Главная страница

кн глосарий. А агент б л тауарды ндіруші немесе т ынушы м дделерін ана аттандыру ма сатында іс-эрекет етегін т л а. Адами капитал


НазваниеА агент б л тауарды ндіруші немесе т ынушы м дделерін ана аттандыру ма сатында іс-эрекет етегін т л а. Адами капитал
Дата14.05.2019
Размер32 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлакн глосарий.docx
ТипДокументы
#62985
Каталог

А

Агент бұл тауарды өндіруші немесе тұғынушы мүдделерін қанағаттандыру мақсатында іс-эрекет етегін тұлға.

Адами капитал белгілі бір уақыт аралығында табыс ғабуға мүмкіндік беретің және салынған инвестициялардың нәтижесі болып табылатын адамның өндіруші акгивтері (қабілеттер, білім, бейімдер).

Аннуитеттер салымшыға уақыттын белгілі бір аралықтарында табыс әкелетін инвестициялар.

Акцепт бұл оферта жіберілген тұлғаның оны қабылдау туралы жауабы.

Акционер акционерлік қоғамның ортақ иесі, белгілі бір табысты алу және істерді басқаруға қатысу құқығын беретін акциялар иесі.

Акционерлік қоғам жарғылық қоры акционерлердің арасында таратылған акцияларды белгілі бір санына бөлінген занды тұлға, мұндағы акциялардьщ саны олардың пайдадан озінің үлесін (дивидендтер) алу құқығын куәландырады.

Акцин акционерлік қоғам шығаратын, иеленушінің осы қоғам каииталына қатысатынын куәландыратын және иеленушісіне пайданың белгілі бір болігін дивиденд түрінде алу құқығын беретін бағалы қағаз.

Акциялардың бақылау пакеті меншік иелеріне бүкіл акционерлік қоғамның қызметің бақылауға мүмкіндік беретін акциялардың жалпы құнының (санының) үлесі. Теориялық тұрғыда бұл үлес акциялардың барлық сомасының 51%-ы ретінде анықталады.

Антренренер меншік иесі, жалға алушы, жеке көрме кәсіпорнын ұстаушы.

Аутсорсинг басқа бір үйымға бизнестің қандай да бір функцияларын беру. Өнімді ондірумен байланысты қандай да бір міндеттер тэуелсіз фирмаға берілетін ондірістік аутсорсингті (әзірлемелер мен Құраушылар аутсорсингі және өнім өндірісін қамтамасыз ету бойынша операциялар мен функциялар аутсорсингін) боліп корсетсді. Сонымен қатар тэуелсіз үйымдарға қандай да бір басқарушылық, көбінесе маркетингтік, өгкізушілік және т.б. функциялар берілетін басқарушылық аутсорсингті боліп көрсетеді.

ә

Әмбебап этика бұл кәсіби бейімділігі мен элеуметтік функцияларына тәуелсіз, барлық адамдар үшін міндетті ережелер, нормалар және қағидалар.

Әртараптапдыру кәсіпорында өнім өндіру барысында негізгі өнім өндіруден басқа жаңа өнімдер өндіру, өндірілетін тауарлар мен қызметтердің ассортиментін кеңейту.

Б

Банкроттық жеке немесе занды түлғаның (фирманың, банктің, кәсіпорынның) күйреуі, төлем қабілетсіздігін, өзінің міндеттемелері бойынша борыштарын төлеуден бас тартуын ресми түрде (соттың) мойындауы.

Банктік несиелеу төлемділік, жеделділік және қайтарымдылық болған жағдайда кәсіпорын қажеттіліктерін қаржыландыру әдісі.

Бәсеке табиги жағдайда немесе заңнама аясында объективті және субъективті қажеттіліктерді канағаттандыру үшін бәсекелестер арасындағы күресте жеңіске немесе басқа да мақсаттарға қол жеткізу үшін субъектінің өзінің артықшылығын басқару үрдісі.

Бәсекеге қабнетті.нк нарықтық қатынастар жағдайында өз қызметін жүзеге асыру және өндірісті ғылыми-техникалық жетілдіру, қызметкерлерді ынталандыру және өнімді жоғары сапалы деңгейде үстап қалу үшін жеткілікті пайда алу қабілеті.

Бизнес өнімнің немесе қызметтің белгілі бір түрін Құру мен откізуге бағытталған нарықтық экономика жағдайындағы субъектінің экономикалық қызметі.

Бизнес-жоспар бұл бизнес-операцияларды, кәсіпорынның ісэрекеттерін жүзеғе асыру жоспары, онда кәсіпорын, оның тауары, әндірісі, өнім еткізу нарықтары, маркетинг, операциялар мен олардың тиімділігі туралы мәліметтері көрсетіледі.

Биржа — қағаздармен, валютамен сауда жасалатын немесе тауарларды кәтерме сату жүзеге асырылатын, үйым түрінде ресімделген түрақты қызмет етуші нарық, нарықтық экономиканың маңызды реттеушілерінің бірі.

Биржалық мәмілелер биржада еткізілетін мэмілелер белгілі бір ережелер бойынша биржалық делдалдармен өткізіледі. Нақты Құндылықтары бар мэмілелерді, форвардтық (жедел) мэмілелерді, фьючерстік және опциондық мәмілелерді қамтиды.

Бреидинг тауардың бәсекелестер арасынан ерекшелейтін және оның образын қалыптастыратын бір типті ресімдеу мен белгілі бір идеялармен біріктірілген маркетинг құралдарының: тауар белгісінің, қораптаудың, жарнамалық ұсыныстардың және т.б. көмегімен тұтынушыға эсер етуге негізделген тауарға ұзақ мерзімді басымдылық беру бойынша қызметтің түрі.

Брокер сатушы мен сатып алушы арасында делдал қызметін атқаратын және мэміле бойынша келіссоздерді жүргізуге септігін тигізетін адам.

В

Валюталық биржа валюталармен ірі колемде сауда жасалатын, үйымдық жағынан жасақталған және тұрақты жұмыс істейтін нарық.

Вексель белгілі бір уақыт откеннен кейінгі оның ұстаушысының (вексель ұстаушының) вексель берушіден ақшаларды толеуін талап етуге құқық беретін жазбаша борыштық міндеттеме.

Венчур б.ұл ірі фирмалардың тәуекелді кәсіпорындарды қаржыландыру нысаны. бірнеше тэуекелді кәсіпорындардың венчурлік капиталы жаңа технологияларға қол жеткізуге, немесе жоба ғабысты түрде жүзеге асырылғандағы акциялар құнының күрт осуіне қызыгушылық білдіретін ірі инвесторларға акциялар пакетін сату есебінен құралады. Венчурлік қаржыландыру шағын кәсіпорындарға бастапқы капиталдытез жинауға, ал ірі фирмаларға бүгінгі минималды тэуекелдермен болашақта ірі табысқа қол жеткізуге мұмкіндік береді.

Г

Гиперинфляңия ерекше ірі ауқымдағы инфляция, ол айналыстағы ақша колемінің және тауар бағасының айрықша гез осуімен сипатталады.

Граит мәдени, ғылыми т.б. мекемелер мен ұйымдарға ақшалай соманы қайтарымсыз бөлу немесе жабдықтарды, құралдарды т.б. сыйға тарту.

Д

Дара кәсіпкерлік — жеке тұлғалардың өз меншігіне негізделген, олардың тэуекелімен және оз мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған жеке түлғалардың ынталы қызметі.

Дивидепд акционерлік қоғамның балансында көрсетілген, пайдаға байланысты болатын акциялар бойынша гөлемдер шамасы.

Дилер өз атынан және өз есебінен тауарды қайта сатуды жүзеге асыратын делдалдық Құрылым (занды немесе жеке түлға).

Дископттау — пайыз нормасының белгілі бір мерзімі арқылы төленетін капиталды активтер табысы сомасының ағымдағы баламасын есегітеу.

Джоббер дайын өнім қорлары бар, тауарлардың тасымалы мен сакталуын қамтамасыз ететін делдалдық ая субъектісі.

Е

Ең


Ецбек келісімшарты кәсіпкер мен жүмысқа қабылданатын адам арасындағы келісім, онда жұмыскердің еңбек функциясы, жүмыс орны, қосымша міндеттемелері, жалақы мөлшері, жүмыс режимі және т.б. қарастырылады.

Еркін бағалар сүраныс пен үсыныс әсерінен қалыптасатын бағалар.

Еркш экономикалық анмақшетелдік инвестициялар ағыны тартылатын, бірлескен кәсіпкерлік қызмет жүзеге асырылатын, экспорттық элеуетті дамыту жүргізілетін, кедендік, салықтық, валюталық режимдері бар арнайы бөлінген аумақ.

Ж

Жалақы жалдамалы қызметкердің алатын ақшалай немесе заттай нысандағы табысы. Жалақының негізгі нысандары: тарифтік (мерзімді және кесімді), тарифсіз және аралас (комиссиялық, дилерлік және т.б.).

Жалға алу шаруашылық қызметті өз бетінше жүргізу үшін жалға алушығаберілген, келісімшартнегізіндежерді, кәсіпорынды, негізгі өндірістік қорларды, басқа да мүлікті жедел және қайтарымды пайдалану.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік бұл бір немесе бірнеше түлғалар Құрған, жарғылық капиталы Құрылтай Құжаттарымен белгіленген мөлшерде үлеске бөлінген серіктестік.

Жеке кәсіпкерлік бұл жеке кәсітікерлік қызметке негізделген және жеке кәсіпкерлік субъектілердің атынан, олардың тәуекелімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылатын, табыс табуға бағытталған жеке кәсіпкерлік субъектілердің ынталы қызметі.

Жоспарлау бұл кәсіпорынның экономикалық жүйесінің болашақ жағдайын анықтайтын жоспарларды жасау мен оны тәжірибелік түрде жузеге асыруды қарастыратын қызмет.

Жүм ысбастыл ық тұлғалық және қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандырумен байланысғы болатын және сәйкесінше оларға жалақы экелетін заңға қайшы келмейтін азаматтардың қызметі.

Жүмыссыідық тұрғындардың еңбекке қабілетті белгілі бір бөлігі, жұмыссыз қалғандағыэкономикадағыжағдай, оларжұмысты іздейді және жаңа мамандық алуға дайын болады. Табиғи (фрикңиондық, институңионалдық, ерікті) және мэжбүрлі (технологиялық, құрылымдық, аймақғық) жұмыссыздықты боліп керсетеді.

3

Заңды түлға азаматтық субъектісі, оның ішінде шаруашылық құқықтары мен міндеттері, озінің жеке балансы, морі мен банкге шоты бар, жарғы немесе ереже негізінде іс-эрекет ететін және банкротлық жағдайында оз иелігіндегі мұлікпен жауап беретін кәсіпорын.

Зиян ақшалай нысанда көрсетілген шығын, шығыстың кірістен асып гүсуі салдарынан кәсіпорындардың, бірлестіктер мен ұйымдардың ақша ресурстарының азаюы.

И

Инвестициялар табыс табу мақсатында жүргізілетін іс, белгілі бір кәсіпорынға қаражат салу.

Инвестициялардың удаиы ондірістік Құрылымы жаңа құрылысқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға және жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғыртуға жұмсалатын салымдардың арақатынасы.

Инвестициялық портфель инвестордың ақша қаражағы салынған бағалы қағаздар (қаржы акгивтері) жиынтығы.

Инвестициялық /язуекет-инвестициялау нәтижесіндезиянғаұшырау ықтималдылығы. Инвестициялық тәуекелдерге портфельдік инвестициялар, яғни жаңашылдық тәуекелдері мен бағалы қағаздарға инвестициялау тәуекелдері жатады.

Инжиниринг технологияны жасап шығаруды, инженерліктехникалық жұмыстар кешенін, сонымен қатар объектілердің құрылысы мен мазмұны, әнімді тереңдетіп өңдеу, жинақтау, кепілдендірілген қызмет көрсету бойынша қызметтерді қосқандағы өнеркәсіптік жобаларды құру және қызмег корсетумен байланысты инженерлік-кеңес берушілік қызметтер жиынтығы ретінде сипатталатын интеллектуалдық қызмет.

Ишперпренер жұмыс істеп тұрған корпорация ішінде кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тұлға.

К

Кясіпкерлер коммерциялық мүмкіндіктерді көре алатын, қажетті капиталға қол жеткізуге байланысты қажет операцияны қалай өткізу керектігін білетін және тәуекелге бара алатын, табыс пен сәтсіздік үшін жауапкершілнсгі өз мойнына ала алатын іскерлік элемдегі адамдар.

Кәсіпкерлердің жауапкершілігі мемлекеттің, қызметкерлердің, тұтынушылардың, шаруашылық жүргізуші субъектілердің құқықтарын бұзуға, орындалмаған (келісімшарттық) міндеттемелерді қалпына келтіруге бағытталған белгілі бір іс-эрекеттерді жасау қажеттілігі, міндеті.

Кәсіпкерлік бұл жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) немесе мемлекеттік кәсіпорынға шаруашылық жүргізу құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген, тауарларға (жұмыстарға, қызметтерге) деген сұранысты қанағаттандыру жолымен таза табыс алуға бағытталған, меншік нысанына тәуелсіз азаматтар мен занды тұлғалардың ынталы қызметі.

Кәсіпкерлік қызмет езіндік ынтаға, жауапкершілік пен инновациялық кәсіпкерлік идеяға негізделген, пайда табуға бағытталған қызметтің ерекше түрі.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау кәсіпкерлік қызметтің бәсекеге қабілеттілігін ұлғайтуға бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі. Мемлекеттік қолдау шаралары нарықтың шаруашылық жүргізуші субъектілерінің белсенділігін ынталандыруға және олардың шаруашылық қызметіне көмек көрсетуге бағытталған. Мұндай шараларға жеңілдіктерді, несиелерді ұсынуды, мемлекеттік тапсырыстармен қамтамасыз етуді және т.б. жатады.

Кәсіпкерлікті мемлекеттік реттеу тәуекелді төмендетуге және кәсіпкерлік қызметтің тұрақтылығын өсіруге бағытталған заңнамалық, атқарушы және бақылаушы сипаттағы шаралар жүйесі.

Кәсіпкерлік қызметті талдау оның қызметінің дамуы мен тиімділігін жақсарту мақсатында, артықшылықтары мен кемшіліктерін анықтап, қажетті іс-шаралар жүргізу үшін зерттеу үрдісі.

Касіпкерлік құпия бұл таралуы зиян келтіретін кәсіпорынның қызметі туралы мәліметтерді құпиялауға (мәліметтерді пайдалануға шектеу қою) кэсітікердің заңмен қорғалатын құқығы.

Кәсіпкерлік мэдениет белгілі бір уақыт арасында субъектілерді кәсіпкерлік аяда экономикалық белсенділіктің қандай да бір түрлеріне бағыттайтын, кәсіпкерліктің тұрақты дамуына септігін тигізетін, жинақталған тәжірибені беруді қамтамасыз ететін мінез-құлық ұлгілерінің, құндылықтар жүйесінің, элеуметтік нормалардың, іргелі қағидалар мен қоғамдық институттардың жиынтығы.

Кәсіпкерлік тэуекел кәсіпорынның элеуетті мүмкіндіктеріне байланысты күтілген табыс меншігін ала алмау немесе әлеуетті мүмкін қауіптің әсерінен болатын ресурстарды жоғалту ықтималдылығы.

Кәсіпкерлік уйымдарды қаржыландыру бұл жай және ұлғаймалы ұдайы өндірісті қаржылық қамсыздандыру шарттары мен қағидаларының, нысандары мен әдістерінің жиынтығы.

Кәсіпкерлік инфрақурылымы оны қалыптастыратын жиынтық элементтерімен біріге отырып, нарықта бәсекеге қабілеттілігін артғыру мақсатында шаруашылық жүргізуші субъектілер қызметі мен сыртқы ортаның әсер етуінің алуантұрлілігін ескере отырып, бизнестің өсіп бара жатқан транзакциялық шығындарын азайтудың пәрменді механизмі.

Кәсіпорынның кадрлық саясаты персоналмен жұмыс жасаудың негізгі бағыттарын анықтайтын теориялық көзқарастар, талаптар, қағидалар жүйесі, сонымен қатар жоғары еңбек өнімділігіне жетуге мүмкіндік беретін жұмыс істеу әдістері.

Кәсіпорын қоғамдық қажеттіліктерді қанағаттандыру мен пайда алу мақсатында жұмыстарды орындау мен қызметтерді көрсету, енімді өндіру үшін құрылған, өз бетінше жұмыс істейтін занды тұлға болып табылатын шаруашылық субъект.

Кәсіпорынның бәсекеге қабілеттілігі бұл еркін нарық жүйесінде, бәсеке жағдайында, тұтынушылардың талаптарына объектілердің сәйкестік дэрежесін сипаттайтын және серпінді нарықта белгілі бір үлесі бар субъект қасиеттерінің жиынтығы.

Келісімшарт азаматтық құқықтар мен міндеттерді орындау, өзгерту немесе тоқтату туралы екі немесе бірнеше тұлғалардың келісімі.

Коммандитті (сенім) серіктестік бұл серіктестіктің міндеттемелері бойынша өзінің бүкіл мүлкімен қосымша жауап беретін бір немесе одан да көп қатысушыларымен (толық серіктестермен) қатар, серіктестіктің мүлкіне өздері салған салымдардың жиынтығымен шектелетін және кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатыспайтын қатысушыларды (салымшыларды) да енгізетін серіктестік.

Коммивояжер бұл тауарды тек сатып қана қоймай, сатып алушыға жегкізетін косіпкер-тұлға.

Конклюдентті іс-эрекеттер түлғаның үнсіз келісімге келуі.

Конқурстық ондіріс несие берушілердің мөлшерлі талаптарын қанағаттандыру мақсатында банкрот деп танылған борышкерге қатысты қолданылатын процедура.

Корпорация акцияларды сату есебінен Құрылатын экономикалық бірлік. Корпорация иелерінің қаржылық жауапкершілігі тек акңионерлік капиталға салынатын салымдарының сомасына ғана таралады.

қ

Қарзкыландыру ақша қаражатының қалыптасу үрдісі немесе кең мағынада, барлық капиталдың барлық түрлерінің қалыптасу ҮРДІСІ.

Қаржылық жоспар бұл ағымдағы (бір жылға дейінгі) және үзақ мерзімді (бір жылдан астам уақытқа) кезеңге ақша қаражатының түсуі мен жүмсалуын сипаттайтын жоспардың қортынды Құжаты.

Қаржылық менеджмент ағымдағы және стратегиялық мақсатқа қол жеткізу үшін кәсіпорынның шаруашылық қызметі үрдісінде пайда болатын ақша ағындардың қозғалысын ұтымды басқару жүйесі.

Қор биржасы үйымдастырылған және түрақты түрде қызмет ететін бағалы қағаздар нарығы.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік бұл қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша жарғылық капиғалға қосқан өздерінің салымдарымен, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда, енгізген салымдарының еселенген мөлшерінде өздеріне тиесілі қосымша мүлікпен жауап беретін серіктестік.

Қызмет көрсету аясындағы бизнес бұл өндірушілер мен тұтынушыларға алуан түрлі қызмет гүрлерін корсеіу бойынша қызмет.

п

Патент мемлекет жеке адамға (кәсіпорынға) беретін және оның өнертабысы белгіленген мерзім ішінде ерекше пайдалану құқығының мойындалуын қамтамасыз ететін құжат.

Проиудент өнім өндіруші, белгілі бір тауарды өндірумен айналысатын ел.

Пул барлық қатысушылардың пайдасы ортақ қорға түсіп, кейіннен олардың арасында күні бүрын белгіленген үйлесімділікке сәйкес бөлінумен ерекшеленетін каргельдердің ерекше түрі.

Р

Райтер негізгі бағалы қағазды опционның уәделескен бағасы бойынша сату немесе сатыгі алу міндеттемесін өз мойнына алушы адам.

Резервтік валюта халықаралық саудада белгілі бір елдің валютасын басқа бір елдер неғүрлым жиі қолданатын, сондықтан да халықаралық төлем қаражатының сақтық қоры ретінде пайдаланылатын валюта.

С

Санация банкрот қаупі төніп түрған кәсіпорынның қаржылық жағдайын жақсартуға бағытталған қаржылық және несиелік ісшаралар жүйесі.

Сату-сатын алу келісімшарты -тараптар арасындағы келісім, соған сәйкес бір тарап (сатушы) екінші тарапқа (сатып алушыға) затты (тауарды) беруге, ал сатып алушы осы тауарды қабылдауға және ол үшін белгілі бір ақшалай соманы төлеуге міндеттенеді.

Сүраныстың бағалық икемділік коэффициенті сұраныстағы пайыздық өзгерістің бағаның пайыздық өзгерісіне қатынасын сипаттайды.

Сыртқы кәсіпкерлік орта нақты кәсіпорын қызметіне тәуелсіз, бірақ оған біршама әсер ете алатын, сондықтан да басқарушылық шешімдерді талап ететін және қоршаған ортада пайда болатын шарттар мен факторлар жиынтығы.

Сыртқы экономикалық қызмет шетел мемлекеттерімен жасалатын сауда-экономикалық, ғылыми-техникгілық ынтымақтастық, валюталық-қаржылық және несиелік қатынас Құралдары мен әдістерінің, нысандары мен бағыттарының жиынтығы.

т

Тарату төлем қабілетсіз борышкердің қызметін тоқтату үшін заңды тұлғаның міндегтері мен құқығының басқа құқықтық мұрагерлік тұлғаға өтпейгіндігі туралы сог шешімі бойынша жүзеге асырылатын рәсім.

Тауарлы иарық конъюпктурасы — белгілі бір уақыт кезеңіндегі нарықтағы экономикалық жағдай.

Техиопарк өздерінің ғылыми идеяларын бизнес-жұйесінде жүзеге асыру үшін ғалымдарға, сонымен қатар кәсіпкерлерге жаңа технологияларға қолжетімділік мүмкіндігін ұсынатын университеттер мен ғылыми орталықтардан онша алыс орналаспаған арнайы жабдықғалған аумақ.

Толық серіктестік бұл мүлкі жегкіліксіз болған жағдайда қатысушылары серіктестіктің міндеттемелері бойынша өздеріне тиесілі барлық мүлкімен ортақ жауапкершілікте болатын серіктестік.

Төлем қабілетсіздік борышкердің ақшалай міндеттемелер бойынша несие берушілердің талаптарын, оның ішінде жалақыны төлеу бойынша талаптарын, сонымен қатар өзіне тиесілі мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қанағаттандыра алмау қабілеті.

Траст шаруашылық және басқа да қызмет ету аяларында операцияны жүргізу саясғы.

У

Улытшо банк тәжірибесінде айдың, тоқсанның немесе жылдың соңғы күнін білдіретін термин.

Ұ

Ұйым персоналы бұл жалға алу келісімшартымен реттелетін, занды түлға ретінде ұйыммен қатынаста тұрған жеке тұлғалар жиынтығы.

Ф

Факторинг фактор-компанияның клиент шоттарын сатып алу арқылы клиенттің айналым капиталын несиелеумен үйлесетін сауда-комиссиялық операцияның бір түрі.

Фирма заңды тұлғалар болып табылатын және тауарлар өндіру мен өткізуді бір басқаруға біріктіретін (жалпы фирмалық атаумен) кәсіпорын немесе меншіктің кез келген нысанындағы мамандандырылған ұйымдар жиынтығы.

Форфейтинг сатушыдан акцепттелген тауарларды, вексельдерді сатып алуға негізделген сауда операцияларын несиелендірудің ерекше нысаны.

Франчайзинг технологияны, лицензияны, ноу-хауды иемденетін ірі фирманың (франчайзердің) өзінің серіктесіне (франчайзиге) сауда мен қызметтер саласын таңдауда, жарнама кампаниясын еткізуде, қызмет көрсетуші қызметкерлерді кәсіпке даярлауда т.б. көмек көрсету және ақыл-кеңес беру жоніндегі қызметі. Франчайзинг кейде франчайзердің сауда белгісін пайдалану құқығын алады.

X

Хеджер фьючерстік биржада хеджер деп аталатын операцияларды жүзеге асырушы кез келген кәсіпорын, банк, фермер немесе басқа да шаруашылық жургізуші субъект.

Хеджирлеу коммерциялық және валюталық қатерден сақтандыру, оның нақты мэні нақты тауарды үқсас мерзімге сатумен бір мезгілде фьючерстік келісімшарттарды сатып алуда (сатуда) және тауарды нақты жеткізу мерзімі басталғаннан кейін кері операция жүргізіледі.

Холдинг баскару, басшылық жасау және дивиденд алу мақсатында басқа компаниялар акцияларының бақылау пакетін сатыгт алу үшін оз капиталын қолданатын акционерлік компания.

Ц

Цессия несие берушінің ақшаны, заттарды т.б. нәрселерді талап ету Құқығын басқа адамға беруі немесе қайта үсынуы.

Ч

Чарттар бағаны есепке алу және болжау үшін қолданылатын баға кестелері.

Ш

Шағын кәсіпорын жүмысбастылардың аз санымен және айналымның онша үлкен емес келемімен сипатталатын шаруашылық бірлік. Кәсіпорынды шағынға жатқызу критерийлері заңнамада тіркеледі; шағын бизнесті дамыту мен тауарлар ондірісін үлғайту мақсатында мүндай кәсіпорындарға салық салу және т.б. жеңілдіктер үсынылады.

Шаруашылық серіктестік бұл ез қызметінің негізгі мақсаты ретінде табыс табуды кездейтін, басқа да шаруашылық серіктестіктердің құрылтайшысы бола алатын, жарғылық капиталы құрылтайшылардың (қатысушылардың) салымдарына (үлесіне) бөлінген занды түлға болып табылатын коммерциялық үйым.

Шетендік инвесторлар Қазақстан экономикасына инвестицияларды жүзеге асыратын кәсіпкерлік бизнес түрлерінің бірі инвестициялық бизнестің субъектілері.

Шетелдік кәсіпорын бақылауды толық немесе белгілі бір бөлігінде ғана жүзеге асыратын, капиталы шетелдік кәсіпкерлерге тиесілі болатын кәсіпорын.

I

Іскерлік ңарым-қатынастар — бұл нарық пен үжымдағы бірлескен қызмет үрдісінде пайда болатын, әріптестер, серіктестер мен тіпті бәсекелестер арасындағы өзара байланыс ретінде танылатын қоғамдық қатынастар типтерінің бірі.

Іскерлік ңатынас бұл бірлескен жүмыс нәтижесінде белгілі бір нәтижеге қол жеткізуді, нақты міндеггі шешуді немесе қойылған мақсатты жүзеге асыруды қарастыратын іскерлік ақпарат гіен жүмыс тәжірибесінің алмасуын қарастыратын үрдіс.

Іскерлік келіссөздер бұл екі ғараптың да өзара сәйкес келетін немесе қарама-қарсы мүдделері болған жағдайда, келісімге келу мақсаты үшін адамдардың өзара байланыс Құралы.

Ішкі кәсіпкерлік орта фирманың өз ішіндегі жағдайлық факторлар жиынтығы. Ол негізінен басқарушылық шешімдердің нәтижесі болып табылады. Оған мақсатты, Құрылымды технология мен адамдарды жатқызады.

Э

Элиминирлеу әдісі — жеке жоспарлы көрссткнігтсрді пақғы корсеткіштермен ауыстыруды сатылы және біртіндеп жүргізуге, қаржы-шаруашылық қызмет нәтижелерін талдауды гүрақғы огкізіп отыруға негізделген менеджмент элементі.

Экспорт тауарларды, технологиялар мен корсстіліен қызмегтерді сыртқы нарықта откізу үшін оларды шет слге шығару.

Экспорттың лизинг — лизингтік компания үл гғық фирмадан жабдық сатып алатын, сонан соң оны шет елдегі жалға алушыға беретін мэміле.

Эмитент — ҚР Азамаітық кодсксіне сәйксс, эмнссиялық бағалы қағаздарды шығаруды жүзеге асырағып гүлға.
перейти в каталог файлов
связь с админом