Главная страница
qrcode

8 сынып Химия КМЖ. П нні аты Уа ыты Кабинет М алім Саба ты атауы Ал аш ы химиялы ымдар. Химиялы реакциялар Ма саты


Скачать 121.74 Kb.
НазваниеП нні аты Уа ыты Кабинет М алім Саба ты атауы Ал аш ы химиялы ымдар. Химиялы реакциялар Ма саты
Дата23.04.2019
Размер121.74 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла8 сынып Химия КМЖ.docx
ТипДокументы
#62588
Каталог

Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

Алғашқы химиялық ұғымдар. Химиялық реакциялар

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Химия пәні туралы алғашқы ұғымды қалыптастыра отырып, химия зертханасымен және ондағы құрал-жабдықтармен таныстыру, химиялық құбылыстарды басқа құбылыстардан ажырата білуді үйрену.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті?

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Тест құрастыру

Практикалық жұмыс.

Химия – заттарды және олардың бір-біріне айналу заңдылықтарын зерттейтін 
Рефлексия

Химия элементтерді (түсі, тығыздығы, балқу, қайнау температуралары, жылу мен электр өткізгіштігі, тағы басқа
) және химиялық қасиеттері (басқа заттармен әрекеттесу, белгілі бір өнімге айналу қабілеті) жағынан ерекшеленеді.

Заттар құрамына қарай жай және күрделі болып бөлінеді. Олардың формуласын химиялық таңбалар көмегімен өрнектеп,Зерттелетін нысанына қарай химия негізгі екі топқа бөлінеді:


Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар
Менің жаңалығым




Үйге тапсырма

Берілген тапсырманы түсіндіру

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcqpakjvssfc3jbmlb8gpfiouounxuurfkaytjtxopbfcelf0juyba
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
«Химия-заттар туралы жаратылыстану ғылымдарының бір саласы. Химия ғылымының пайда болуы, дамуы және маңызы туралы қысқаша тарихи мәліметтер. ТҚ ережесі бойынша кіріспе»
Мақсаты

Күтілетін нәтиже
Химия ғылымы туралы алғашқы ұғым қалыптастыру, химия тарихын оқып үйрену.
Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді. ,2,3,4 Ха,Хи», топқа бөлу «Кәмтиттер»,
Қызығушылықты ояту
Топқа тапсырма

Сөзжұмбақ құрастыру

Постер қорғау

Ребус
Сергіту сәті
«Халықтар» биі
Жаңа сабақ
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Тест құрастыру

Практикалық жұмыс.
Ой толғаныс

Химия ғылымының негізгі даму кезеңдері

Химия дамуының барлық тарихы оның негізгі алдыға қойған мәселесін шешу жолында әдістеме-тәсілдердің ауысып отыруымен сипатталады. Химия ғылымының даму деңгейіне байланысты материя құрылымы, табиғаттағы заттардың құрамы, олардың бөлшектері - молекулалардың құрылымы туралы ұғымдар да өзгеріп отырды.

XVIII ғасырға дейінгі химияның даму кезеңінде қажетті қасиеттері бар заттарды алу мәселелері көп жағдайда оңды нәтиже бере қойған жоқ. Табиғаттағы денелердің қасиеттерінің пайда болуы туралы екі ұдай пікір айтылған болатын. Антикалық уақыттың ұлы ғұламалары 
Ал 
Ал заттардың қасиеттерінің мәселесін шешу тәсілдері XVII ғасырдың екінші жартысында Р.Бойлдің еңбектерінде көрініс тапты.

Оның зерттеулері денелердің қасиеттері абсолютті емес, олар оны құраушы материалдық элементтердің сипаттарына байланысты екендігін көрсетті. XVII ғасырдың ортасынан XIX ғасырдың басына дейін заттардың құрамы туралы ілім барлық сол кездегі химияны қамтыды. Ол қазір де химияның бір бөлігі ретінде қарастырылады.

Химия ғылымдары дамуының екінші кезеңі немесе құрылымдық химия XIX ғасырды қамтиды. Химия дамуының бұл кезеңі өндірістің мануфактуралық сипатының техникаға, кеңейтілген материалдық-шикізат базасына негізделген фабрикалық сипатпен алмасуы арқылы сипатталады.

Сол кездегі химия өнеркәсібінде өсімдік пен жануарлардан алына-тын заттарды өңдеу орын алды, олардың әрқайсысының ерекше сапалық ерекшеліктері болды, дегенмен, құрамы бірдей: яғни көбінесе 
Ал енді, осыдан кейін заттың құрылымы деген ұғым ғылымға енді. 
Ал, зат құрылымымен таныс болғаннан кейін оны құрайтын молекулалардың атомдары қайсысы химиялық байланысқа жақсы қатысады, қайсысының қабілеті төмен деген сурақ туды. Себебі, зат құрамына кіретін барлық атомдар химиялық айналымға бірдей дәрежеде қатыспайды екен. Осыдан келіп, «реакцияға қабілеттілік» деген тағы бір ұғым химия ғылымына енді.

Өзінің екінші даму деңгейінде химия аналитикалық ғылымнан синтетикалық ғылымға айналды. Бул кезең органикалық синтез химиясының дамуымен байланысты.

Осы кезде тоқыма өнеркәсібіне арналған 
Бұл кезең — құрылымдық химия кезеңі деген шартты атауға ие болды, оның басты жетістігі — молекула құрылымы мен заттардың функционалдық белсенділігінің арасындағы байланысты анықтау болды.

Химия дамуының үшінші кезеңі — XX ғасырдың бірінші жартысын қамтиды.

XX ғасырдың алғашқы жартысындағы автомобиль өндірісінің, 
Жоғары октанды мотор отынын, арнаулы синтетикалық каучук пен пластмасса, беріктігі аса жоғары изоляторлар, органикалық және бейор-ганикалық 
Осыған байланысты, осы кезеңде химия ғылымы процестер мен заттардың езгеру механизмі туралы ғылымға айналды. Осының нәтижесінде қурылыс жумыстарына қажетті ағаш пен металдың орнына 
Егер 1935 жылы тері, резина, талшық, жуғыш заттар, лактар, олиф, сірке қышқылы, этил спирті толығымен тек жануарлар мен өсімдіктер шикізатынан алынатын болса, ал XX ғасырдың 60-шы жылдарында техникалық спирттің 100%-ы, жуғыш заттардың 80%-ы, олиф пен лактың 90%-ы, талшықтың 40%-ы, каучуктың 70% және тері материалдарының 25%-ға жуығы газ және мұнай шикізаттарынан алынды. Сонымен бірге химия жылына мыңдаған тонна малға азық-түлік ретінде қолданылатын мочевина мен белок және миллиондаған тонна тыңайтқыш берді.

Сонымен, химия өзінің дамуының үшінші кезеңінде заттар туралы ғылым емес, заттардың өзгеруі мен өзгеру механизмдері туралы ғылым болды.

Химия ғылымы дамуының төртінші кезеңі — XX ғасырдың екінші жартысы. Бұл кезеңді эволюциялық химия кезеңі деп атайды.

Эволюциялық химияның негізінде химиялық өнімдерді алу процестерінде химиялық реакциялардың катализаторларын өздігінен жетілуге жеткізетін, яғни, химиялық жүйелердің өздігінен құрылуына әкелетін шарттарды пайдалану принципі жатыр. Бұның өзін — химияны өзіндік бір биологизациялау тәсілі деп қарастыруға болады.

Ал бұл процесс белгілі бір уақыт бойында дамиды және сыртқы жағдайларға тәуелді емес. Уақыт бул жерде маңызды фактор, өйткені химиялық жүйенің эволюциясы қарастырылып отыр.

Химиялық жүйенің негізінде әлемнің химиялық картинасы қалыптасады, яғни табиғатқа химиялық көзқараспен қарау. Оның негізгі мазмұны мынандай:

тірі және өлі табиғатты химиялық мағанада қарастыра келгендегі сол дәуірдегі химиялық білімнің қортындысы;

табиғат обьектілерінің барлық негізгі түрлерінің пайда болуы мен эволюциясы туралы түсінік;

табиғат обьектілерінің химиялық қасиеттерінің оның құрылымына байланыстылығы;

табиғат процестерінің химиялық қозғалыс процесі ретіндегі жалпы заңдылықтары;

тәжірбиелік жағдайда синтезделетін ерекше обьектілер туралы білім.

50-60 жылдарға дейін эволюциялық химия туралы ештеңе белгілі болған жоқ. Жануарлар мен өсімдіктердің шығу тегін 
Расында, егер денедегі зат алмасу процесіне таза химиялық көзқараспен қарасақ (А.И.Опариннің тәжірибесін), біз уақыт тәртібін сақтайтын, өзара бір-бірімен байланысты бірнеше химиялық реакцияларды байқаймыз.

Тірі организмдердегі ереше кейбір қасиеттер, мысалы квбею, қозғалғыштық, қозу, сыртқы ортаның әсеріне жауап беру — барлығы химиялық реакциялар арқылы түсіндіріледі.

Әрине, тіршіліктің барлық құбылыстарын химиялық жолмен түсіндіру қателік болар еді, бұл тіпті дөрекі механистикалық көзқарас ретінде қарастырылатын еді. Бұған химиялық процестердің тірі және өлі жүйелердегі жүруінің ерекшеліктері дәлел бола алады.

Қазіргі кезде химия үшін биологиялық принциптерді қолдану маңызды болып саналады. XX ғасырдың өзінде биологиялық процестер үшін биокатализдің үлкен әсері бар екендігін ғалымдар түсінген. Сондықтан химиктер тірі табиғатқа катализаторлар қолдану төжірибесін жасайтын жаңа химияны шығаруды мақсат етіп қойды. Ұқсас молекулалар синтездеу принциптерін, әр түрлі қасиеттері бар, ферменттер принципімен жұмыс істейтін катализаторлар қолданылатын химиялық процестерді басқарудың жаңа түрі шықты.

БББ кестесі
Білем
Білдім
Білгім келеді







Үйге тапсырма
Берілген тапсырманы түсіндіру
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс
https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcqpakjvssfc3jbmlb8gpfiouounxuurfkaytjtxopbfcelf0juybaСмайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады
Оқу ісінің меңгерушісі:

Пәннің аты

Уақыты:

Кабинет:

Мұғалім

Сабақтың атауы

«Сарамандық жұмыс №1»

«Химия кабинетінде жұмыс жасаудың техникалық қауіпсіздік ережелерімен танысу. Зертханалық құралдармен жұмыс»

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Химия кабинетіндегі ТҚ ережесімен танысып, құрал жабдықтармен жұмыс жасау ережесін үйрену.

Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сендерге шаттық шеңбері өте ұнағанын мен байқап қалдым, біздің әр саяхатымыз осылай басталады. Күлкімізбен, жақсылықпен бөлісуді үйренейік!

Біздің күлкіміз көңілді, (қолдарын еріндерінің шетіне

жақындатады)

Жеткізсін жылу мен шаттықты. (қолдарын жүректерінің

тұсына қояды)

Бөліскен жақсы ғой өмірде, (қолдарын алға созады,

саусақтары күн сияқты)

Қуаныш, мейірім, бақытты. (қолдарын екі жаққа созады).

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Өзің қандай мәліметтер қосар едің?
Өткен сабақта саған не әсер етті?

Сергіту сәті

«Қаражорға» биі

Жаңа сабақ
Алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек.
2. Химиялық кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: бастапқы көмек көрсететін дәріханалық қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салған ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек.
3. Кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқ киімнің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек.
4. Тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек.
5. Реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласы кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған заттың дәл сол ма айқындап  алған жөн.
6. Реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін  татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе,  оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көру керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім немесе лаборант көрсетіп береді.
7. Реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек.
8. Артық алынған реактивтің қалғанын қайтадантаза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Кабинетте тек қана таза зат пен таза ыдыс қолданылатынын үнемі есте ұстаған жөн.
9.Кабинеттегі компютерді, диспенсерді тоққа қосулы қалпында қалдырып кетуге болмайды. Өшіргендігіңе көз т.т. жеткізу қажет.
10.Әсіресе қышқылдармен немесе сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс.
11. Реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылып шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі.
12. Кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер.
13.Жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықты, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен не лаборантпен келісіп алып, аластау керек.
14.Химиялық кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды, ұыздырғыш торды өшіргендігіне, т.т. көз жеткізу қажет.
15.Газ жанарғысын, спирт шамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек.
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Тест құрастыру

Сарамандық жұмыс

Рефлексия

Екі жақты күнделік стратегиясы
Кітаптағы жазбалар
Менің жаңалығым




Үйге тапсырма

Берілген тапсырманы түсіндіру

Күнделіктеріне жазып беремін

Бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcqpakjvssfc3jbmlb8gpfiouounxuurfkaytjtxopbfcelf0juyba
Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

Оқу ісінің меңгерушісі:
Пәннің аты
Уақыты:
Кабинет:
Мұғалім
Сабақтың атауы
«Заттар және олардың физикалық қасиеттері. Таза заттар және қоспалар. Заттарды тазарту әдістері»
Мақсаты

Күтілетін нәтиже
Таза заттар және қоспаларды бір-бірінен ажыратып, заттарды тазарту әдістерін үйрену.

«Серпілген сауал», «Стикердегі 10 сұрақ», «ДЖИКСО»,

«Әліпби желісі»

Психологиялық ахуал
Психологиялық дайындық

«Жүректен - жүрекке» шеңбері

– Әрбір еркелетіп айтатын есім гүлге ұқсайды. Гүлдердің бәрі әдемі: раушан да, қызғалдақ та, бәйшешек те – бәрі де өзінше керемет, бәрі де адамға қуаныш сыйлайды. Біздің есіміміз де осындай керемет!
Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Қызығушылықты ояту
Диффузия дегеніміз не?
Қандай тәжірибе арқылы көрсете аламыз ?
Диффузияның ауада таралуын тәжірибе арқылы көрсет ?
Сұиықтағы диффузия құбылысына мысал келтір ?
Жылыудың әсерінен заттың несі өзгереді оны қалай байқаймыз мысал келтір ?
 

1. Қайсысы физикалық дене?

а/ кесе, қарындаш, машина.   ә/ әйнек, ағаш, кесе, қарындаш.  б/ шыны, фарфор, ағаш.

 

2. Қайсысы затқа жатады?

а/ шыны, фарфор, ағаш.        ә/ кесе, қарындаш, машина.          б/ әйнек, ағаш, машина.

 

3. Заттар қанша түрлі күйде кездеседі?            а/ 5.      ә/ 3.         б/ 2.

 

4. Затты құрайтын бөлшектер?      а/ су.        ә/ молекула мен атом.              б/ газ, су.

 

5. Молекулалар мен атомдардың өзара араласу құбылысы?

а/ диффузия құбылысы.    ә/ байланыс құбылысы.       б/ агрегаттық құбылыс.

 

6. Судың формуласы?             а/ CO  .     ә/ H  SO.       б/ H  O.

 

7. Масаның өлшем бірлігі?        а/ кг, гр.          ә/ шқ, кг.              б/ см, гр.

 

Сергіту сәті
«Халықтар» биі
Жаңа сабақ
Қоспалардың құрамына және қасиетіне қарай әр түрлі бөлу әдістері қолданылады.

Біртекті қоспадан заттарды бөліп алу үшін қайта кристалдандыру, айдау, хроматография әдістері қолданылады.

Қатты заттарды тазарту үшін қайта қайта кристалдандыру деп аталады. Тазалық дәрежесін арттыру үшін осы үрдісті бірнеше дүркін кайталауға болады.

https://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/f/f0/magnitpen_kospadan_bolu_adisi.jpg
Магнитпен қоспдадан бөлу әдісі

Айдау әдісіformala.jpg
Қазіргі кезде ғылыми-зерттеу институттарында, өндірістік зертханаларда хроматография әдісі кеңінен қолданылады. Бұл әдіс бір заттың басқа зат бетінде әр түрлі жылдамдықпен сіңірілуіне негізделген.

Тығыздықтары әр түрлі өзара ерімейтін сұйыктықтардан тұратын коспаны бөлгіш кұйғы аркылы бөлуге болады; 
Әртекті қоспадан заттарды бөліп алу үшін тұндыру және сүзу әдістері қолданылады. Суда ерімейтін тығыздықтары әр түрлі заттардан тұратын коспаны бөлу тұндыру аркылы жүзеге асырылады. Мысалы, лай суды ұзақ, уақытқа қойып қойғанда саздың бөлшектері біртіндеп тұнады. Сүзу әдісі де қатты затты ерітіндіден бөліп алуға мүмкіндік береді, ол үшін сүзгі қағазы (фильтр), құйғы және шыны таяқша қажет. Кейбір магнитке тартылатын металдарды (ферромагнитті) қоспадан магнитпен бөліп алуға болады
.

Тазартылу дәрежесіне қарай заттар «таза», «аса таза», «химиялық» және «анализдік таза» деген сұрыптарға бөлінеді. Тазалық дәрежесі өте жоғары заттар дәлдігі аса жоғары тәжірибелерде қолданылады. Заттардың тазалық дәрежесін білудің ғылым мен техника үшін маңызы зор. Химиялык заттың тазалык дәрежесі массалық үлеспен, өрнектеледі

Оқулықтағы тапсырмаларды орындау

Дәптермен жұмыс

Тест құрастыру

Практикалық жұмыс.

boluadisteri.jpgОй толғаныс
БББ кестесі
Білем
Білдім
Білгім келеді







Үйге тапсырма
Берілген тапсырманы түсіндіру
Күнделіктеріне жазып беремін
Бағалау
Ой түйіндеу сәті. Бағалау. Көңіл күй карталары арқылы бағаланады.
көңіл күйің
түс
сабақ басы
сабақ соңы

 

 
өзіңді бағала
Көтеріңкі

Қуанышты

Жағымды

Көңілсіз

Жабырқау

 

 
қызыл

сары

жасыл

көк

қара

 
 
 
 

Кері байланыс
https://encrypted-tbn3.gstatic.com/images?q=tbn:and9gcqpakjvssfc3jbmlb8gpfiouounxuurfkaytjtxopbfcelf0juybaСмайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады

перейти в каталог файлов


связь с админом