Главная страница
qrcode

11 сынып қмж (1). Саба Органикалы химия п ні. Органикалы заттарды ерекшеліктері


Скачать 326.75 Kb.
НазваниеСаба Органикалы химия п ні. Органикалы заттарды ерекшеліктері
Дата08.10.2019
Размер326.75 Kb.
Формат файлаdocx
Имя файла11 сынып қмж (1).docx
ТипДокументы
#65575
страница1 из 22
Каталог
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22



САБАҚ: Органикалық химия пәні. Органикалық заттардың ерекшеліктері.
Күні:
Мұғалімнің есімі:
Сынып: 11
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Сабаққа негізделген оқу мақсаты
Органикалық заттарды білу;

Органикалық және бейорганикалық заттардың айырмашылығын түсіну;

Сабақ мақсаттары
Барлық оқушылар: Органикалық химия пәні нені зерттейтінін біледі.
Оқушылардың басым бөлігі: Органикалық және бейорганикалық заттарды ажырата алады.
Кейбір оқушылар: Орг заттардыңқұрылысын жазып, ерекшеліктерін сипаттай алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар:Берілген тақырып бойынша жеке көзқарастарын басқалардың көзқарастарымен салыстыра алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: Органика, бейорганика, қосылыстар, гибридтену, құрылыстар.
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер: Органика-органика-organik, бейорганика-неорганика-. Жану-горение-
Талқылауға арналған тармақтар: Неліктен бейорганикалық заттарға қарағанда органикалық заттар көп?
Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба? С атомдарының құрылысы, ерекшеліктері арқылы түсіндіремін
Жазылым бойынша ұсыныстар:Химиядан өзіндік жұмыс дәптерімен,сөздік дәптермен жұмыс жүргізу.

Алдыңғы оқу
Органикалық заттар туралы осы күнге дейінгі алған білімдерін тиянақтайды.Оларды өмірмен байланыстыратын болады.
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар

Басталуы(Кіріспе)
(5мин)
1Ұйымдастыру кезеңі

а)Сәлемдесу;

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру (ұран арқылы)

Білімді бірді жығар,білекті бірді жығар.

Топқа біріктіру; Оқушыларды топқа біріктіру үшін мозайка әдісі арқылы суреттерді қиып ортаға тастаймын. Оқушылар сол қиықтарды құрастырады. Сол арқылы оқушы білімінің бастау нүктесін анықтаймын.

Суреттерден нені көрдік?

Бұл заттар қандай заттарға жатады ?

Оқушыларды топқа біріктіру құрастыған суреттер арқылы төрт топқа бөлінеді. Біз нені еске түсірдік?

Бүгінгі сабағымыз «Органикалық химия пәні. С атомдарының құрылысы, Орг заттардың ерекшеліктері.» деп аталады.
Мозайка сурет қиындылары






Негізгі бөлім (25 мин)
1 тапсырма: «Органикалық химия пәні. » тақырыбын ДЖИКСО әдісі арқылы 1-2 топқа мәтінді бөліп беремін. Қалған топтарға сұрақ құрастыруды тапсырма ретінде беремін. Содан соң бірінші және екінші топ уақыттың шектелуімен тапсырманы жылдам орындап болған соң, сұрақ дайындаған үшінші және төртінші топпен тапсырмаларды ауыстырады. Үшінші төртінші топ берілген тапсырманы толықтырып, постер қорғайды. Ал, бірінші және екінші топ берілген сұрақтарға жауап дайындайды.

Мақсат: Жаңа тақырыптың мазмұнын оқушының түсінуіне жағдай жасау. Оқушылар арасында тақырып бойынша зерттеушілік әңгіменің жүргізілуіне жағдай жасау.

2 тапсырма: Кестемен жұмыс

Көміртек атомының құрылысындағы ерекшеліктеріне байланысты кесте ілініп тұрады.

Неліктен «көміртегі – өмірдің тірегі» - деп атайды?

3 тапсырма:Химия есептер жинағымен жұмыс.

Органикалық және бейорганикалық заттарды ажырата алу, салыстыру, көптүрлілігіне химия өнеркәсібіндегі алатын орнына тоқталу. Химиялық формулаларды пайдаланып есептер шығару. (Дарынды және талантты баламен жұмыс)

Мақсат. Оқушыны өз бетімен ізденуге үйрету,олардың шығармашылық бейімділіктері мен икемділіктерін дамыту.

3тапсырма: Тізбектелген карта.

Тақтаға терминдер жазылады, жанына бос торкөзкалдырамын. Сол бос торкөздерге балалар шектелген уақыт шеңберінде жауап жазып үлгеру қажет.

(Жану, органикалық химия, гомологтар)

Мақсат. Оқушыларды жылдамдыққа,өз ойына тез қорытынды жасай алуға үйренеді.
Флипчарт, түрлі – түсті қаламдар,


Интрбелсенді тақта, интернет желісі, көміртек құрылысы .
Инетербелсенді тақта, кесте

Қорытынды (15мин)
Оқушылар білімін кері байланыс арқылы қорытынды жасалды.

1.Сіз бүгін нені білдіңіз?

2.Сіз үшін не құнды болды?

3. Қандай тапсырманы орындау қиынға соқты?

Оқушылар өз пікірлерін айтып,сабақ қорытындыланды.

Өз ойларын білім ағашына стикер арқылы білдіру.

Үйге тапсырма. Органикалық химия пәні.


Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау. Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және қорғау ережелері

АКТ –мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс
Кестемен жұмыс.

Көміртегі атомының қозған күйде гибридтенуін түсіне алады. Көміртегі атомының көп кездесуін анықтай алады.
Бағалау парақшалары арқылы бағалаймын.

Оқушылар әр тапсырмаға бағалау парақшасын беремін. Парақша арқылы оқушы өз-өзін бағалап отырады.
Биология, математика

Интербелсендітақта.

Оқушылар топпен жұмыс жасай алады.
Рефлексия (4мин)

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен?
Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.
2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.
2.

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Сабақ тақырыбы: А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. Изомерия.
Күні: 06.09.19
Мұғалімнің есімі: Жамалиева Г.
Сынып: 11а
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
Оқуға негіз

делген сабақ мақсаты
Химиялық құрылыс теориясын түсіну.

Қағидаларын білу;

Барлық оқушылармен күтілетін нәтиже
Барлық оқушылар: Химиялық құрылыс теориясын біледі
Оқушылардың басым бөлігі: Химиялық құрылыс теориясының қағидаларын түсінеді.
Кейбір оқушылар: Алкандардың изомерін жазып, атын атай алады.
Тілдік мақсат
Оқушылар:Берілген тақырып бойынша жеке көзқарастарын басқалардың көзқарастарымен салыстыра алады.
Негізгі сөздер мен тіркестер: құрылыс, қағида, алкан, изомерия,
Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:құрылыс, қағида, алкан, изомерия,
Талқылауға арналған тармақтар:Неліктен кейбір заттардың құрамы бірдей,құрлысы әртүрлі болады?
Сіз неліктен .... екенін айта аласыз ба?Хим құрылыс теориясы арқылы түсіндіремін.
Жазылым бойынша ұсыныстар:Қағидаларды жазады
Алдыңғы оқу
С атомдарының құрылысы, ерекшеліктерін оқиды.
Жоспарланған уақыт
Жоспарланған жаттығулар(төменде жоспарланған жаттығулармен қатар, ескертпелерді жазыңыз)
Ресурстар

Басталуы

Кіріспе

(4 мин)
1Ұйымдастыру кезеңі

а)Сәлемдесу;

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

Топқа біріктіру»Атомдар мен молекулалар»


Үй тапсырмасы

5мин)
«Серпілген сауалдар» әдісі бойынша. Шарты: Екі оқушы бір-біріне доп лақтырып, сұрақ қояды және жауап береді.1.Орг хим д/з не? 2. Неліктен бейорганикалық заттарға қарағанда органикалық заттар көп? 3.Заттар жан ған да не түзіледі?

Зертх тәжірибе жасап дәлелде.

Бүгінгі сабағымыз «А.М.Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. Изомерия.» деп аталады.
Доп, кесте
Негізгі бөлім (25 мин)
«Болжау» әдісі арқылы топта талқылау. С атомдарының құрылысы, ерекшеліктеріне тоқталады. Мәтінмен жұмыс жасап,тақырыптың мағынасын ашады.Қағиданы дәптерге жазады.Зертханалық жұмыс№2Ағаш үгіндісі және мақта.Құрлысы мен ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы ашық сұрақтар арқылы тақырып ашылады.Мәтінмен жұмыс жасалады.

Қағидаларды талдау арқылы мағынасын ашамыз.

Тақырып соңындағы сұрақтарға жауап беру.1-5 жаттығулар /ауызша/ Оқушылар білімін инсерт,яғни түртіп алу әдісі арқылы қорытынды жасалады.

Шарты:Сабақтың тақырыбымен танысу барысында V-«білемін»,-«мен үшін түсініксіз»,+- «мен үшін жаңа ақпарат»?-«мені таңқалдырды» белгілерін қойып отырып оқу тапсырады.
Флипчарт, түрлі – түсті қаламдар,

Ағаш үгідісі, мақта сіріңке

Интербелсенді тақта, интернет желісі, көміртек құрылысы

Соңы (3мин)
Топтар өздері жапсырған стикерлер арқылы бағаланады. Кері байланыс БББ кестесі.Үйге тапсырмасы: А. М. Бутлеровтың химиялық құрылыс теориясы. Изомерия.Бағалау «екі жұлдыз,бір тілек»


Саралау-Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?
Бағалау. Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?
Пәнаралық байланыс

Қауіпсіздік және қорғау ережелері

АКТ –мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс





Рефлексия (4мин)

Сабақ/ оқу мақсаттары шынайы ма? Бүгін оқушылар не білді? Сыныптағы ахуал қандай болды? Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? Мен өз жосапрыма қандай өзгертулер енгіздім және неліктен?

Төмендегі бос ұяшыққа сабақ туралы өз пікіріңізді жазыңыз. Сол ұяшықтағы Сіздің сабағыңыздың тақырыбына сәйкес келетін сұрақтарға жауап беріңіз?

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алды оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1.

2.


Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?

  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

перейти в каталог файлов


связь с админом