Главная страница
qrcode

О т стік аза стан медицина академиясы А Фармацевтикалы ж не токсикологиялы химия кафедрасы реферат та ырыбы


Скачать 26.63 Kb.
НазваниеО т стік аза стан медицина академиясы А Фармацевтикалы ж не токсикологиялы химия кафедрасы реферат та ырыбы
Дата03.04.2019
Размер26.63 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файлаОңтүстік Қазақстан медицина академиясы.docx
ТипРеферат
#61313
Каталог

«Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы» АҚ


Фармацевтикалық және токсикологиялық химия кафедрасы


РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Биологиялық объектідегі табиғаты органикалық және бейорганикалық улы және күшті әсерлі заттарды талдау әдісі мен теориясын құрудағы отандық және шетел ғалымдарының рөлі.

Қабылдаған: Серікбаева А.Ж.

Орындаған: Рахат Н.

Тобы: В-ФҚА-01-14

Жоспар

I Кіріспе

II Негізгі бөлім

А) Токсикологиялық ғылымның даму тарихы.

Б) Сот-химиялық зерттеу әдісіне үлесін қосқан отандық және шетелдік ғалымдар.

III Қорытынды

Пайдаланылған әдебиеттер

І Кіріспе

Қазіргі уақытта токсикология пәнінің жалпы қабылданған анықтамасы жоқ. Ең қарапайымы toxicon - у, logos - ғылым ғылым атауынан шығады.

Токсикологияу және интоксикация (улану) туралы ғылым.

“Медициналық терминдердің энциклопедиялық сөздігінде” (1982) мынандай анықтама беріледі:

Токсикологияулардың физикалық, химиялық қасиеттерін, олардың адам организміне әсер ету мехмнизмін және уланулардың диагностика әдістерін, емдеу және профилактикасын зерттейтін медицина саласы ”.


II Негізгі бөлім

а)Токсикологиялық ғылымның даму тарихы.

Фармация (дәрілер жасау) ғылымының алғашқы негіздері Ежелгі Үндістан мен Мысырдан табылған болса, токсикологияда сол жерлерден бастау алғанын айқындауға болады. Б.з.д. ХVІІ ғасырда Эберс Папирустың қолжазбаларында Египет емшілерінің көптеген дәрі-дәрмек жасау саласында қолданғаны баяндалған. Бұл қолжазба ең алғашқы фармакопея деп есептелінді. Мыңдаған жылдар көлемінде улы заттарды жасау мен оларды қолданудың бұлтартпас айғақтары да жеткілікті.

Ежелгі Греция тарихының қорытынды мерзімі - эллинизм мерзімі деп аталды (б.э.д. IV-I ғ.ғ.). Эллинистік оралықтардың ең ірісі Александрия болды. Онда барлығы 600 мыңнан астам орам қағаздар сақталған және Птоломей тұсында Аристотель мен Теофраст кітапханасымен толықтырылған екі әйгілі кітапханалар болған. Мұнда ішінде обсерваториясы, жануарлар бұрышы, ботаникалық бағы және анатомиялық мұражайы болған Муза Храмы ашылған.

Герофил мен Эризастраттан кейін александрия медицинасы, Птоломейлер мемлекетінің экономикалық және мәдени құлдырауымен байланысты, өз мағынасын жоғалтты. Герофилдің шәкірті Филин Косский (б.э.д. 310-280ж.) «эмпириктердің» дәрігерлік мектебін ашқан. Олар: «Медицинаның мақсаты- тәжірибелі әдістермен ауруға қарсы тиімді құралдарды іздеу»,- деп есептеген. Эмпирика мектебінің жұмыстарына Героклеиттің (б.э.д. І ғ.) «Сыртқы және ішкі дәрілер туралы», «Ем дәм туралы», «Дәрілік құралдарды зерттеуге дайындау туралы» еңбектері жатады. Осы мектептің өкілдері удың қызметін уды қайтаратын затты табу мақсатында оқыған.

Токсикология туралы ең алғашқы жазған б.д. І ғасырда өмір сүрген Педакий Диоскорид болған. Ол өзінің «Алексифармака» атты еңбегінде сол кезеңдегі белгілі дәрілік улы заттар туралы мағлұмат берген.

Улар және қайтырғыш заттар туралы тибет медицинасының көне мұрасы «Жуу-Ши» кітабында да айтылады. Орта ғасырларда улар және уланулар жайлы зерттеулерге араб дәрігерлері Абу Али Ибн Сина және Ибн Вашияда көп үлес қосты. Ибн Вашия «Улар жайында» деп аталатын еңбегінде улануды емдеудің тәсілдері туралы мағлұмат берген.

Улы заттар туралы алғашқы деректерді ежелгі Рим дәрігерлері Диоскорид, Үлкен Плиний, Платон, т.б. ғалымдардың еңбектерінде жазылды.

Токсикологияның дамуына үлкен үлестерін қосқан ғалымдар: Авиценна, Парацельс, Клод Бернар, И.М. Сеченов, И.П. Павлов, Ф.Т,Попов, т.б.

ХVI ғасырдың соңы мен XVII ғасырдың басында Ресейде Дәріханалық бұйрық қабылданды. Дәріханалық бұйрық - медициналық және дәріханалық жұмыстармен айналысты.

Бірінші құжат болып, сот-медициналық экспертиза заңымен әскери устав болды. Оны Перт І 1716 жылы шығарды.

1748 жылы М.В Ломоносовтың бірінші орыс химия лабораториясын ашуы орыс ғылымының дамуына елеулі оқиға болды.Жалпы айтқанда,лаборатория ғылымының дамуына, оның ішінде сот химия талдауында тәсілдері кеңінен пайдаланылатын аналитикалық химияның дамуына зор ықпал жасады.

Сот химияға жаңа реакциялар мен әдістерді енгізген орыс ғалымы

А. П. Нелюбин болды. Ол дәрігер және фармацевт болған. Уларды табудың көптеген сандық анықтауларын жасады. Құрамында металдық уы және азот қышқылы бар био материалдан оларды бұзу әдісін алғаш ұсынған ғалым. Мышьяк қосылысын мышьяк сутекке ауыстыру әдісін ұсынған.

А. П. Нелюбин 1824 жылы әскери-медициналық журналда жазылған «Правила для руководства судебного врача при исследовании отравления» жұмысымен айналысқан. Бұл жұмыста уларды зерттеуге көп көңіл бөлген.

«Общая и частная судебно-медицинская и полицейская химия с присовокупле нием общей токсикологии или науки о ядах и противоядных средствах» әдістемесінің авторы болған. Бұл кезде полициялық химия деп – санитарлы-химиялық сараптама деп түсінген.

Сот химиясы саласындағы көрнекті ғалымдардың бірі А.А.Иовский (1796-1857) болды. 1834 жылы оның «Уларды уларға қарсы заттарды айыра тануға және алғашқыларын денеде немесе оның сыртында рактивтер деп аталатын химиялық заттар арқылы аса маңызды анықтауға арналған қолданб» деген кітабы шықты.

Фармация мен сот химияның дамуына үлкен үлес қосқандардың бірі – Ю.К. Трапп. Нелюбиннің оқушысы болған. Ол медицина-хирургия академиясында әртүрлі объектідегі уларды анықтау сараптамаларымен айналысқан. 1863 жылы «Руководство для первых пособий при отравлении и для химического исследования ядов» және 1977 жылы «Наставление к судебно-химическому исследованию» жазылған кітаптардың авторы болған.

Г. Драгендорф Дерпт университетінің профессоры Г. Л. Драгендорф (1836—1898) сот химияның дамуына үлкен үлес қосты. Жазып шығарған кітабы: «Судебно-химическое открытие ядов»

1943 жылы ғылыми зерттеуде М.Д. Швайкованың орны зор. Ол профессор Степановпен бірге тамақ өнімдерінен және өсімдік өнімдерінен алкалоидтарды бөлу әдісін ұсынды. Швайкованың сот химия сараптамасында қолданған әдісі: микрокристаллоскопия әдісі.

1948 жылы Крамаренко В.Ф. сот (токсикологиялық) кафедра меңгерушісі болды. Оның 200-ден астам ғылыми жұмыстары бар. Алкалоидтар мен барбитураттардың химия-токсикологиялық сараптамасын жасаған. Ол биоматериалдан алкалоидтарды күкірт қышқылымен қышқылданған сумен оқшаулау әдісін ұсынған.

1949 жылы Васильева Швайкованың тәсілін өлік ағзаларынан алкалоидтарды оқшаулау үшін қолданды. Тәсілі бойынша өлік ағзасын ұсақтап майдалайды. Қымыздық қышқылымен қышқылданған суды құяды, жақсылап араластырып, дәкемен сүзеді. Дәкеден өткен қышқылды сулы сығындыны хлороформмен 3 рет шайқайды. Хлороформды сығындыны ашу реакциясы мен сандық мөлшерін анықтайды.

Токсикология жеке ғылым саласы ретінде 20 ғасырдың ортасында қалыптасты. Республикада токсикологиялық зерттеулер 20 ғасырдың 50-жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Өлкелік патология институты (қазіргі Гигиена және эпидемиология ғылыми-зерттеу орталығы) жанынан гигиена және кәсіби патологиялық сектор ашылғаннан кейін басталды.

Қазақстанда токсикология ғылымының қалыптасып, дамуына үлес қосқан ғалымдар: О.С.Глозман, Б.Атшабаров, Т.Х.Айтбаев, А.А.Мәмбеева, В.П.Чемакина, Н.П.Касаткина, И.Т.Төлеев, Э.Л.Бейсебаева, Е.А.Біртанов, т.б.

Бахия Атшабарұлы Атшабаров (1.11.1919 ж. Қарағанды облысы Қарқаралы ауданы Қарақұс ауылы) — ғалым, медицина ғылымдарының докторы (1967), профессор (1969), Қазақстан ғылым академиясының корреспондент мүшесі (1975), Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері (1961). Бахияның негізгі ғылыми еңбектері еңбек гигиенасы, кәсіби аурулар, әсіресе қорғасыннан улану кезінде зақымданған жүйке жүйесінің патогенезі мен клиникасына арналған. Бахия Семей полигонының адамдар денсаулығына тигізетін зиянын тексеріп, полигонның оңтүстік аймағында созылмалы сәуле аурулары адамдар мен жануарларда жиі болатынын анықтады. Сондай-ақ ол халықтық медицина тарихын зерттеумен де айналысты.


ІІІ Қорытынды

Улағыш заттарды талдау саласындағы зерттеулер еліміздің фармацевтік және медициналық жоғары оқу орындарының токсикологиялық химия кафедраларында орындалуда. Токсикологияда удың рецептормен байланысының қайтымдылығы туралы сұрақ үлкен мәнге ие: белгеле бір улы рецептордан аластату мүмкіндігінің бар екендігін білу өте қажет. Улы заттардың басым көпшілігі рецепорлармен берік байланыспайды, яғни оларды аластатуға болады. Бұл теорияны білу токсикологиялық химиясында да үлкен мәнге ие: химия – токсиколгиялық талдау барысында улы затты биологиялық объекттен бөл үшін алдымен оның рецептормен байланысын бұзу қажет. Сонымен, байланыс сипатын білу, улы заттарды биоматериалдан бөлу әдісін дұрыс таңдауда өте маңызды.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Арыстанова Т.А., Шүкірбекова А.Б. Биологиялық материалдан минералдау әдісімен оқшауланатын улы және күшті әсерлі заттар тобы. Оқу құралы – Шымкент, 2012.

  2. Арзамасцев А.П., Раменская Г.В., Родионова Г.М., Кузнецова Н.И., Петухов А.Е. ТСХ-скрининг отдельных групп токсикологически значимых веществ, изолируемых экстракцией и сорбцией, 2010.

  3. Вергейчик Т.Х. Токсикологическая химия. МЕДпресс-информ, 2009.

  4. Кудрикова Л.Е., Федосеева Л.М., Кнауб В.А., Кнауб Н.Н. Токсикологическая химия. – Барнаул, 2005.

  5. Плетенева Т.В. Токсикологическая химия. ГЭОТАР-Медиа, 2005.

  6. Шүкірбекова А.Б Токсикологиялық химия Оқулық Алматы.

перейти в каталог файлов


связь с админом