Главная страница

D к лден шы ан ерекше дыбыс а байланысты


Скачать 1.11 Mb.
НазваниеD к лден шы ан ерекше дыбыс а байланысты
АнкорO_1179_u_sauattyly_1171_y_100_VAR_2017-1 (1).docx
Дата22.04.2018
Размер1.11 Mb.
Формат файлаdocx
Имя файлаO_1179_u_sauattyly_1171_y_100_VAR_2017-1 (1).docx
ТипДокументы
#39800
страница1 из 61
Каталогid249781494

С этим файлом связано 4 файл(ов). Среди них: O_1179_u_sauattyly_1171_y_100_VAR_2017-1 (1).docx, Algebra_EMTIKhAN-2018_ENT-140_Altyn_belgi_VK_gruppa.pdf, Matematikaly_1179_sauattyly_1179_100_VAR_2017-1.docx, Matematika_100_VAR_2017-1.docx.
Показать все связанные файлы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

ОҚУ САУАТТЫЛЫҒЫ

1-НҰСҚА

Зайсан көлін ертеде монғолша Хуно-Хуто-Нор – «Қоңыраулы көл» деп атапты. Бұл атау алыстан көк толқынның қоңырауша сылдырлап естілуіне байланысты айтылған болар.

Зайсан көлі, әсіресе жаздыгүні өте әдемі болады. Ол жаздың тымық күнінде шексіз теңізге ұқсайды. Көл өте үлкен, жағалай біткен көк құрақ.

Құсы көп, әсіресе жазғытұрым қаз қаптап кетеді. Жұмыртқаларын қамыс құраққа салады. Қайықпен аралап жүріп қаптап алуға болатын. Қамыстарда шағала, үйрек, қаз, бірқазан, әупілдектер, суында құндыз, ондатрлар мекен етеді. Мұнда шабақ балық көп, одан кейін шортан, қарабалық, сазан, алабұға. Міне, Зайсан көлі бұрын осындай еді. (90 сөз )

1. Екінші абзацта не туралы айтылған?

A)Көлді мекендейтін жәндіктер туралы

B)Көлдегі балықтар туралы

C)Көлдің көлемі туралы

D)Көл атауы туралы

E)Қамысты құрақтағы құстар туралы

2. Көлдің «Қоңыраулы көл» аталуының себебі неде?

A)Көлде жүзген құс үнінің жағымдылығына байланысты.

B)Көлдің әдемілігіне байланысты

C)Көк толқындардың жылдамдығына  байланысты

D)Көлден шыққан ерекше дыбысқа байланысты

E)Көл толқындарының бұйралығына байланысты

1.Айдостың туфлиі жыртылып қалды. Ертесі сабаққа киіп баратын туфли табыла қоймады. Ауылдағылар ауданға себепсіз бара бермейді. Әкесі жыртылған туфлиінің табанын алып, басқа табаны тозған аяқ киімге тігіп берді. Көзге қораш көрінеді. Оны қарап тұрған әкесі жоқ. «Тамаша емес пе?» деп қояды.

2.Ертесіне еріксіз әлгі аяқ киіммен мектепке барды. Галош секілді бірдеме өзі. Әшейінде партаның үстімен жүгіріп жүретін Айдос осы жолы тыныш отырды. Сұрағандарға «ауырып отырмын» дей салды. Аяғына бәрі қарап отырғандай. Партаның астына тығып әлектенді. Мұғалімдер сабақ сұрайды, бұл дайын емеспін дей салады. Олар да журналға тиісті бағаларын қонжитып жатыр.Тақтаға да шықпады. Өзін қор санады. Тамағына өксік тығылды. 4 сабақ біткенше орнынан тапжылмай отырды.

3.Сабақ аяқталысымен мектептен жүгіре шықты. Еңіреп жылап үйге келді.Үйге кірсе, жаңа туфли әкеліп қойыпты. (113 сөз)

3. 2-бөлімде қандай жағдай туралы айтылды?

1. Айдос келеңсіз жағдайға тап болды.

2. Сыныптастарының барлығы Айдостың аяқ киіміне күлді.

3. Айдос бүгінгі сабағын әдеттегідей оқыды.

A)Үшінші

B)Бірінші

C)Екінші

D)Барлығы теріс

E)Барлығы дұрыс

4. 1-бөлім бойынша Айдос қандай әрекетке ыза болды?

A)Әкесі Айдостың пікірін сұрамағанына

B)Ертең сабаққа баратынына

C)Ауданға баратын адамның болмағанына

D)Әкесінің басқа табан тігіп бергеніне

E)Туфлиінің жыртылғанына

5. Қандай мақал-мәтел Айдостың қылығына сәйкес келеді?

A)Базарда бәрі бар, ақшасыз ешкім бермейді.

B)Қалауын тапса қар жанар.

C)Қырсыққан жігіт мал таппас.

D)Өтірік айтқаннан өлген артық.

E)Жылай-жылай жар қазсаң, күле-күле су ішерсің.

6. Айдос неліктен жылап жіберді?

A)Туфлисіз қалғанына ренжіп.

B)Бүгін басынан өткен жағдайға төзгеніне.

C)Жаңа туфли әпергеніне қуанып.

D)Ата-анасына сенбегеніне ренжіп.

E)Сабақты айтпай, тисті баға алғанына.

І.Еліміздің әр қаласында театр бар. Бір Алматының өзінде 10 мемлекеттік және он шақты жекеменшік театр бар екен. Ал осы мәдениет ошақтарына оқушыларымыз барып жүр ме? Қазір театрға көрерменді көбіне әкімшілік жолмен жинайтыны жасырын емес. Ал егер балаларға арналған қойылымдарға көрерменді арнайы жинап әкелмесе ше? Қанша адам келер екен?

Театрдағы көрермен мәселесі төңірегінде Астана қалалық «Жастар» театрының әдеби қызметкері Назерке Жұмабайды әңгімеге тартқан едік.

− Қазір театрға балалар өз еріктерімен келеді дей алмаймын. Әрдайым ұйымдастырумен жинаймыз. Әсіресе, қуыршақ театрларына қазақ балаларының қызыққанын көрмеппін.

ІІ. Баланың таным-түйсігін кеңейтуде қуыршақ театрларының алар орны үлкен. Бізде де, өзге елдерде де балабақша жасынан бастап, бүлдіршіндерге қуыршақтармен көрініс қою бағдарламаға енгізіледі. Аты солай аталып тұрған соң, бұл театрларда тек қуыршақтармен жұмыс жасайды деп ойлайтындар бар. Олай емес.  Бұл өнер ошақтары балалардың санасына отбасына деген сүйіспеншілікті, еліне, жеріне патриоттық сезімді қалыптастыратын қойылымдарды да сахналайды. Бірақ осы қуыршақтар әлеміне қазақ балаларының көптеп ағылып жатқанын байқай алмадық. Мысалы, Алматыдағы Мемлекеттік қуыршақ театрының 200 адамдық орны бар. Қойылымдары екі тілде де қойылады. Орысша қойылымдарында залдың кем дегенде жартысы толып отырады. Ең қызығы, алдыңғы қымбат билеттер бірінші сатылып кетеді. Ал қазақша қойылымдарға ары кетсе 30 адам келеді. Оның өзінде де ата-аналар ең арзан билеттерді алуға тырысады. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсінік қалыптасқан.

ІІІ. Бүгінде қазақтар шетелге жиі саяхаттайды. Біріккен Араб Әмірліктерінен Алматыға қарай ұшаққа отырарда қасымдағы жеткіншек қазақ баланы сөзге тарттым. «Ал, арабтардың әмірліктерінен не көріп қайттың?» деп сұрадым. Сол кезде 12-13 жас шамасындағы баланың жауабына көңілім толмай қалған еді. Бар айтқаны – ана шетіндегі жағажай, мына шетіндегі жағажай, биік-биік ғимараттар, дүкендер… Өзім танысқан бірнеше мұражайды атап едім, «бармадық» деп басын шайқады. «Сонда бұл халық туралы не біліп қайттың?» деп сұрадым. Тағы да мардымды жауап бере алмады. Сонда бір елге барып тұрып, мәдениеті мен тарихымен танысуға қызықпағандары қалай? Тіпті, тілін түсінбейтін болсаң да, шетелдің театрына бас сұғып қайтсаң, көп жайды аңғарып қайтуға болады. Мәселен, Сеулде фольклорлық «Nanta» атты театр бар. Билетінің бағасы біздің театрлардан он есе қымбат тұрады. Алматыдағы балалар спектакльдерінің билет құны – 400-600 теңге, Астананың Жастар театрында балалар билеті – 300 теңге. Ал «Nanta» билеті шамамен 5000 теңге көлемінде. Соның өзінде, екі барғанымда да үлкен залда бос орын болмады. Атауы «ретсіз дыбыстар» деген мағынаны беретін бұл театрға кәрістер үш жасар баласын да ертіп келеді. Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…

IY. Шыны сол, қазақтар бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қоса бермейді. Күнделікті күйбең тірлікпен жүріп, ұл-қыздарын анда-санда болса да, театрға ертіп баруды ойластырмайды. Қажет көрмейтіндері де бар.

Қарлығаш Досанова

 («Ұлан»,10.02.2015)

7. Екінші азатжолдың үшінші азатжолға қатысы қандай?

A)Дәлелдейді

B)Зерттейді

C)Нақтылайды

D)Суреттейді

E)Сипаттайды

8. Мәтіннің негізгі ойы қай сөйлеммен сәйкес келеді?

A)Елімізде театр санын арттыру керек

B)Қуыршақ театрының қойылымдары сапасыз.

C)Бала тәрбиесіне мәдени ошақтарға бару мәселесін қою керек.

D)Шетелде демалудың өзі – бір бақыт

E)Театр билетінің құнын өсіру керек

9.  «Ал бізде актер болуды армандайтын кей бала театр көрмей өседі…» Автордың айтпақ ойы қандай?

A)Баланы жасынан мәдениетке үйрету керек.

B)Өнер ошағына үлкейген кезде бару керек.

C)Кішкентай балаға театр қызық емес.

D)Кез келген арманға қол жеткізуге болады.

E)Актер болу үшін театрға бару міндет емес.

10. Автордың мақаласына түрткі болған жағдай

A)Театрдың ішкі тіршілігімен танысу

B)Ата-аналардың қамқорлығын көрсету

C)Өнер ордасына балалардың сирек баруы

D)Театр қызметкерін таныту

E)Өнер ошақтарының санының аздығы туралы

11. «Арзан билетті алып, алдыңғы бос орындарға отыра саламыз» деген түсініктің орын алуына не себеп?

Ата-аналардың...

A)Бағасы бір деп ойлауынан

B)Мәдени орынды сыйламауынан

C)Немқұрайлық танытуынан

D)Қаражатының жоқтығынан

E)Өресінің таяздығынан

12. Үшінші азатжолда автордың қандай  көңіл-күйі берілген

 A)Дегбірсізденеді

B)Таңқалушылық

C)Алаңдаушылық

D)Күмәнданады

E)Немқұрайлық

Жуықта Шығыс Қазақстанның Катонқарағай және Күршім аудандарында 50-ден астам сұңқар мен ителгі еркіндікке жіберілді. Кезінде контрабандалық жолмен шетелдерге өтіп кеткен құстар аймаққа Біріккен Араб Әмірлігінен әкелініп отыр. Дубай қаласындағы экологиялық агенттіктің бұл жобасы әлемде 18 жыл көлемінде жүзеге асырылып келеді. Осыған байланысты құрылған арнайы қор «Қызыл кітапқа» енген және жылдан-жылға азайып бара жатқан сұңқарлардың санын қалпына келтірумен айналысады. Арабтар аңшылыққа пайдаланатын құстарды еркіндікке жіберу жөніндегі жобасын бұған дейін Қырғызстан және Пәкістан елдерінде жүргізген. Соңғы бірнеше жыл ішінде бұл ауқымды экологиялық шараға Қазақстан да қатысып отыр. Басына сәлде киіп, ақ киімге оранған арабтардың Алтай өңіріне келуі – күнде бола бермейтін оқиға. Сондықтан болар, қонақтардың әрбір әрекеті мен жүріс-тұрысын бақылау көпшілік үшін қызықты болды. Саятшылық пен құсбегілік қазақтың қанына сіңген өнер болса да, арабтардан үйренетін тәжірибе көп. Олар сұңқарды аса қасиетті құс санағандықтан, Араб Әмірлігінде онымен тек ақсүйектер ғана саятшылық құратын көрінеді. Сонымен бірге, арабтың ежелгі дәстүрі бойынша, аңшылыққа 2 жыл пайдаланылған құс міндетті түрде еркіндікке жіберіліп отырған. Өйткені, адамзат баласы жабайы табиғаттағы сұңқар мен ителгі санының азаюына залал келтірмеуі тиіс. Қазір әлемнің бірқатар елдерінде жүзеге асырылып отырған осы экологиялық бағдарлама да дәстүрдің негізінде жасалыпты.  

Біріккен Араб Әмірлігіне құдай көптеген табиғат ресурстарын берген. Сондықтан да біз жабайы табиғатқа зиян келтірмеуіміз және  құстың санын көбейтуге болашақта да өз үлесімізді қосуымыз қажет. Арабтардың аңға шығу дәстүрі бойынша сұңқарлар екі жылдан кейін бостандыққа жіберіліп тұрған. Өйткені соңғы 10 жылда сұңқарды браконьерлік жолмен аулап, шетелге сататындар көбейіп кетті.

–Мәселен, бүгін біз бостандыққа ұшырып жатқан құстардың барлығы біздің елдегі контрабандашылардан тәркіленген, – деді бізге берген сұхбатында экологиялық жобаның үйлестірушісі Мұхаммед Салих.

Араб Әмірлігінде сұңқар мен ителгіні әлемдік деңгейде қорғау жөніндегі бағдарламаға мемлекет жан-жақты қолдау жасап тұрады. Құстарды бостандыққа жіберуге осы экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди Шығыс Қазақстанға арнайы келіпті. Ол Күршім және Катонқарағай өңірінің таулы, өзенді жерлеріне ұшырылған сұңқарды жеке бақылап, әрқайсысын суретке түсіріп отырды. Акцияны ұйымдастырушылар, ең бастысы, еркіндікке жіберілген құстар қайтадан браконьерлердің қолына түспесе дейді. Өйткені, өткен жылы ғана Шығыс Қазақстанның дәл осы аймақтарында 17 сұңқарды ұстап, шетелге өткізбек болған Египет пен Сирия мемлекетінің азаматтары ұсталған болатын.

–Біз бұл жобаны Қазақстанда жүзеге асырудың тиімді екендігіне көз жеткіздік. Бұл өңірдің табиғаты сұңқар және ителгі сияқты құстарға өте қолайлы. Олардың жабайы ортаға бейімделіп, өз қорегін табуына барлық жағдай бар. Ең бастысы, құстар табиғат жауларының қолына түспесе болғаны, – дейді экологиялық жобаның жетекшісі, жоғары мәртебелі шейх Мухаммед Ахмет Аль Баварди.

Жалпы Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді. Мәселен, мына сұңқарлар осыған дейін Дубайдағы арнайы құстардың емханасында сауығып шыққан. Арабтар оның әрқайсысына құны 2 мың доллар тұратын электрондық қондырғылар тақты. Салмағы бар-жоғы 9 грамдық күннен қуат алатын спутниктік жабдық арқылы сұңқарларды болашақта да бақылауға болады. Дәстүр бойынша әрбір сұңқардан кейін оның соңынан көгершін ұшырылды. Бұл әдіс жыртқыш құстың аңшылық машығын есіне түсіруі үшін қажет.

13. Мәтінде кейіпкер көзқарасы қай абзацта бейнеленген?

A)4

B)5

C)3

D)2

E)1

14. Мәтіннің бірінші абзацы қандай мақсатта берілген?

A)Экологиялық бағдарламаны жүзеге асыру

B)Құстарды еркіндікке жіберу туралы

C)Араб Әмірлігімен бірге жұмыс жасауды насихаттау

D)Құсбегілік қазақтың ұлттық өнері екендігін жеткізу

E)Ақсүйектердің саятшылық өнерін дәріптеу

15. Неліктен сұңқарды ұшырғаннан кейін соңынан көгершінді ұшырған?

A)Машығын еске түсіру үшін

B)Сұңқарға көмектесу үшін

C)Құстардың серіктесіп ұшуы үшін

D)Көгершінмен салыстыру үшін

E)Оларды жарыстыру үшін

16. Соңғы абзацтың төртінші азатжолға қатысы қандай?

A)Ойды баяндайды

B)Ойды сипаттайды

C)Ойды дамытады

D)Ойды суреттейді

E)Ойды қорытындылайды

17. Мәтін не туралы?

A)Саятшылық

B)Ителгілердің өмірі

C)Сұңқарлар өмірі

D)Аңшылық

E)Құстарды қорғау

18. Мәтін мазмұнына сәйкес ақпаратты көрсетіңіз

A)Бұл жер табиғаты құс ұстауға өте қолайсыз

B)Құсбегілікпен арабтар сәндік үшін айналысты

C)Құстардың арнайы емделу орталықтары бар

D)Аңшылықпен тек қазақ халқы айналысады

E)Жоба қаражат тартуды көздеді

19. Неліктен Араб елдері бұл жобаны халықаралық деңгейде жүзеге асыруға қыруар қаржы жұмсап келеді?

A)Құстарға қолайлы жағдай туғызу үшін

B)Құстардың санын көбейту үшін

C)Құстардың ортаға бейімделуі үшін

D)Құстарды бостандыққа жіберу үшін

E)Құстарды табиғи жолмен тамақтандыру үшін

20. Мәтіннің реттілігін көрсетіңіз

1.Қаржылық көмек

2.Мемлекеттік қолдау

3.Жоба жетекшісінің көзқарасы

4.Еркіндікке босату

5.Экологиялық жоба

A)5.3.1.2.4.

B)3.1.5.4.2.

С)5.4.2.3.1.C

D)2.4.1.3.5.

E)1.4.5.2.3.

 


2-НҰСҚА

Құмырсқа – әлемдегі ең көп тараған жәндіктің бірі. Қазақ «құмырсқадай қажырлы», «құмырсқадай құжынаған», «құмырсқадай еңбекқор» деген тіркестерді бекер айтпаған. Олардың біз білмейтін қызық қыры көп. Оны ғалымдар зерттеп, бұқараға жеткізіп отыр.

Құмырсқаларды зерттейтін ғылым – мирмекология деп аталады. Осы мирмеколог мамандардың құмырсқадай тынбай талаптанып, қайнаған тіршілікті зерттеуі нәтижесінде бізге олар туралы көптеген қызықты деректер белгілі болды. Құмырсқа жер жүзінде ең көп тараған жәндік. Әлемдегі ең құрметті мимекологтардың бірі Эдвард Уилсонның есебі бойынша, бүгін жер бетінде 10 квадрилиион, яғни онның 15 дәрежесіндей құмырсқа бар екен. Жан басына шаққанда, бір адамға миллион құмырсқадан келеді, ал жалпы үлесі барлық адамның үлесіндей.

1. «Құмырсқадай құжынаған» тіркесінің мағынасына сай келмейтін қатарды көрсетіңіз.

A)Көп, қарақұрым

B)Қаптап кетті, қайнады

C)Қажырлы, еңбекқор

D)Нөпір болды, ығы-жығы

E)Қайнаған, қалың

2. Мәтіннің тақырыбы  қандай?

A)Құмырсқалар еңбегі

B)Құмырсқалар достығы

C)Жәндіктер туралы

D)Мирмекологтар туралы

E)Құмырсқалар илеуі туралы

1. Сізге, ардақты және құрметті, жақсы көретін аяулы ініміз Халиулла мырзаға, бізден, ағаңыз Ибраһимнен және барлық ата-аналарыңыздан, аға-іні, жеңгелеріңізден көп-көп дұғай сәлемдер жолдадық.

2. Құдайға шүкір, осы күнде өзің көрген жандар тегіс аманбыз.

Сізбен бірге бізге хат жазған Қамаридден моллаға көптен-көп сәлем дегейсіз.

Сізге хат жазуға уақытын бөлген және басқа да әрбір жақсылықтары алла тағаладан қайтсын, Аягөзге келген уақытта почта жүргелі тұр екен, сіздің хаттарыңызды көрген соң, көңіліміз жай тапты және сізге жол қаржыға отыз теңге жібердім.

3. Жаңа Семейге мағлұм еткен уақытыңызда құдайтағала қаласа ат тағайындармыз. Тәтеңіз 1 білімнің қайнар бұлағын үйренгенің турасында бекқуанып жатыр. Әрқашан құдайтағалаға сиынып талап қыла көрсін дейді.

Хатыңыз тиісімен ешбір тоқтамайынша Аягөзге келіп осы хатты жаздық. Әрдайым деніңіз сау болып, абыройлы болыңыз. Ғұмырыңызды тілеп хат жазушы ағаңыз Ибраһим Құнанбайұлы деп білесіз. Тағы да көп-көп сәлем.
3. Берілген мәтін қай стильде жазылған?

A)Ғылыми стиль

B)Көркем әдебиет стилі

C)Ресми ісқағаз стилі

D)Публицистикалық стиль

E)Ауызекі сөйлеу стиль

4. Халиулланың ісі туралы қандай бөлімде айтылған?

A)Үшінші

B)Екінші және үшінші

C)Бірінші

D)Екінші

E)Барлығында

5. Неге хатта Қамаридден моллаға алғыс айтылды?

A)Себебі Халиулла молламен бірге тұрады.

B)Себебі Қамариден молла хат тасиды.

C)Себебі хат Қамариден моллаға арналған.

D)Себебі молла Халиуллаға хат жазуға көмектеседі.

E)Себебі Қамариден молладан ат мінеді.

6. Хаттың 1-бөлімі арқылы жазған адам туралы не айтуға болады?

A)Ардақты адам

B)Құрметті адам

C)Бауырмал адам

D)Танымал адам

E)Талапшыл адам

Түһ, түн неткен қараңғы еді! Жұлдыздар да шілде ортасындағыдай шүпірлей қапты. Анау – темірқазық, анау – жетіқарақшы. Анау – ақбоз, көкбоз... Анау... Апырау, ат құлағының арасынан қылаңытқан күлдей бозаң шоғыр Үркер ғой! Жарықтық, бұдан ұсақ, бұдан солғын жұлдыз жоқ шығар. Бірақ, соған қарамастан, қаншама самала шырақтар самғаған түнгі аспанда оны көзің бірден шалып тұр-ау! Оның сиқыры неде екен? Әлде жұп ажыратпай бірге туып, бірге бататынынан ба? Жұлдыз екеш жұлдыз да неғұрлым саны аз, неғұрлым жарығы солғын болған сайын жиі тұрмаса, көзге түсе алмайтындарын білген ғой! Өздері неткен ыңғайтөк еді! Жаздың жаңбырлы, құрғақ, қыстың жайлы, жайсыз боларын жұрт осы Үркерге қарап біле қояды. Бәрін алдын ала осы бір шөкім солғын шырақтар сезіп қоятындай. Бәлкім, мынау бірін-бірі иықтап, бірін-бірі төбеден нұқып жатқан әумесер дүниеде аз халықтарға да осы Үркер мінез керек шығар! Бәлкім, олар мынау ұйтқымасы  көп аласапыран дүниеде тек Үркердей тығыз тұрып, дауыл мен боранды Үркердей алдын ала біліп, алдын ала ыңғайға аунап отыра алса ғана, аман қала алатын шығар...

Жолға шыққанда Үркердің маңдайынан туғанын жақсылыққа жорымаушы ма еді! «Үміт артсаң, Үркерге қара!» деуші еді ғой. Желтоқсанда да Үркердің ат құлағынан асып көтерілмегені алдағы қыстың жайлылығы шығар. Алдыңда жақсылықтан асқан бақыт бар дейсің бе!

Үркердің қарсы алдыңнан туғаны маңдайынан ашылайын дегені ме екен?!

Не де болса үміт бар ғой. Қаршадай Ералы көз көрмеген алыс жолға сол үмітпен аттанды ғой. Бұрын қайда аттап басса да, үрей анталап тұрмаушы ма еді. Жоңғар қайтер екен, қалмақ қайтер екен, башқұрт қайтер екен деп қаралай қылпылдап бітуші едік қой. Енді, не де болса, бір үміт бар емес пе.

Ендеше, мынау Үркер де жақсылығымен туған шығар. Тек бұның, тек мынау талайды көріп, талай тауға басын соққан көнтері жұртының алдынан ылғи осылай үміт шырағы туып тұрғандай!

7. Мәтіннің тақырыбы қандай?

A)Үміт шырағы

B)Жұлдыз сыры
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   61

перейти в каталог файлов
связь с админом