742 жылы

  • 1742ж 20мамырда Ресей сенатының Жарлығы Қазақтарды және шекаралық өңірлерді қорғау туралы

  • 1747ж Нәдір шах өлгеннен кейін Хиуа тағына отырған хан Қайып сұлтан

      • Әбілқайырдың Ресей құрамына кірудегі ең басты мақсаты Ресеймен сенімді байланыс орнатып, бар күшті қалмақтарға жұмылдыру

  • Әбілқайырды 1748ж. өлтірген Барақ сұлтан


§ 3. Қазақстан ХҮІІІ ғасырдың ортасында


  • Әбілқайыр хан қайтыс болғаннан кейін Кіші жүздің оңтүстік-шығысы Батыр сұлтанның, ал солтүстік-батыс өңірі Нұралының ықпалында болды

  • Кіші жүздің билеушісі Нұралы хан Орыс патшасы ресми бекіткен алғашқы хан

  • Башқұртстанда патша үкіметінің отарлау саясатына қарсы азаттық күресінің жаңа кезеңі басталды. 1735ж.

  • 1735 жылы патшаның отарлық саясатына қарсы күреске шыққан башқұрттардың қарсылықты жаныштау кезінде бас сауғалап көршілес Қазақстанға қашқандары 50 мың адам

  • Қалдан-Серен қайтыс болды 1745 жылы

  • 1747ж. Алтай өңіріндегі тау-кен кәсіпорындарын орыс патшалары отбасыларының меншігі деп жариялады Елизавета Петровна

  • Жоңғар мемлекетінің иелігі Цин өкіметінің меншігі деп жарияланды 1755 ж.

  • Жоңғария дербес ел ретінде тарихи сахнадан жоғалды 1758 ж.

  • Бұрынғы Жоңғар жерінде қандай империялық әкімшілік бірлік құрылды Шыңжаң

  • ХVІІІ ғ. 50ж. солтүстік-шығыс Қазақстандағы ұзындығы 723 верст болатын шебі Колыван шебі

  • 1745-1759 ж. қазақ даласы арқылы Орынборға жеткізілген мал басының жалпы құны .

  • 1 млн. сом

  • ХVІІІ ғ. екінші жартысында орыс-қазақ саудасының біршама белгілі орталықтары-Жәміш, Железинск, Омбы, Семей, Өскемен, Бұқтырма

  • Бұқтырма бекінісінің негізі қаланды 1761 жылы

  • Қазақ-орыс сауда байланысының біршама кеңейген кезі ХVІІІ ғ. 60- жылдары

  • 1766 ж .Әбілмәмбет ханның ІІ Екатеринаға хат жолдау себебі Түркістан арқылы өтетін керуендерді Семей ,Жәміш бекіністерінде шек қоймай қабылдауға рұқсат алу

  • 1766 ж. Екатерина патшадан Түркістан арқылы өтетін керуенді Семей, Жәміш бекіністерінде қабылдауға рұқсат алған хан Әбілмәмбет

  • Көшпенділердің күнделікті қажеттерін қамтамасыз ететін басты орыс тауарлары Шойын қазан, шұға, қант

  • Ташкент, Бұхар, Қоқан, Қашқар көпестері жиі келетін сауда орталығы Қызылжар (Петропавл) қаласы.

  • ХҮІІІ ғ. ІІ жартысындағы қазақ- орыс саудасының белгілі орталығы Семей, Бұқтырма, Өскемен

  • Жайық жағасына жақын жерде мал жаюға алғаш рет ресми шек қойылды 1756 ж.

  • Ең құнарлы жерлер кімнің қолында болды князь Юсупов пен граф Безбородко

  • Орыс-казактардың санын көбейту үшін Қазақстанға әкеліп орналастырды қылмыскерлерді, жерсіз шаруаларды, Доннан, Башқұрт жерінен казактарды

  • 1760 ж. қазақ жеріне әкеліп қоныстандырды Доннан, Башқұрттан казактарды

  • Орта жүз қазақтарына Ертістің оң жағасына мал жаюға рұқсат етілді 1799 ж. қараша айында І Павелдің жарлығына сай

  • 1799 ж. қарашада Орта жүз қазақтарын Ертістің оң жағасына қайта қоныс аударуға рұқсат еткен император І Павел


§ 5. Абылайдың хандығы


  • Абылайдың өмір сүрген уақыты 1711-1781 ж.

  • Абылайдың атасы «қанішер Абылай» билік құрған қала Түркістан

  • Абылай ханның бала кезіндегі лақап аты Сабалақ

  • Абылай жоңғарларға қарсы күреске белсене ат салысты 15 жасында

  • Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен Абылай сұлтан Орскіге келіп, Ресей империясының билігін мойындады 1740 ж.

  • Орынбор комиссиясының төрағасы князь Урусовтың мақсаты бүкіл Орта жүзді Ресей құрамына қабылдау

  • ХҮІІІғ қазақ жерін қалпына келтіріп, билік жүргізген хан Абылай

  • 1741-1743 ж. Абылай сұлтан тұтқында болды Жоңғарияның

  • Қытайлармен шайқаста жеңіліс тауып, Абылайдан көмек сұраған Жоңғар тағына таласушылардың бірі Әмірсана

  • Қытайлар қазақ шекарасына осы ханның тұсында басып кірді Абылайдың

  • Жоңғар-қазақ қақтығыстары қалмақтардың Орта жүзге басып кіруіне себепші болды 1752 жылы

  • Қытай қолбасшылары Фу Дэ, Чжао Хой бастаған әскерінің Қазақстанға басып кірген жылы 1757 жылы маусым айында

  • Абылай Пекинде Қытай билігін мойындады 1757-1760 жылдары

  • Абылай ханның Қытаймен келіссөз жүргізу нәтижесінде қайтарып алған жері Тарбағатай таулары, Алтай, Зайсан көлінің шығысы

  • ХVІІІ ғ. 70-жылдарының басында Абылай бірқатар соғыстарда соққы берді Ходжент әміршісіне, Ташкент бегіне

  • ХVІІІ ғ. 70 жылдары Абылай бірқатар соғыстарда соққы беріп, салық төлеуге мәжбүр еткен қала Ташкент

  • Қазақтар жоңғарлармен соғысып жүргенде өзбек бектеріне ауып кеткен қандай қалаларды Абылай хан қайтадан қазақтарға қаратты Түркістан, Сайрам, Шымкент, Созақ.

  • 1771 жылы Орта жүздің ханы Әбілмәмбет қайтыс болғаннан кейін хан тағына отыруға тиіс мұрагер Әбілпайыз

  • Абылайды ақ киізге көтеріп ,хан сайлады 1771 жылы

  • 1778жылы 24 мамырда ІІ Екатерина Абылай ханды Орта жүздің ханы етіп бекітті

  • Абылай хан құқығын шектеген кеңес билер кеңесі

  • Абылай тұсында хан билігіне енгізілген өзгеріс Хан билігі шексіз болды

  • Абылай хан жер өңдеу шаруашылығын дамытқан өңір Ертіс бойы

  • Абылай хан дамытуды қолдаған шаруашылық саласы Егіншілік




  • 1761жылы Абылай орыс патшасынан ағаш ұстасын және 200-300 пұт астық жіберуді сұраған хат жазды ІІ Екатеринаға

  • Абылай ханның ішкі және сыртқы саясатына әсер еткен дарынды адам Бұқар жырау

  • Көзінің тірісінде үлкен абыройға ие болып, қазақ халқының есінде «қазақ жерін біріктіруші» ретінде қалған хан Абылайхан

  • Абылайдың бас мирасқоры Уәли

  • Абылай хан жерленген қала Түркістан


§ 6. Е. И. Пугачев бастаған шаруалар соғысы


  • Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісі болған жыл 1773-1775ж

  • Е.Пугачев көтерілісіне қатысқан қазақ жүздері Кіші Жүз және Орта Жүз

  • Қазақтардың Е.Пугачев бастаған шаруалар соғысына қатысуына түрткі болған Жер мәселесі

  • Нұралы хан көшпенді қауымның талаптарын ескеріп,патша үкіметінің Жайық бойында мал жаюға тыйым салынған үкімін жоюды талап еткен жыл 1742ж.

  • Елизавета Петровна башқұрт көтерілісін басуға көмектескені үшін қазақтарға Жайықтың сол жағасында малдарын жаюға уақытша рұқсат етті 1756 жылы

  • 1771 жылы Жоңғарияға қарай көшіп кетті 30 мыңнан астам қалмақтар

  • 1743 жылы 17-18 қарашада Усиха өзенінің бойында Пугачевке жолыққан Нұралы ханның арнайы өкілі Зәбір

  • Е.Пугачевті ашық қолдап, оған қарулы топ жіберген кіші жүз сұлтаны Ералы, Досалы (ұлы Сейдалы)

  • Пугачев бастаған шаруалар соғысы кезінде Кіші жүз қазақтары қатысқан ұрыстар Жайықты қоршауға, Кулагинді алуға

  • Е.Пугачев бастаған шаруалар көтерілісінде басты күш қазақтардан құралып басып алған бекініс Кулагин

  • Е.Пугачев әскерімен бірге Орынборды қоршауға қатысқан қазақтар саны 200-дей

  • Орта жүз қазақтарының Пугачев көтерілісі кезінде 1773 ж. қазан айында шабуыл жасау үшін жиналған бекінісі Пресногорьковск

  • Е.Пугачев үндеуін қолдаған орта жүз биі Дәуітбай

  • Е.Пугачев көтерілісінің басты орталықтарын талқандаған орыс қолбасшысы генерал Суворов

  • Кіші жүз қазақтарының Пугачев көтерілісіне қатысуын Нұралы хан қалай түсіндірді Қазақтардың өзіне бағынбай кетуінен

  • Кіші жүздегі көтеріліс басшыларының бірі, Пугачев көтерілісіне қатысқан батыр Сырым

  • 1774-1775 жылдары Сібір шебінде орналасқан тұрақты әскердің саны 3500 адам

  • 1776 жылы сәуір айында үкіметке жолдаған арнайы хатында «тыныштық» орнағанын қуана хабарлаған генерал Н.А.Рейнсдорп


§ 7. Сырым Датұлы бастаған шаруалар көтерілісі (1783-1797 жж.)


  • Сырым Датұлы старшын болған ру Байбақты

  • С.Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші шаруалар

  • С.Датұлының казак әскерлерімен алғашқы ашық қақтығысы болды 1783 жылы

  • 1783-1797ж ылдары С.Датұлы бастаған көтеріліс қамтыған аймақ Кіші Жүз

  • Сағыз өзені бойында Сырым әскері қаншаға жетті 1000 адамға

  • Сырымды қолдаған рулар байбақты, табын, тама

  • 1785ж наурызда Сахарная бекінісіне шабуыл кезінде тұтқынға түскен қазақ сұлтаны Айшуақ

  • Симбирск, Орынбор, Уфа өлкесінің билеушісі О.Игельстром

  • 1785 жылы жазда Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім Нұралыны тақтан тайдыру

  • Патша өкіметі Каспии теңізі мен Жайық өңіріндегі шұрайлы жерлерді отарлауда пайдаланды Нұралы хан мен Батыр сұлтанның арасындағы алауыздықты

  • Нұралыны хандықтан тайдыруды қолдаған Кіші жүз рулары 20-ға жуық

  • Нұралы қайда жер аударылды 1786 ж. Уфаға жер аударылып, 1790 ж. сонда қайтыс болды.

  • Кіші жүздегі хандық билікті жою, отаршылдықты күшейту туралы реформаның жобасын жасаған Барон Игельстром

  • Барон Игельстромның жобасын бекіткен ІІ Екатерина

  • Игельстромның жобасы бойынша Кіші жүздегі билік берілді Шекаралық сотқа

  • Шекаралық сот тікелей бағынды Генерал-губернаторға

  • Орынборда Шекаралық комиссия құрылды 1786ж.

  • Ералы хан сайланды 1791 жылы Орск қаласы маңында (1794 жылы қайтыс болды)

  • Сырымды табанды түрде қолдағандар Айшуақ сұлтанның баласы-Жантөре, жиендері-Ералы мен Қайсар, старшындар- Ілекбай, Барақ, Жиақас, жағалбайлы старшыны Тотбай ,төртқара руынан Қаражан, табын руынан Бармақ

  • 1797 ж.наурыз айының 17-сінде Сырым тобы тұтқиылдан шабуыл жасады Хан сарайына

  • С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде өлтірілген Кіші жүз ханы Есім

  • С.Датұлы бастаған көтеріліс кезінде халықтың жағдайын нашарлатқан жұт болды 1796-1797ж

  • 1797 жылы Сырымды қудалаған топты басқарды Полковник Скворкин

  • 1797 жылы Сырым Датұлының жақтастары хан сарайына шабуыл жасап Есім ханды өлтіргеннен кейінгі жағдай Патша үкіметі Сырыммен келіссөз жүргізуге әрекеттенді

  • 1797жылы барон Игельстромның ұсынысы бойынша патша үкіметі бекіткен хан Айшуақ

  • Орыс әкімшілігінің С.Датұлын өзіне тарту үшін жасаған әрекеті Кіші жүздегі хандық билікті жою ,Айшуақ бастаған хандық кеңес құру

  • 1797 жылы С.Датұлын қуғындаған Кіші жүз билеушісі Қаратай сұлтан

  • С.Датүлы көтерілісінің нәтижесі Қазақтарға Жайықтың оң жағына өтуге рұқсат берілді

  • Жайықтың оң жағасына мал жаюға І Павел рұқсат берді 1801 жылы 11 наурызда

  • 1802 жылы С.Датұлы қаза болған жер Хиуа хандығы

  • С.Датұлы көтерілісі созылды 14 жылға


  1   2   3   4   5

перейти в каталог файлов


связь с админом