Главная страница
qrcode

Алмас Готовый Майкудук АҚ НК. аза стан Республикасыны білім ж не ылым министрлігі ара анды мемлекеттік техникалы университеті ор ау а жіберілді кафедра ме герушісі


Названиеаза стан Республикасыны білім ж не ылым министрлігі ара анды мемлекеттік техникалы университеті ор ау а жіберілді кафедра ме герушісі
Дата22.08.2019
Размер1.04 Mb.
Формат файлаdoc
Имя файлаАлмас Готовый Майкудук АҚ НК.doc
ТипДиплом
#64380
страница1 из 9
Каталог
  1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті


«Қорғауға жіберілді»

кафедра меңгерушісі

“____”__________2017 ж.


ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы:

мамандығы: 5В090100 – «Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы_мен тасымалдауды -ұйымдастыру»

Орындаған Жумажанов А.А.

Жетекшісі

аға оқытушы Исина Б.М.

Қарағанды 2017

Аңғартпа
Движение поездов на железных дорогах осуществляется по единому общесетевому графику и плану формирования поездов. Железнодорожные станции работают на основе технологических требований и норм, которые разрабатываются в виде технологических процессов работы каждой станции.

Важной задачей инженера по управлению перевозками на железной дороге является выявление и использование в своей практической деятельности резервов железнодорожного транспорта путем дальнейшего совершенствования технологии эксплуатационной работы, изучения и распространения на всех участках передовых методов труда лучших железнодорожников.

В данной дипломной работе предлагается улучшить коммерческий осмотр вагонов станции Майкудук АО НК «КТЖ» путем строительства и оснащения дополнительного пути, длина дополнительной пути составляет 350 метров. Предлагаемое внедрение улучшает работу всей станции. Это хорошо отображается на технологическом графике обработки сборных поездов.

Железные дороги несут материальную ответственность за сохранность перевозимых грузов. Показателями количественной сохранности груза является его масса, неизменность которой свидетельствует о том, что железная дорога выполнила возложенные на неё обязанности. Правильное определение массы груза – главное условие обеспечения сохранности перевозимых грузов.


Мазмұны



Бет
Кіріспе
7
1 Майқұдық стансасының жалпы сипаттамасы
8
1.1 Стансаның техникалық және пайдалану жұмыстарының сипаттамасы
8
1.2 Кірме жолдардың техникалық және пайдаланушылық сипаттамасы
12
1.3 Майқұдық жүк стансасының пайдалану жүк стансасының шұғыл басқару және жұмысты жоспарлау, пайдалану жұмысын басқару
19
1.4 Пойыздар мен вагондардың келе жатқандығы туралы ақпарат
22
1.5 Пойыздарды тарқатып құрастыру бойынша айлалық жұмыс
23
1.6 Жұмысты шұғыл жоспарлау арқылы жергілікті жұмысты басқару
29
2 Майқұдық стансаның жұмысын талдау
33
2.1 Майқұдық стансаcының тиеу жұмыстары
33
35

37
3.1 Вагонның коммерциялық бақылауының жалпы мәлеметтері
37
3.2 Қосымша жолды жабдықтау мен құру
39
3.3 Майқұдық стансасының жүктік және коммерциялық жұмысын ұйымдастыру
44
50
5 Еңбек қорғау
54
5.1 Майқұдық стансасындағы өндірістік жарақаттанудың негізгі себептері

55
57
5.3 Локомотивтерді қауіпсіз пайдалану шаралары
58
59
63
Қорытынды
73
Қолданылған әдебиеттер тізімі
74


Кіріспе

Қазіргі уақытта АҚ ҰҚ “ҚТЖ”-ның әртүрлі деңгейдегі құрылымдық бөлімшелерінде мыңдаған адамдар жиындармен, талдап қорытумен, алып тапсырумен, бастапқы мәліметтерді талдаумен және өңдеумен айналысады. Көп жағдайда бұл іс-әрекеттер қолмен жүзеге асады. Ал берілістер үшін телефондық немесе телеграфтық байланыс қолданылады. Бұл кезде ақпараттың бұрмалануы туындауы мүмкін, мәліметтердің кешігіп түсуі және олардың толықтығы мен бүтіндігі бұзылуы ықтимал. Қызмет саласы аумағының 30% - ға жетер жетпесі ғана ақпараттық жүйелермен қамтылған, ал олардың дамуы әлсіз техникалық қорлар мен дамымаған инфроструктураның есебімен тұрақтап тұр. Қазіргі заманғы ақпараттық технологиялар іс–жүзінде толығымен жоқ және бөлімшелердің есептегіш техникалармен жарақталуы төменгі деңгейде.


Жұмыс істеп тұрған ақпараттық жүйені жетілдіру, оның үстіне перспективті ақпараттық технологияны енгізу телекомуникациялық қорлардың шектелген болуымен бөгеліп тұр. Қазіргі байланыс құрылғыларын ары қарай қолдану автоматтандырылған прогроссивті технологияны енгізуді тежеп қана қоймайды, қазіргі уақыттағы пойыздардың үзіліссіз қозғалысына да кепілдік бермейді. Жергілікті ақпараттарды өңдеу және кең көлемде қолдану ақпаратты желі арқылы таратуға мүмкіншілік береді. Қазіргі қолданыстағы желі (алғашқы байланыстағы мысты кабельдік жүйе, ескірген хаттамалардың негізінде мәліметтер берілісінің желісі) қажетті ақпарат көлемін талап етілген жылдамдықпен беруге мүмкіншілік бермейді. Сондықтан темір жол желісінің даму мәселесін шешумен байланысты ақпараттық жүйені құру мәселесі уақыт күттірмейтін шаруа.



1 Майқұдық стансасының жалпы сипаттамасы
1.1 Стансаның техникалық және пайдалану жұмыстарының сипаттамасы

Станса байланыс құрылғыларының жағдайын және станса кезекшілерінің іс-қимылын бақылауға мүмкіндік беретін «Неман» орталықтандырылған диспетчерлік жүйеге қосылған.

Майқұдық стансасында:

- пойыздарды қабылдау, жөнелту және өткізу;

- вагондарға техникалық қызмет көрсету;

- вагондарға коммерциялық қарау жүргізу;

- жүк тасымалдау құжаттарын ресімдеу;

- қабылдау-тапсыру;

- жүк оталарын орындау және жүк шептерін орналастыру үшін вагондарды кірме жолдарға беру және жинап алу оталары орындалады.

Майқұдық стансасы орталыққа тәуелді және ТР-66 альбомы бойынша орталықтан қоректенетін релелі орталықпен жабдықталған.

Жапсарлас жоларалықтар пойыздар қозғалыс кезіңде мынадай дабылдау және байланыс құралдарымен:

а) тақ бағытта:

Майқұдық-Жаңа Қарағанды-қосжолды жоларалығы жолдың бірі күрделі жөңдеуде болғанда екіншісінде екі жақты қозғалыс ұйымдастырылатын сандық кодты автоблоктаумен жабдықталған.

Қозғалыс дұрыс жолда автоматты локомотивті белгілермен, ал бұрыс жолда – АЛС кодтарымен іске асырылады.

б) жұп бағытта:

Майқұдық-Қарағанды – Майқұдық-Жаңа Қарағанды - қосжолды жоларалығы жолдың бірі күрделі жөндеуде болғанда екіншісінде екіжақты қозғалыс ұйымдастырылатын сандық кодты автоблоктаумен жабдықталған.

Электрлік орталыққа қосылған 28 бағыттаманың: №№ 1/1с, 3/3с, 10/10с, 12/12с, 26/26с бағыттамалары жылжымалы жүрекшесі бар айқаспамен, ал 5,7/9, 11/13, 15, 21/23, 17/19, 201, 6/8, 14/16, 18, 20, 22/24, 28, 30, 40/42СО (лақтырғышты ұштама) жабдықталған.

Бағыттамалар автоматты түрде (түймені маршрут басталғанда және аяқталғанда басу жолымен) немесе бағыттама тұтқасын қолмен бұру арқылы бұрылады [3].

Электрлік орталыққа 39 бағдаршам қосылған:

- бағаналық кіру – Ч, Н;

- аласа кіру – Чд, Нд;

- бағаналық шығу – Н1, Н2;

- аласа шығу – Н3, Н5, Н7, Ч1, Ч3, Ч4;

- аласа айлалық М2, М6, М8, М10, М12, М14, М16, М22, М24, М1, М3, М9, М11, М15, М17, М20, М19, М23, М25;

- бағаналық айлалық – М4, М18, М26, М30, М5, М7, М13, М21.

Станса кезекшісі бағыттамаларды, дабылдарды орталықтан басқарады және бақылайды.

№7 қабылдау-жөнелту жолы алдында ұзындығы 120 метрлік ашық аласа жолаушылар тұғырнамасы орналасқан. ІІ және 4-ші жолдардың арасында ұзындығы 95 метрлік аласа жолаушылар тұғырнамасы, І және 3-ші жолдардың арасында ұзындығы 50 метрлік аласа жолаушылар тұғырнамасы орналасқан.

Кесте 1.1

Парктер мен жолдардың тізбесі

Жол №
Жолдардың арналуы
Жолды шектейтін бағыттама
Ұзындығы метрмен
Шартты вагондар

сыйымдылығы

Жолдарда бар
Баста-лады
Аяқтала-ды
Толық
Пайдалы
Эл.оқшау
Түйіспе желі
Авт. лок. белгі құрылғ.
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10

І

Тақ және жұп жолау-шылар, қаламаңы, жүк пойызарын, «Астана-Экспресс» поезын өткізуге, қабылдауға, жөнелтуге арналған жолдар.

22

11

1204

1075

74/42

бар

бар

Еке-уінде бар


І
Жұп бағыт-та жолау-шылар, қаламаңы, жүк пойыз-дарын, «Астана-Экспресс» пойызын өткізуге, қабылдауға, жөнелтуге арналған жолдар.
26/26с
5
1184
1038
71/40
бар
бар
Екеуінде бар
3
Екі бағыттағы қаламаңы және жүк пойызарын қабылдап-жөнелту жолы
16
13
1083
1077
74/42
бар
бар
Екеуіне бар
Ескертпе:

Басты және қабылдау-жөнелту жолдарының сыйымдылығын есептегенде ВЛ80-С сериялы локомотивтің 34 метрлік ұзындығы пайдалы ұзындықтан шегерілді, шығару жолы үшін ТЭМ-2 сериялы тепловоздың 17 метрлік ұзындығы шегерілді.

Нақты және ырғақты жұмысты ұйымдастыру үшін:
пойыздық диспетчерлік байланыс;
  • пойыздық стансааралық байланыс;
  • стансалық байланыс;
  • энергодиспетчерлік байланыс;
  • айлалық байланыс;
  • пойыздық байланыс;
  • айлалық локомотивпен, құрастырушылар бригадасымен екіжақты байланыс;
  • екіжақты құлақтандыру байланысы;
  • ақпараттық байланыс;
  • №І, ІІ, ІІІ жолдар 1 класты қауіпті жүгі (ВМ) бар пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге, өткізуге арналған.

    №І, ІІ, ІІІ жолдарбарлық дәрежелі габаритсіз жүгі бар пойыздарды өткізуге арналған.

    №ІV жолқаптал габаритсіздігі 1,2,3 дәрежелі габаритсіз жүгі бар пойыздарды қабылдауға, жөнелтуге және өткізуге арналған.

    4-6 дәрежелі қаптал және төменгі габаритсіз вагондары бар пойыздарды қабылдау мен жөнелту алдында көршілес жолдарда тұрған жылжымалы құрам шектік бағандардан 10 метрден кем емес қашықтыққа әкетілуі керек.

    № 45 жол 1 класты қауіпті жүк (жарылғыш материалдар) тиелген вагондармен сұйытылған газ тасымалдайтын цистерналардың тұруына арналған және пойыз құрастырушы локомотив кірген соң № 106 бағыттаманы №14 жолға қарай бұрып, аспалы құлыппен құлыптайды.

    Қауіпті жүгі бар вагондар жүк аққанда, төгілгенде, өрт шыққанда апаттық карточкада көрсетілген шараларлы орындау үшін вагондар №12 біріктіру жолымен түйісетін «Казгеопром» ЖШС-нің №46 жолына бағыттамадан бағытталады.

    Мұнай құйылған цистерналардан жүк аққанда, төгілгенде апаттық карточкада көрсетілген шаралады орындау үшін вагондар «ҚазМұнайГаз сауда үйі» АҚ-ның кірме жолына бағытталады.

    Станса 3 айлалық ауданға бөлінген:

    №1 аудан (стансаның тақ алқымы): І негізгі жолдың М-1 және Н белгілері арасындағы телім, ІІ негізгі жолдың айлалық құрам ұзындығы бойының М-3 белгіден басталатын телімі, №201 бағыттамадан басталатын біріктіру және кірме жолдары, «ҚазМұнайГаз сауда үйі» АҚ-ның кірме жолы – құрамдарды жөнелтуге құрастыру, жергілікті вагондарды іріктеуге, кірме жолдарға беріге және жинап алуға арналған.

    №2 аудан(стансаның жұп алқымы): І негізгі жолдың М-2 белгіден айлалық құрамның ұзындығындағы телімі, ІІ негізгі жолдың М-6 және Ч белгілері арасындағы телімі, №13 тарту жолы, №12 біріктіру жолы және №28 бағыттамалардан басталатын кірме жолдар – құрамдарды жөнелтуге құрастыру, бағыттамадан бас талатын кірме жолдар – құрамдарды жөнелтуге құрастыру, жергілікті вагондарды іріктеу, кірме жолдарға беру және жинап алуға арналған.

    №3 аудан(кірме жолдар): №203 бағыттамадан - №11 біріктіру жолы, кірме жолдар – кірме жолдарға вагондар беру және жинап алуға арналған [7].

    Вагондар тармақиелерінің 33 кірме жолына беріледі және олардан жинап алынады, оның 4-і «Көліктік Сервис Орталығы» АҚ-ы иелігінде. (№2 кесте).

    Айлалық жұмыстар станса кезекшісінің өкімімен жүргізіледі.

    Құрастырушылар бригадасы кірме жолдарда вагондарды тармақ иесінің тежегіш табан тіректерімен бекітуді «кірме жолдарда пойыздар қозғалысын ұйымдастыру және қызмет көрсету Нұсқаулығынды» белгіленген вагондарды бекіту нормаларына сәйкес жүзеге асырады.

    Жылжымалы құрамдарды кедергісіз және қауіпсіз өткізуді қамтамасыз ететін тиеу-түсіру құрылғыларының, рампалардың, темір жол өткелдерінің, қақпа жақтауларының техникалық жағдайына жауапкершілік тармақ иесіне жүктеледі.

    Стансада:

    - қызметтік-техникалық ғимарат;

    - ЭО қосы;

    - 3 дана ашық аласа жолаушылар тұғырнамасы бар.

    Майқұдық стансасының бағыттама шаруашылығы пневмоүрлегішпен жабдықталған орталықтандырылған бағыттамалардан тұрады.

    Тақ алқымда: 1/1с, 3/3с, 5/5с, 7/9с, 11/13, 15, 17/19, 201

    Жұп алқымда: 6/8,10/10с, 12/12с, 14/16, 18, 20, 22/24, 26/26с, 28, 30, 40/42с.о.

    Стансада:

    - пойыздық диспетчерлік байланыс;

    - пойыздық стансааралық байланыс;

    - стансалық байланыс;

    - стансаішілік тура байланыс;

    - энергодиспетчерлік байланыс;

    - АТС,ГТС арқылы;

    - айлалық байланыс;

    - пойыз локомотивтері машинистері мен пойыздық байланыс;

    - айлалық локомотивпен, құрастырушылар бригадасымен байланыс;

    - екіжақты құлақтандыру байланысы;

    - АСОУП ақпараттық байланыс түрлері бар.

    Парктік екіжақты құлақтандыру байланысын қамтамасыз ету үшін жұп алқымда 8 таратқыш (№№ 2,4,6,8,10,12,14,16), тақ алқымда 6 таратқыш (№№1,3,5,7,9,11), қос алдында біртартқыш (№0 орналасқан).

    Қалпына келтіру және өрт сөндіру пойыздары Қарағанды-Сұрыптау стансасынан шақырылады.

    Стансада ЧМЭ-3, ТЭМ-2 сериялы дисптечерлік айлалық локомотив жұмыс істейді.

    Айлалық локомотив Қарағанды локомотив пайдалану депосында жарықталады. Ауыстыратын диспетчерлік локомотивке тапсырыс телімінің пойыз диспетчері арқылы беріледі [2].
  •   1   2   3   4   5   6   7   8   9

    перейти в каталог файлов


    связь с админом